Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық немесе дүниежүзілік желілер деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі
Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet –бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемін тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Интернетте ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.
World Wide Web
Интернеттің қызметтерінің бірі World Wide Web (қысқаша WWW) басқаша Бүкіләлемдік өрмек деп аталады.
WWW-тегі ақпарат гиперсілтемелер түрінде ұсынылады.
Басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтін гиперсілтеме деп аталады. Гиперсілтемелер бір бірімен байланысқан құжаттарды тез қарап шығуға мүмкіндік береді. Гиперсілтемелермен байланысқан құжаттар жер шарының кез келген жерінде орналасуы мүмкін
Мысал: Жолбарыс (гиперсілтемесі жоқ мәтін)
Жолбарыс (гиперсілтемесі бар мәтін)
Әрбір веб-құжаттың өзінің бірегей мекен – жайы
URL (ағыл. Uniform Resourse Locator) бар, оны желіден осы мекен-жай бойынша тауып алуға болады.
Веб-құжатқа арналған URL-дің мысалы:
http://www.tnt.ru
Үйшік Интернет желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті ( . kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua Украина, .uk –Ұлыбритания, .fr - Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu - білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с) білдіреді.
URL адрес
HTTP
Гипермәтінді
тасымалдау
протоколы
атауы
Үйшік
(домен)
Интернеттің пайдасы
1. Байланысқа кіру. Ғаламтор- байланысқа кірудің жаңа бір түрі.
2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылар санының уақыт өткен сайын өсуі.
3. Қатысу. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдам түрі.
5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі.
Шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.
Денсаулыққа зияндығы
Қарым – қатынас
Адам психологиясына әсері
Уақытты тиімсіз өткізу
Интернетке тәуелділік
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.