Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы



бет5/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,51 Mb.
#4694
1   2   3   4   5   6   7

Әңгімеге арқау тәмсілден; «Ілгері заманда жер басып жүрген әулиелер көп болса керек. Сондай бір адам құдаймен тілдесіп: «Құстардың, жан-жануардың тілін түсінетін қасиет дарыт» деп жалынады. «Ол неге керек?» деп Жаратушы көнбейді. Аңғырт адам «Қызық көремін» деп жалынып болмаған соң Жаратушы Ие амалсыз тілегін қанағаттандырады. Нәтижесінде әлгі жан айналасындағы жаратылыстың тілін түсінеді. Бір күні есігі алдында дарақта қонақтап отырған екі шымшықтың сөзіне құлақ түрсе: -Ертең қожайынның сиыры өледі. Бұзауы жетім қалатын болды. Науасына салған жемінен нәпақа айырып жүр едік, енді қайтік?-деп отыр екен. Мұны естіген үйдің иесі сиырын базарға шығарып сатып жібереді. Арада біраз күн өткенде үйдің ашылған есігіне қос қарлығаш қонақтап отырып: -Жақында қатты нөсер болады. Мынау үйге найзағай түсіп, өртенді. Қабырғаға салған ұямызды қайттік?-деп шырылдайды. Бұндай жаманат хабардан үрейі ұшқан әлгі жан үйін жалма-жан сатып, басқа жерге қоныс ауыстырады. Жаңа қонысы көңілінен шығып, айналасына, ауласына күтіп- баптап қарайды. Базардан сиыр сатып әкеліп, жемдеп байлап баға бастайды. Бір күні ауласында қайдан ұшып келгені белгісіз бір сауысқан: -Ұзамай осы үйдің қожайыны өледі, жемдеп бағып жатқан сиырын жаназасына сояды. Қан-жынға бір тоятын болдық,-деп шықылықтап жар салып жүр екен. Әлгі адам бұл сұмдық хабарды естіп, жан ұшыра Құдаймен тілдеседі. –О, Құдірет, жан-жануар мен құстардың тілін білетін қасиетті бекер сұраған екенмін! Келетін ажалды күні бұрын сұраған екенмін! Келетін ажалды күні бұрын есітіп қиналудамын!-деп жылайды. Сонда ұлы Жаратушы: -Істеген күнәңа орай басыңа шығын ауырпалық түскенде оны сиырыңа аударып күнәңді жеңілдетпек едім, сен сиырды сатып күнәңді ауырлаттың. Сосын үйіңді өртеп құтқармақ болғанымда қоныс аударып өзіңді ажал аузына тастадың. Егер әу баста сиырыңды сатпағанда барлық ауырпалық сол қарамен кетер еді де ісің алға басар еді,-депті.» Бұл мысал көп діншілердің тағдыр өзгермейді жазулы қалпында, адам баласы соған көніп намаз оқып жалбарына берсе болды деген жалпы исламдық надандыққа жауап та болады. Ал бүкіл елдің тағдыры да өткен ата-бабаларымыздың көкте өсірген бақшасынан берілген несібе сол кейінгі ұрпақтың хал ахуалынан көрініп, осылай бес күнмен жалғанып отыру шарт. Сондықтан адамзатқа берілетін несібе тылсым сырының құстар тілі «құс жолынан» хабар арқылы заман тағдырының өзгерісі сыйы беріледі. Оны Құранда адамзаттың ортақ несібесі 4-санымен, «Ниса» сүресінде; «Ол қауымды (халықты) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт етесіңдер. Алла (Т) толық білуші, хикмет иесі.» (4-104) Араптарға ұқсас таза дін жолында соғысушы халық бар екендігі және олар нығметті басқа елден іздеп, негізінде өз іштерінен шығып, әлем күтпеген тосын сыйға ие болатынын ескерткеннен кейін, көптеген сахабалардың қазақ жеріне қоныстануымен және Арыстан бабаның арнаулы пайғамбарымыздың аманатын Ясауи бабамызға тапсыруын осы аят растайды. Сол нығмет «діни сауатсыздарға» ғылымның келіп, ашық кітаптардың ашылып оқыла бастауымен яғни құс тілімен тылсыммен сөйлесу күтпеген жерден бақ болып қонып, арамыздан елші шығып, бірақ аманаттан қашқан сиыр егесіне ұқсап, қазіргі таңдағы болып жатқан, және бар қазақты күтіп тұрған, аяндармен, батамен ескертіліп, әрбір пенденің таңбаланып, я бақ, я сор азаптың аузында тұрғанымызды көбіміз білмейміз. Ештен қашанда кеш жақсы –деген аталарымыз. Егер армыздағы, ел басшы, дін басшы, әкім қара, ғалымдарымыздың қазақ деген жүрегімізде қышадай иманы қалғандарымыз болса, тәккапарлық білімпаздығымызды жеңіп, өнегелі үлкендерімізге құлақ түріп, өз салтымызға қайта алсақ, «Адасқанның айыбы жоқ қайта үйірін тапқан соң!» деген ортақ пәтуаға шақырғанымыз деп қабылданса екен!

Түсімен енген; Мұтылған қазақтың қара шалдарынан аманат.



Киелі кітаптардың насихатына жүгінсек адамзаттың өсіп, өніп өркен жайуы үшін екі түрлі ғылымды беріп қойғанда ортасы сол ғылымнан алған білім болып табылады. Тіршіліктің нәрі, өмірдің ақ бастауы, дін ғылымынан басталып, сол ғылымның білімін оқып түсіндіретін жаратқаннан елшілерін заманына қарай жіберіп отырады. Ал өмірдің, жаратылыстың бізге айқын болған көрністерін меңгеріп, соны адамзат игілігіне қызмет етуге бағыттауға тіршіліктің, жаратылыс ғылымын меңгеріп оны білімге, өндіріс күштеріне түрлендіру ілімін- кітаби ғылым дегеніміз абзал. Бізге құпия болмыстардың білімін меңгеруді ілім деп, ал белгілі болған ілімдердің ішкі сырын меңгеруді білім деп атау қалыптасқан. Ілімді меңгеру үшін тілді яғни жаратылыс тілін, тылсымның құпия тілін меңгеру керек. Ондай дәрежеген жетуге әр халықтың тіліне, ұлтына қарай орындайтын дін қағидалары бар. Ол қағидаларды дұрыс орындап, кемелдікке жеткен адам жерге және көке жалғанып, әулие-әмбилермен, пайғамбарлармен қасиетті, ғылымды меңгерген ата-бабаларымен байланысқа түсіп, солардың жаратқаннан алған сый кітаптарын аян, уахи, түс көру арқылы құпия сырларын меңгеріп, жаратылыс біліміне айналдырып, яғни тілден, үннен енді сөзге тұрақтандырады. Бұндай жағдай тек жаратқаннан берілген киелі кітаптардың белгілі шектерін орындау арқылы және кітаптағы аяттардың құпия сырларының, насихатының көрінуі арқылы жүзеге асады. Соған байланысты адамзаттың өркендеуі яғни ғылыми жетістіктердің пайда болуымен тұрмысқа дүние тіршілігіне байланысты өндірістің дамуын туындатады. Бұл әрбір халықтың рухани байлығының жетістігі. Көктен алған ата-бабасынан мұра рухани байлықпен жер өнімдерін өңдеуді, пайдалануды жетілдіріп отырамыз. Ал енді аспан байлығына жете мән бермей тек жерге ғана үңіліп, өзге жұртың жетістігін қайталап, немесе тек берілген сынақ білімнің, дүние ғылымының соңына түсіп кеткен елдердің көктік қазынасы азайған шақтан бастап, ондай елдерге түрлі сынақтар мен жер, су, от апаттары және індеттер, өз-ара соғыстар, қан төгістер пайда болып, жинаған дүние байлығын қайта шашып болмаса тегіс бір ұлтың, ұлыстың, елдің жер бетінен азып, тозып жоғалуына себеп болады. Оған дәлел; жапон елі әлемде дүние ғылымының жоғары жетістігіне шығып, бірақ рухани көктің байлыққа мән бермей европа, америка сияқты елдердің салтына бой ұрып, ұлтық болмысы әлсірегеннен, болып жатқан жағдай бүкіл әлемге де ескерту. Сол сияқты рухани байлық жинаймыз деп ақирет, жан ғылымының соңына түсіп, тек намаз оқуды ту қылып, білімге және дін ғылымына мән бермей, діннің ірге тасын ғана қалап, қабырғасын тұрғыза алмаған ислам елдері де азып, тозып қан төгіске ұшырауда. Енді қандай сынақтардың келе жатқанын Бір Аллаға мәлім. Осындай жеңіл белгісін біздерге және әлемге көретіп жатқаны Құдайдың әділ сотаушы екендігіне дәлел емес пе? Енді қазақ еліне де елші келіп, көптеген халық өзінің ұлтық бейнесін тауып әулие-әмбилер, Алланың сүйген құлдары бәрі болмаса да шамалысы еске алынып, халықтың шамалы бөлігі болса да Алланы еске алуды тұрақты түрде қолға алғаннан кейін, көктің есігі ашылып, жерімізде тату-бейбіт өмірдің болуымен өндірісіміз дамып, алдыңғы қатарлы дамушы елдерге айналу мүмкіндікке жете бастадық. Бірақ біздердің білмейтін, сенбейтін екінші жағдай ол, ұлтық рухани қазынамыздан күн санап азайып, арты қайғы –қасіретке, індеттермен апатармен сыналуға өзімізді-өзіміз соған бағыштап келеміз. Иманды іздеп, мешітер салынып, жастарымыз намаз оқып, құранды жатап алғанымен одан ұлтық сана қалыптаспайды, рухымыз кемелдік дәрежеге өспейді. Халқымыздың ел, мәдениет басшыларынан бастап, шет жұртың еркіндік, дінсіздігіне еліктеген ар мен ұят атты қасиеттен жұрдай болып, көшеміз түгіл, киелі орындарымызда да арамдап жатқан, ұятсыздық пен арсыздық әрекеттердің жауабы дайын, жазаларыңды беремін деген жаратқанның белгісі түссе де, керісінше ұяла білгенді, ұлтық болмысын іздегендерді басшыларымыздан бастап, білімділеріміз қоштап, қудалаудан жалығар емеспіз. Әйелзатынан ұят кетсе, қуаты да қоса жоғалып, бүкіл сол елдің өмір жасы қысқарып өлімнің, ажалдың үстемдігі орнап, әйел затарының, тіптен кәмелет жасқа жетпеген қыздарымыздың ел алдында жалаңаштанып, қасиетті әуреттерін сұқтандырып, көрінбейтін өрістегі жындармен жыныстық тұрақты қатынаста болғасын, иістеніп сасық иістері, қоршаған ортаны бүлдіріп, деммен бірге еркектерге, тағамдарға еніп, онан нәр алған жалпы адамзаттың ішкені ірің, жегені желімге айналары даусыз. Болып та жатыр. Ұятсыз, арсыз жұбайынан төсек арқылы іріңді ішкен ерекектер түрлі ит ауруына ұшырауда. Ал арсыз әке, ұятсыз анадан шала жетілмей туған бала, және ана сүтінің иістенген желімін жеген ұрпақтарымыз дүние мас, жын шайтанды дәріптеп, намаз оқи бергені рухани өліп, қалғандары тірі өлікке айналып, ал рухани тірілгендерін ел тұтқасын ұстағандарымыз сырттан алған, ойдан шығарған «ата заңымызбен» рухтарын қолдан өлтіріп жатқан жайымыз бар. Пайғамбарымыз қандайда бір адамның, мейлі қай дінде, ұлтта болмасын, тек екі аяғымен, екі ерін арасындағы мүшесін күтіп, тәрбиелей білмесе наданға айналып, тозақтық болатынын қатаң ескерткен. Тәннің арсыздығы жер рухын өлтіріп, жер ананың назын туындатаса, тіл-сөз арсыздығы көктің біртұтас адамдардың лағнетін келтіреді. Бұндай жағдай бұрынғы замандарда болған, жер бетіне келген апатармен жоғалған нәсілдердің қазақ қанынан да бой көрсетіп, жалпы әлемге келген сынақтардан біздерде өз үлесімізді алуға тиіспіз. 1640-1710-шы жылдары күннің бетіндегі дақтар жоғалып кетіп, бүкіл жер әлемінде қатал қыс, тосыннан қар басып, жер әлемінің негізгі тұрақты жылуы 1*-бірлікке төмендеген. Және әртүрлі магниттік-қыбылнама өрістері пайда болып, жер бетінде түрлі дауылдар, жер сілкіністері, жанар таулардың оянуымен, аштық, аурулар 70-жылға дейін созылған. Ал енді қазіргі уақытта да күннің дағы жоғалып, уақыттың қысқаруы және түрлі дауыл мен қыбылнама өрістерінің пайда болғанына, қыстың өзгерісіне әлем куә болып отыр. Бұл жаратқанның әлемді жайлаған арсыздықпен, жалпы халықтық ұятсыздықтың себілген дәні өнімін беріп, жемісін ел болып жейтін мезгіл келді деген белгі. Тек әркім өз еккен күнәсәнің жемісін өзі татып, әсіресе ел тұтқасын ұстағандар алдымен көріп, естерін жинаса деген қарпайым қазақтың арманы ғана болып тұр. Өмір мен өлімнің арпалысынан, халықты қандай жағдайда да осындай құрдымға құлайтын ордың үстінен салынған «сират көпірінен», тар ізбен, сынақтардан алып өтетін ортақ туы болған. Сол тудың астына біріккенде ғана көп шығынға түспей, елді сол көпірден алып өтуге болады. Бұған тек Абай атамызда; «Бүкіл үй ішіңмен ауырғаның дұрыс па? Әлде араларыңнан біреудің сау болып қызмет жасағаны дұрыс па? Немесе көп болып адасқан дұрыс па? Болмаса араларыңнан жол білетін біреудің болғаны дұрыс па?» деген өсиетінің өзі жеткілікті ақылы сау адамға. Ал ақылды сауықтыру үші сөз түзелу керек, сөз түзелмей ел түзелмейді. Сөзді түзеу үшін әуелі қаныңа жақын ана тілді толық меңгеру керек. Ал қанша тілді меңгер, бірақ арсыз ұятсыздық тәніңде орын алса жүрек жабық, құлақ естімейді, көз көрмейді бәрібір тамақ жеп жақсыны алып, жаманды шығаратын хайуаннан айырмаң шамалы ғана. Қазақтың ел ағаларының құлақтары созылып, түс көруден қалып, көрседе шайтанға балап, сонан жаратқаннан жібінен айрылып, жүректерінің перделенгені соншалық, көше түгіл елге ақыл айтаттын өздері пәтуа шығаратын қасиетті орындардың, мәдени, емдеу, сауықтыру орындарының өзі көпшіліктің моншасы немесе жын шайтанның әжетханасына айналғандай. Бұл қазақ зиялыларының жүректерінің кірлеп, жақсы мен жаманды ажыратудан қалып, кісілікпен, парсатылықтан, зайырлықтан жұрдай болған, «дүние мастықтарының» Абай атамыздың «Мақсұт» туралы әңгімесіндегі аспаннан жауған жынды суды ішкен ел басшыларынан бастап, жабылып жалаңаш жынды биін билеп құрдымға кеткен елдің, қазақ елінде орнаған нақты бейнесі. Әйел бала, еркек қырыққа жеткенше бәрібір балалығы қалмайды. Бала жын періштесі. Азғыруға түссе оп-оңай шайтанның сыбайласы болып шыға келеді. Әйелдің де, баланың да періштелігін жетілдіру үшін бағып қана қоймай, шектеп қағыпта отыру керек. Қалай қағуды тек таза дін ғана үйретеді. Қазақта әйел заты түгіл еркектің өзі көшеде көпшілік алдында жалаңаш тәнін көрсетіп немесе жалаң бас, жалаң аяқ жүруді әбестіке санаған. Ұлтық құндылығымызды, мәдениетімізді, әдебімізді қалпына келтіріп, ұрпақтарымызды алдағы сананы тазартатын, бүкіл адамзатты алдағы, жаңа белес киелі табалдырығынан аттатын, болмаса әлемдік жұтылуға түсетін, апаттардан сақтау үшін, ондай мазақ еткен шайтан адамдарын жазалайтын ата заңы керек! Отбасының құндылығын, әйел мен еркек арсындағы әдебі мен, әке мен бала, шешемен қыз арасындағы ұлтық құндылықты, жан ұяның ішкі ата-заңын, дәстүрін қалыптастырмай, отан қадірі, ел қадірі, жер қадірі ұлтық рух, сенім, сана деген бос әңгіме. Қазіргі заман білімінің ақпарат соғысының дәуірі. Ал әйел затының ішкі құпия сырлары тәнінен оқылады. Құпия сырдың тылсымға оқылғанынан, адамдық ақпараттық, қасиет, қабілеттік белгілеріне қарсы қара күштердің де адам баласына билік жүргізуіне мүмкіндікті өзі береді. Басқа келер бәле тілден болса қалған мүшелерге келер бәле ұятсыздықтан. Сондықтан қазақ үшін ана тілінің туын көтеріп, мәдениетке, ақпарат өкілдеріне қатаң талаптар қойылып, ұятсыздықтарды, арсыздықтарды тек заңмен жазалау арқылы тоқтату керек. Және тіл ғылымының иниститутына барлық ғылымның да, мәдениет ұжымдарының, білім беру, діни ұйымдарын қадағалау өкілеттігін беру қажет. Тіл ғылымы бар ғылымның басшысы болып және әлемдегі барлық тілдердің елшілігін ашып, соған тапсыру керек. Арап халқын құранға куәлікке жаратқаннан тағайындалғанын мойындап, сол құранды жұлмалап, немесе төтелеп аударып жүргендерді әуелі, қазақ тілінен тіл иниститутында қорғап, ғалымдар пәтуәсін алып барып, сонан кейін арап ғалымдарының елшілігінің алдында қорғап барып, құранды немесе басқалай пайғамбар өсиеттерін аударуға ұлықсат берілу керек. Қазаққа дінді, намазды, масхабты үйрететін мектептер немесе басқалай инуститутардың түкке де керегі жоқ. Дін білімділікті меңгеру жолы. Дін әр халықтың ұлтық тәрбиесі. Діннің білімі бесіктен тіл алғыштықты, бесік жырымен үйретуден бастап, мектеппен бағытталып жетілдіреді. Мектеп мешітің ірге тасы. Мешіт дін заңдылығын жетілдіріп, кітап үкімдерін қадағалаушы жаратқан мен арадағы куәлікте тұрушы құлшылық орнының бірі ғана. Сондықтан дін мешітте ғана деген, надандықтан тиылып, адамгершілік құндылықтар қағидасы деп танығанымыз абзал. Ал барлық мәдени, баспасөз, білім беру ошақтарын- діннің өмір мектебі, ал мешіті соның бір кірпіші- деп қабылдау керек. Сонда дін мектебі деген бөлшектену саясаты, шайтанның ылаңынан құтылып, құранда босқа жаттатқан, толып кеткен медіреселерді жауып, ал дін сабағы дегеніміз мектептердегі ұлттық, жыныстық ерекшелік, адамгершілік парыздарды қалыптастыруға ғана қосымша берілетін, бұрынғы кеңес үкіметіндегідей тәрбие сабағы болып басталып, инистуттар қабырғаларында қосымша дәрістер берілсе жетіп жатыр. Дін тағдырдың қаламы. Сондықтан жоғары діни лауазымға жеткізу, ісіңе қарай сыйыңды жазатын ол, жаратқанның шаруасы. Құдайдың ісіне араласқаннан әлем діні жетістікке жеткен жоқ. Құдайдың мектебі ол, тура жолын іздеген құлына жеке-жеке беретін ақирет кітабы «өлілер кітабы» (аян кітабы) бар. Ол кітаптың негізгі бар қағидасын Ясауи бабамыз көрсетіп, дәлелдеп кеткен. Оны түсіну үшін де араптардың шежіресінен немесе оларға түсірілген шариғаттан басталмайды. Адам атадан басталып, негізгі кітабымыз Зәбурмен бекіткен шариғатымыздан бастау алады. Сол кітаптан нәр алған ғұлама, әулие бабаларымызды, Абай- Шәкәрімдей ғалым сопыларымыздың өмір тарихын ғана біліп қоймай, сопылар істеген істерді қайталау арқылы дін ғылымының теңізінен ұлтымызға сай үлесімізді, «гаухарымызды» алып, жынысымызға сай дін киімі, сауытымыз (үмін өрісі) бөркімізді киіп, шапанымызды жамылып, әйелдеріміз ақ жаулығын жамылып барып, пайғамбарымыздың шапағатына жолығамыз. Ал негізгі іргелі білімсіз, дін ғылымынсыз, тек айқын болған дін қағидасының білімімен ғана дәріс беретін, қандайда бір дін мектебі тек құранды терісіне алатындарды және рухани өлі, сыңар жақ, сыртқы бейнесіне айтылған «серік» «шерік т.б» сөздің көрнісінен және жындармен, шайтандардан қорқатын надандарды ғана қалыптастырады. Жалпы ақылы сау адамзатқа дінді қайда болады дегеннен, дін қай жерде болмайды және қандай жағдайда зиян және пайда жақсылық әкеледі деп ойланатын уақыт жетті. Өлім, жоғалу, тозу, ауру және туылу, тіршілік бар жерде оның тағдыры- діні де бар деп түсінген дұрыс болар. Дін, әр адам баласының тағдыры болып, тал бесіктен, жер бесікке дейін, мәңгілік өмірдің жол көрсетушісі немесе азапқа, қасіретке бірге кіретін сыбайласың. Дін-әр адам баласының жанында өзінде, жақсылық, ізгілік істеушіге рухани азық, шабыт, денсаулық, ұрпаққа берер өмір суы болар. Ал дініңді, өз ішіңде тұрған «діңіді» танымасаң, қуатың шағылып, қыспақа түсіп, тәнің азып, амалың таусылып, «діңкең» құрып, батпаққа батқан кезде өзін бір-ақ көрсетеді. Сондықтан қашанда ондай «діңкесі құрыған күннен» ештен, бір күн болса да кеш жақсы. Шәкәрім атамыз:

