Рентген сәулесі және оның қасиеттері
Таиров Нұралы Абдумаликұлы
ОҚО, Түркістан қаласы, С.Қожанов №42
Түркістан медицина колледжі,
медициналық биофизика пәнінің оқытушысы
Сабақтың түрі: Тәжірибелік (онлайн) сабақ
Өтілетін орны: І ғимарат 315 компьютерлік технология кабинеті
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы білімдерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Ақпараттық ізденіс қабілетін және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттердің пән бойынша білімін тереңдету, пәнаралық байланыс арқылы өз мамандығына деген қызығушылығын ояту. Студенттердің ой-өрісін, ойлау қабілетін тереңдету.
Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін дамыту, жалпы кәсіптік бағдар беру.
Студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздығын дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке баулу, қоршаған ортадағы табиғи құбылыстарды бағалау, мамандыққа бағдарлау. Этика диенталогия ережелерін сақтау.
Студент білуі керек:
Электромагниттік толқындардың атауларын;
Рентген сәулелерінің қасиеттерін;
Рентген түтікшесінің құрылысын;
Радиациялық кауіпсіздік мәселелерін;
Флюорография әдісін;
Компьютерлік томография әдісін;
Рентген түтікшесінің медицинада қолданылуын;
Рентген сәулесінің таралу ерекшеліктерін, заттармен әсерлесуін және олардың биофизикалық әсерін;
Рентген сәулесінің медицинадағы қолданылатын салаларын.
Студент істей алуы керек:
Аппараттың негізгі бөліктерін жалғауды;
Рентген аппаратын жұмысқа дайындауды;
Рентген аппаратымен жұмыс істеу;
Рентген аппаратымен жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауды.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Интерактивті, оза оқыту, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, оқытудың ақпараттық-коммуникативті технологиялары.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдістері: Іздену, сұрыптау, сараптау, білім деңгейін бақылау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, даралап оқыту, теориямен мен тәжірибені байланыстыру.
Пәнішілік байланыс:
- Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі және медицинада қолданылуы;
- Жарықтың кванттық қасиеттері, молекулалардың спектрлері туралы түсінік;
- Радиоактивтік ядроның ыдырауы және оның заңдылықтары.
Пәнаралық байланыстар:
Қамтылатын пәндер: Физика, математика, информатика
Қамтитын пәндер: Терапия, қалыпты физиология, отоларингология, урология, хирургия, стоматология
Сабақтың жабдықталуы:
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:
«Аktubrentgen» құралы, Оpera R120 құралы, компьютер, принтер.
Үлестірме материалдар: Жұмыс дәптері, тест сұрақтары, сөзжұмбақ, слайдттар, бейне таспа.
Техникалық оқу құралдары: Компьютер, интерактивті тақта, CD, DVD дискілері.
Сабақ барысында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар:
Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ -Алматы: Қарасай, 2010ж.
2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/ – Алматы, 2010 ж.
Қосымша әдебиеттер
1. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған
оқулық Алматы: Мектеп 2001 ж.
2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992 ж.
3. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001 ж.
WEB сайттары тізімі: www.google.kz, www.fizica.ru, www.e-gov.kz
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөліп, студенттердің зейінін сабаққа аудару.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин - Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
(Бүгінгі біздің тәжірибелік сабағымыздың мақсаты - рентген сәулелерінің қасиеттерін біліп, онымен жұмыс жасауды үйрену. Осы мақсатқа жету үшін бүгін сабақты мынадай жоспармен өтеміз. Бірінші теориялық білімді сұрақ-жауап беру арқылы бағалаймын. Екінші осы тақырыпқа байланысты тест орындаймыз. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіремін және оны біз тәжірибе жүзінде орындайтын боламыз. Келесі, бізде суреттерді нөмірлері арқылы дұрыс жауаптарын табу мақсатында сәйкестендіру тапсырмалары және тест тапсырмалары арқылы бекітеміз. Жоспарланған әрбір кезең бағаланып отырады)
Бағалау параметрлері
№
|
Аты жөні
|
Студент-тердің теория-лық білімін сұрақ-жауап арқылы бағалау
|
Студент
тердің білім деңгейін тест орындау арқылы бағалау
|
Тәжірибелік білімді пысықтау
|
Жалпы бағасы
|
Тапсырмалар
|
1 /флюорографияға түсіру/
|
3
/суреттерді атаулармен сәйкестенді ру/
|
4
/ тест тап
сырмасын орындау/
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ жоспары мен хронокартасы
№
|
Мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, студенттерді түгелдеп, журнал толтыру, бағалау параметрлерімен таныстыру)
|
2 мин
|
2
|
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру
|
3 мин
|
3
|
Студенттердің теориялық білім деңгейін сұрақ-жауаптар беру арқылы бақылау /сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу/
|
25 мин
|
4
|
Студенттердің білім деңгейін тест тапсырмасын орындау арқылы бағалау
|
10 мин
|
5
|
Баға қою және түсінік беру
|
5 мин
|
6
|
Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау /сабақты қайта демонстрациялау мақсатында бейне таспадан үзініді көрсету/
|
30 мин
|
7
|
Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру
|
5 мин
|
8
|
Студенттердің тәжірибелік білімдерін пысықтап, орындалуын бағалау
(қалалық аурухананың флюорография кабинетінде, тест және тапсырмалар арқылы білімдерін пысықтау)
|
70 мин
|
9
|
Сабақты қорытындылап, бағалау
|
5 мин
|
10
|
Үйге тапсырма беру
|
5 мин
|
3. Студенттердің теориялық білім денгейін бақылау 25 мин - /Ал енді сабағымызға көшейік сіздердің теориялық білім деңгейлеріңізді сұрақ-жауап беру арқылы бағалаймын./
/ Сұрақ-жауабымызды аяқтадық, енді сабағымызды ары қарай пысықтау мақсатында сіздермен осы тақырыпка байланысты сөзжұмбақты шешеміз/
|
|
1
|
|
|
|
|
|
3
|
Р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Е
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
Н
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Т
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Г
|
|
7
|
|
5
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Н
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
О
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
|
С
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
К
|
|
|
|
|
|
|
|
|
О
|
|
12
|
|
|
|
|
|
|
|
|
П
|
|
|
|
|
|
|
11
|
|
И
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Я
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тігінен:
Көрінетін жарықтың қай түсінің толқың ұзындығы ең қысқа. 2. Рентген түтікшеде электрон немен соқтығысады.
3. Уақыт бірлігінде қайталанатын тербелістер қандай шамамен сипатталады.
4. Жиіліктін өлшем бірлігі.
Колденнен:
Теріс зарядталған элементар бөлшек
Х- сәулені ашқан ғалым
Осы әдістің көмегімен зерттелетін нұсқаның кеңістіктің үш өлшемді бағытындағы кескінін алуға болады.
Бұл әдісте зерттелінетін заттың кескінін үлбіге (пленкаға) түсіріп алып, оны ұзақ уақыт құжат ретінде пайдаланады.
Флюоросценттік экрандағы кескінді шағын өлшемді фотоүлбіге (фотопленкаға) түсіріп алу әдісі.
8.Энергиянын өлшем бірлігі.
10. Жарықтың бөлшегі.
11. Иондалу дозасынын өлшем бірлігі.
4. Студенттердің білім деңгейін тест тапсырмасын орындау арқылы бағалау 10 мин-
/ал енді, сіздердің теориялық білімдеріңізді тағы да тест тапсырмасын орындау арқылы пысықтап бақылаймыз. Тест орындауға 10 минут уақыт беріледі. Егер 10 минут ішінде үлгермегендеріңіз болса, баға көрсеткіші төмендетіледі. /
5. Баға қою және түсінік беру 5 мин – Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген тест жинағы бойынша алған білімдерін бағалау.
/теориялық білімдеріңіді тексеру барысында алған бағаларыңыды қойып шығайын/
6. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау 30 мин - / интерактивті тақтадан слайдтарды көрсете отырып, тәжірибелік сабақты түсіндіру. /
Өткен теориялық сабақтарда біз медицинада атом мен ядролық физикалық факторларды диагностика мен емдеу ісінде қолданады деген болатынбыз. Соның ішінде диагностикалық бағытта қолдану В.Рентгеннің 1895 ж. Х – сәулесін ашқандағы туралы мәлімдемесінен басталады және ол рентгендиагностика деп аталады.
Рентгендиагностика мынадай түрлерге бөлінеді: рентгенография, флюорография, электрорентгенография, рентгеноскопия және томография. Бұл диагностикалық әдістердің бір бірінен айырмашылығы алынган кескінді – рентгенограмманы бақылау мен тіркеуде ғана, ал кескінді алудың физикалық негізі барлығында бірдей.
/Ал біздің бүгінгі тақырыбымыз рентген сәулесі және оның қасиеттері жайында толық мәлімет білетін боламыз. Интерактивті тақтаға назар салсаңыздар деймін./
Бейнетаспадан үзінді:
Бұл бейнетаспадан біз санды флюорография аппараттарының жұмыс істеу әдістерімен танысамыз. Осы әдісте науқастан өткен рентген сәулелерді тіркеу үшін сызықты кремний детекторы пайдаланылады. Детектордың ұзындығы 550мм. Өкпенің кескінін алу үшін, рентген түтікшеден шықкан сәуле саңылаудан және денеден өтіп детектордын бетіне түседі. Детектор түскен сәулені электрлік импульсқа түрлендіріп компьютерге жібереді. Компьютерде сигналдар бейнеге түрленеді де экранда кескін пайда болады. Осылайша пайда болған кескінді қағаз бетіне түсіруге болады және интернет желі арқылы жіберуге де болады.
7. Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин - /енді біз тәжірибелік сабағымыздың екінші жартысын қалалық ауруханада өткізетін болғандықтан, қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз/
Қауіпсіздік техникасы ережелері
Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пунктерге бөлуге болады;
Жалпы;
Жұмыс кезендегі;
Апатты жағдайдағы;
Жұмыс аяқталғандағы;
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:
1. Рентген аппараты тұрған бөлме қаранғы болуы тиіс. Пациенттерді, рентген аппаратымен жұмыс істейтін дәрігерлерді рентген сәулесінен қорғау мәселесіне де жеткілікті түрде мән беру қажет;
2. Жұмыс уақытында қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай сақтау керек;
3. Зертханадан шықпай құрал-жабдықтардың жұмысын қадағалау керек;
4. Тәжірибе жұмысы кезінде студент өзінің түткіш аспаптар жинағы жабдықтарына физиологиялық ерітінділерге тиім салу керек;
Зертхана жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Тәжірибе жұмысы барысында медициналық форма киімдерін ескеріңіз;
2. Мұғалімдің рұқсатысыз құрал – жабдықтармен жұмысты бастамау керек;
3. Құрал – жабдықтарды электр тогына жалғағанда оң зарядымен теріс зарядын оз орнына қойып жалғау керек;
Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:
1. Электр жарақатының барлық физиотерапиялық аспап – жабдықтарын және олардың бір сым ұшының қате қосылуын тексеру керек;
2. Құрал – жабдықтардың тізбектей қосылуы және параллель қосылуы, бір біріне қарама- қарсы жалғанса, жұмыс істемейді, яғни электр тогы жалғанған сымдары бірден қызып жұмыстан шығарады;
3. Электр тогымен зақымданудан қорғау әдістеріне байланысты барлық аппараттар 3 – классқа бөлінеді; 1 класс – қорғаушы жермен байланысқан; 2 класс – қорғаушы бөлектенген; 3 класс – бөлектенген төмен кернеулі ток козінен қоректенеді;
4. Құрал – жабдықтар қатты қызғанда тез электр тогынан ажырату керек;
Зертханалық жұмысы аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің айтуы бойынша құрал – жабдықтарды ток көзінен ажырату керек;
Зертхана кабинетін ретке келтіру керек;
Әр зертхана құжатталған, сонымен катар еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығы және өрт қауіпсіздігі ережелері бар.
8. Студенттердің тәжірибелік білімдерін пысықтап, орындалуын бағалау - 70 мин
/қалалық ауруханада флюорография кабинетінде студенттер бір-бірін флюографияға түсіру арқылы және рентген кабинеттінің жұмыс жасау принциптерімен танысады. Тәжірибелік дағдыға берілетін уақыт 45- мин.
/Ал енді, біз көрген, жасаған жұмыстарымызды тағыда пысықтап өтейік. Барлығымыз орындарымызға отырайық. Жұмыс дәптерлеріңізді ашып, келесі тапсырманы орындауға кірісіп, суреттердің мағынасына қарай дұрыс сөздерді қойып шығу./
/ жақсы тапсырмаларымызды тексеріп болсақ, келесі тапсырма бізде тест орындаймыз сіздерге берілетін уақыт 10 мин тесттің сұрақтары күрделілеу./
9. Сабақты қорытындылау 5 мин - Студенттердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау. / Ал енді сабақты қорытындылайық, біздер бүгінгі сабақта не үйрендік нені білдік? Біріншіден рентген аппараттарының жұмыс істеу принциптерін, орындалу сатыларын, рентген сәулелерінің қасиеттерін, қолдану салалары туралы толық мәлімет алдық деп ойлаймын. Сабағымыздың қорытындысына келетін болсақ, сабақ барысында алған бағаларыңызды мына кестеден көрулеріңізге болады.Бағалау кестесін электронды пошталарыңызға жіберемін. Ал қазір қорытынды бағаларыңызды айтып шығайын.
10. Үйге тапсырма 5 мин – Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар және тапсырмалар беру /келесі сабақтың сұрақтарымен тапсырмаларын және бағалау кестесін қоса электронды пошталарыңызға жіберемін /
Тақырыбы: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Радиоактивтілік.
Альфа ыдырауы
Бетта электрондық ыдырауы.
Бетта позитрондық ыдырауы
Гамма ыдырауы
Жасанды радиоактивтілік
Табиғи радиоактивтілік
Ыдырау кезеңі
Жартылай ыдырау кезеңі
Атом энергетикасы
Қосымша:
- Өз бетінше іздену. Альфа, Бетта және Гамма шағын топтары арасында зерттеу және ой бөлісу туралы қосымша мәліметті интернеттен, баспа беттерінен іздеп, дайындап келу. Тақырыпқа байланысты слайдттар, бейне-роликтер дайындап келу.
Медициналық биофизика пәнінің оқытушысы
Нұралы Абдумаликұлы «Рентген сәулесі және оның қасиеттері» тақырыбында ашық тәжірибелік
“Online” сабағынан көрініс
Достарыңызбен бөлісу: |