«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-ң
«Шалқар ауданындағы психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті» КММ -сі
Бимахан Нұрслу Ұзақбайқызы – мұғалім –психолог
Сабақтын тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Жыл мезгілі туралы білімін толықтыру. Танымдық процестерімен ұсақ
моторикасын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, сюжеттік сурет, түрлі –түсті бояулар.
1.Сәлемдесу:
Сәлем деген күнге мен
Сәлем дейін сендерге
Сәлем дейін апайға
Қонақтарға, құстарға
2.Жұмбақтар шешу арқылы тақырыпты ашу:
1. Гүл-гүл жайнап жер аспан
Гүлдейді сайда, өзенде
Гүлжазира жарасқан гүлдерімен
Қарға кілем жайылды.
2. Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
3.Сурет бойынша көктем мезгілін әңгімелеу.
4. Көктем аруының хаты бойынша тапсырмалар орындау.
1 тапсырма: «Сөзді есіңде сақта» ойыны
Көктем- жаңбыр
Аспан-бұлт
Ағаш-жапырақ
Жаз-күн шықты
Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Жерге ырғалып жайқалған
2. тапсырма : Дидактикалық ойын : «айырмашылығын тап»
3. Схема бойынша тапсырма
4.тапсырма: « Суретшінің қателігін тап»
Сергіту сәті : «Қисық сегіздік»
5 тапсырма: «Сөзжұмбақ шешу»
Көктемде күн ұзарама, түн ұзарама?
Көктемде не қаулап өседі?
Наурыз айында пісіретін ұлттық тағам?
Жылдың неше мезгілі бар?
Ақ тонын не шешеді?
Көктемнің соңғы айы?
6. Қағаз бетіндегі дайын ағаш бұтағын көктем мезгіліне сай безендіру
7.Қорытындылау :
1.Көктем мезгілінің қандай ерекшелігі бар?
2. Сабақ саған ұнады ма ?
8.Үйге тапсырма : М.Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңін мәнерлеп оқып келу
Достарыңызбен бөлісу: |