« Мейрім», «Ынсап», «Әділет», Ешкімге зиян тигізбей

«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет». Кәріптің көңілін күйгізбей,

Түп қазығы: «Ақ ниет» - Сайтанға беттен сүйгізбей,



Бұл жетеуін ел қылу. (парыз) Жүрегіңді нұрмен жу.

Мақтанды алма ойыңа

Кек сақтама бойыңа,

Барма дүние тойына,

Ойнаса да уда-шу.

Егер мұны қылмасаң Мақтаныш оттай саулама,

Айтқаныма тұрмасаң, Жақынды жаттай жаулама, (салт-дәстүр)

Өз нәпсіңді бұлдасаң, (тәкәпарлық) Өлсеңде адам аулама,

Саған арам сөз ұғу. Аң жейтұғын болма аю.

Оқу, дінің дағдың көп,

Не бір білгіш айтқан деп,(табынып)

Кетпесін сол жетелеп,

Жарамас үйтіп ой көму. (рухтан ажырау)

Ақылыңа ұстат қол, (аян алу) Елден кешу алмасаң, (әулиелерден)

Тура апарар сені сол, Жалмауыздай жалмасаң,

Жардың жолы қиын жол: (жер кезу) Тәңіріні малмен алдасаң,

Шытырман тоғай, қалың ну! Алдыңда орың дайын-ды.



