Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, болжау



Дата18.11.2019
өлшемі17,38 Kb.
#52048
түріСабақ
Байланысты:
000f0e58-b6f284ce (1)

Тақырыбы: Білімді жетер мұратқа

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете алуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларыдың дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, болжау

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, қима қағаздар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Кіріспе сөз: Білімді ұрпақ ел ертеңі. Сол ұрпақ бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар. Бүгінгі білім сайысына 1-4-сынып оқушылары қатысқалы отыр. Сайыста әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берліде. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Сайыс болғандықтан, қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысқа екі топ қатысады.

1-топ – «Тапқырлар» тобы

2-топ – «Алғырлар» тобы

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Тапқырлар» мен «Алғырлар» топтарын, халайық,

Қол соғып қарсы алайық!

Сайыстың бағдарламасы:


  1. Таныстыру

  2. Кім жылдам? /10 сұрақ «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру/

  3. «Ойлы өрен» /бірнеше сөз ойлап табу/

  4. «Ойлы болсаң, озып көр» /математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сұрақтар мен тапсырмалар/

  5. «Тапқыр болсаң, тауып ал» /адасқан буындар/

  6. «Егер мен ...» /өз ой-пікірін айту/

І кезең – Таныстыру

«Тапқырлар» тобы:

Бір сыныпта оқимыз бәріміз де,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.

Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.

Құрметтеп алғырларды ой-саналы,

Тапқырлар сәлем беріп, ән салады.

Бүгінгі сайыста достарына

Қашан да тапқыр бол деп ой салады.

Біздің ұран: «Білімдіге дүние – жарық, білімсіздің күні – кәріп».



«Алғырлар» тобы:

Біз дайынбыз жарысуға, достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Шақырып жарыстарға сан-салалы,

«Алғырлар» тобы жарғалы жар салады.

Біздің ұран: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»



ІІ кезең – «Кім жылдам?»

  1. Бастауыш Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұраққа жауап береді (иә)

  2. 1 сағатта 60 минут бар (иә)

  3. Ең үлкен бір таңбалы сан 99 (жоқ)

  4. 5 санын 8-ге көбейткенде 45 шығады (жоқ)

  5. Көктемде құстар жылы жаққа барады (жоқ)

  6. 5 санын 5-ке көбейткенде 25 шығады (иә)

  7. Абай Құнанбаевтың шын аты Ыбырай (жоқ)

  8. Күзде жапырақтар сары болады (иә)

  9. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі (иә)

  10. Тоқтар Әубәкіров – ақын, жазушы (жоқ)

ІІІ кезең – «Ойлы өрен»

Берілген сөздерден бірнеше сөз ойлап табу



Атамекен Болашақ

ІҮ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр»

Әр пәннен сұрақтар қойылады.



Математика

  1. Үшбұрыштың периметрі 17 см болса, екі қабырғасы 6 см болса, үшіншісі неге тең? (5 см)

  2. 90 литр сүтті 3 литрден неше ыдысқа құямыз? (30)

  3. Шымылдық тігуге 120 м атлас, одан 46 м артық тоқыма бау және тоқыма баудан 72 м кем шашақ жұмсалды. Шымылдық тігуге неше метр шашақ жұмсалды? (94)

  4. Теңдеуді шеш: 28-х=32:4 (х=20)

Дүниетану

  1. Өлі табиғатқа нелер жатады? (жер, су, тас, т.б.)

  2. Шырынды жемістерді ата (қарбыз, қызанақ)

  3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қай күні алды? (16 желтоқсан)

  4. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)

Қазақ тілі

  1. Түбір сөзді тап: а)жаңалық ә)күй б)құрылысшы (күй)

  2. Сөйлемнен бастауышты тап: Кеше жаңбыр жауды (жаңбыр)

  3. Сөйлем неден құралады? (сөзден)

  4. Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөзді не дейміз? (баяндауыш)

Ана тілі

  1. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам (наурыз көже)

  2. Көкек айын басқаша қалай атайды? (сәуір)

  3. «Сәлем» сөзінің мағынасы қандай? (сәлем-арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан)

  4. М.Мақатаев кім? (ақын)

Ү кезең – «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Адасқан буындар



«Тапқырлар» тобы «Алғырлар» тобы

ған-Тал-қор-ды ха-ас-на

те-ма-ка-ти-ма ған-бал-дыр

тап-ха-на-кі ле-ди-те-дар



ҮІ кезең – «Егер мен ...»

Өз ой-пікірін айту



«Тапқырлар» тобы «Алғырлар» тобы

Мектеп басшысы болсам... Ауыл әкімі болсам...



Қорытындылау

Осымен ойынымыз аяқталды.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау – деп, сөз кезегін қазылар алқасына береміз.



Жеңімпаздарды анықтау

Білім артық па жоқ әлде дүние-мүлік артық па? Білім артық. Білім сені асырайды, ал дүниені сен асырайсың дей келе, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет