Сабақтың түрі: ойын сабақ Көрнекілігі: сандар, геометриялық фигуралар, уақыт өлшем бірліктері



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі206,54 Kb.
#34422
түріСабақ
  1   2
Салықбаева Бейбіткүл Қажмағанбетовна,

Сәтбаев қаласының "№1 мектеп-гимназисы" КММ,



Қарағанды облысы
Апта күндері

Пәні: математика

Мақсаты: Балалардың өтілген тақырыптарды қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, алған білімдерін тиянақтау. Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын кеңейту; Балаларды ұқыптылыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: сандар, геометриялық фигуралар, уақыт өлшем бірліктері.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойындар.

Сабақ барысы:

Мазмұны

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

Іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі



-ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

-жетекші сұрақтар қояды.

Балаларды тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдеседі.


  • Ал, балалар, көңіл-күйлерің қалай?

  • Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіне сәттілік тілеймін.

  • Жаңа оқу іс-әрекетін бастамай тұрып, өткен сабақты еске түсіріп, бір тапсырма орындайықшы.

Балалар жақсы көңіл күймен келген қонақтармен сәлемдеседі.

Балалар тапсырманы орындайды.






Тұсаукесер

Оқушылар қима қағаздардан мұғалім айтқан уақытты сағатта жапсырып, көрсетеді.

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Бүгін аптаның нешінші күні?

  • Үшінші күн қалай аталады?

  • Жақсы. Ендеше кім маған аптаның толық күндерін атап бере алады. Және де сол күндерді орысша, ағылшынша аудармасында айтады екен?

  • Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтың жаңа тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Апта күндері».

Балалар үш тілде апта күндерін атап береді.




Негізгі бөлім



  • Бүгін, балалар, біз математика еліне саяхат жасаймыз. Сабақ жарыс түрінде өтеді. Сондықтан біз төрт топқа бөліндік.

Кәне, балалар, партамызға қарайықшы. Алдымызда не жатыр? Кім айтады?

Дұрыс, мозаика. Бұл жай мозаика емес екен. Сиқырлы. Мозайканың бетінде балалар, шатасқан апта күндері жазылған. Соны қазір сендер ретімен құрастырып, апта күндерін толық білесіңдер ме екенін тексерейік. Бірінші топқа қазақ тілінде, екінші топқа орыс тілінде, үшінші топқа шет тілінде, төртінші топқа аралас тілде берілген. Ал, құрастырамыз. Болған топ шапалақпен білдіреді.

Оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Дұрыс. Енді, балалар, жұмыс дәптерімізді ашып, дәптеріміздегі мозайканы дұрыс ретімен, бір түспен бояймыз.

Кәне, біз көп жұмыс орындадық. Ендеше біраз серігіп, дем алайық. Сергіту сәті. (Осы сәтте тақтаға пойыз ілінеді).

Балалар, тақтаға қарайықшы. Не көріп тұрмыз? Дұрыс, пойыз. Пойызда неше вагоны бар екен? Вагондарында не деп жазылып тұр? Кім оқып береді маған?

Бұл жай пойыз емес. Адасқан пойыз. Әр бір вагонның артында жасырынған тапсырмалар бар. Егер де біз сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, пойыз өз аялдамасына жолын тауып жетеді екен. Кәне, әр бір топтан бір баладан келіп тапсырмалар алып, оқып берсін.

1 – аялдама:

Апта күндерін керсінше құрау, атау.

2 - аялдама. Мысалдарды шығару.

3 - аялдама

Мысалдардың жауаптарына сәйкес, апта күндерін орналастыру.

4-аялдама

Берілген сағаттағы уақытты атау.

5-аялдама

Тиісті шаманы жазыңыз.

1 сағ. = ... минут 1 ай = ... күн

1 жыл = ... ай 1 апта = ... күн

6-аялдама

Төменде берілген уақыт өлшем бірліктерін өлшеу құралдарымен сәйкестендіріңіз.

Күн, жыл, сағат, минут, апта.

7-аялдама

12 ай, 7 күнді қазақша, орысша атап беріңіз. Ал төртінші топ осы тапсырманы шет тілінде атап береді



Балалар сұрақтарға жауап беріп, мозайка құрастырады.

Дәптердегі мозайкаларын бояйды.

Балалар қимылдарды қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.



Балалар тапсырмаларын алып, оқып береді. Орындарына отырып, тапсырмаларын топпен орындайды.



Топтасу мозайка







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет