Байланысты: Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелер
Саламатсыздар ма құрметті студенттер! Сабақтын тақырыбы: Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелер.
Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Қай қоғамның да негізгі экономикалық проблемалары: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек? Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.
Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.