Ал намаз оқуды ақталу амалы қылып, Ханифа масхабын бағыт емес жол қылып алғандарға құлақ қағыс болсын; «Бір күні Әбу Ханифа Хазіреті балшықта жүрген бір балаға жолығады. Оған мейріммен, мархабатпен күлімсіреп: «Балам, байқа, жығылып қалма!»-дейді. Бала зеректікпен көрегендік шашқан көзімен Имамға бұрылып, баладан күтпейтін мынандай ғибратты жауап қайтарады: «Ей Имам! Менің жығылғаным жай нәрсе. Жығылсам мен ғана зиян шегемін. Бірақ, негізінде сіз абай болыңыз. Өйткені, егер сіз аяғыңыз тайса, сіздің артыңыздан жүргендердің бәрінің аяғы тайып жығылады. Олардың бәрін тұрғызу қиынға соғады»-дейді. Баланың бұл сөзіне қайран қалған Имам жылап, шәкіртеріне: «Егер, бір мәселеде сендерге қуатты дәлел жетсе, ол мәселеде маған мойынсұнбаңдар! Исламда кемелдіктің белгісі осы. Маған деген сүйіспеншіліктерің мен байланыстарың да осылайша белгілі болады»-дейді. Сондықтан діндегі тақуалық ізденістермен, жетілдіруден тұратынын және әрбір пайда болған пәтуа міндетті түрде бір қателіктермен немесе күнәні туындатаны сөзсіз. Мысалға: Бір жолы Имам Ағзам киіміндегі дақты тазалап жатқанын көргендер: «Уа, Имам! Берген пәтуаңыз бойынша мына дақ намазға бөгет болатын нәрсе емес. Неге, қиналып оны тазалап жатырсыз?»-дейді. Хазіреті Имам болса: «Ол-пәтуа, бұл-тақуа!»-дейді. Сондықтан он төрт ғасыр кедейліктің және жетімсіздіктің салдарынан надандықтан ғана құтылу үшін берілген пәтуаларға сүйеніп, заман өзгерісіне, аспанның биіктеп, қарсылық қара күштердің жетіліп, күнәнің әсерінің артып, адам жанының қуаттық өзгерісіне білімдік дәрежесіне қарай түрлендіруге, адамзатты кемелдендіруге түсірілген жаратқанан көрсетілген, құраннан берілген ашық дәлелдерді жоққа шығарғандар тек залымдармен, кәпірлер деп біліңіз! Пайғамбарымыздан; «Ақырзаманда жастары кіші, ой-өрістері тар бір адамдар келеді. Олар халықтар арасындағы ең жақсы сөздерден (құраннан, тәпсірлерден) сөйлейді, бірақ олар Исламнан садақтан шыққан жебе тәрізді шығып кетеді, олардың имандары кеңірдектен әрі аспайды. (сақалман шектеледі).»... «...Иә, адамдарды жаһаннам қақпаларына шақыратындар пайда болады, сонда кім оларға жауап қатса (соңынан ерсе) тозаққа тасталады,-деді.- Уа, Алланың елшісі! Бізге оларды сипаттап берші?-дедім. –Олар біздің ортамыздан (араптардан және орта топтан) шығып, біздің тілімізде сөйлейді,-деді. –Егер сол маған жетсе, не істеуімді бұйырасың?-дедім. –Мұсылмандар жамағатымен және олардың басшысымен (жол көрсетуші, әулие-әмби) бірге бол»... (1435-1436 өсиет) Ал енді мұсылмандар жамағаты кімдер деп?-сұрасаңыз. «Пайғамбардың қасында отырғанымызда, оған «Жұма» сүресі түсірілді. (Ол бізге сол сүрені оқи бастады да...) «.. олардың арасындағы басқалар оларға әлі қосылмаған» деген аятқа жеткен кезде мен; «Олар кімдер, уа, Алланың елшісі?- деп сұрадым. Мен үш қайтара сұрағанымша ол жауап қатпады. Арамызда Салман әл-Фарси (Арыстан баба) бар еді. Алла елшісі Салманға қол қойды да: «Егер Сураййа жұлдызының қасында болса да мыналардан бір адамдар(тура жолға) оған қол жеткізер еді!-деді» (1706-өсиет) Ондай мұсылмандар жамағатына, Пайғамбарымыз; « Алла Тағала; «Ізгі пенделерім үшін, өздерің білген сыйлықтардан тысқары, көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының қаперіне де келмеген нәрселерді әзірлеп жинап қойдым»,-деп айты» Сонан соң «Ешбір жан істеген амалдары үшін қарымта сый ретінде қандай көз қуантар қуаныш жасырылғанын білмейді» (деген аятты оқыды)» (1679-өсиет) Сондықтанда қазаққа елші келіп, өліктер сөйлеп, ақиретен хабар келіп, құраннан ем-шипа түскенді «серік қосу, шерік қосу» деген жалған Құдайсыз діншілерді, келесі басылымда осы тақырыпта жүздеген ақ-тан түскен аяттармен, хақиқаттан ашық дәлелдер келтіріп, бүкіл исламдағы дін шапанын жамылып жалған пәтуа беріп; Аллаға серік қосып, ортақ қосып, дінге зұлымдық жасаған залымдарды халықтың талқысына салуды жөн көрдім. Басылым бетінде көріскенше күніміз шуақты, отанымыздың босағасы берік, шаңырағы шайқалмай халқымыз ымырашыл, ынтымақты болсын деп, ел басшыларына сабырлық пен толық иман тілейік жаратқаннан!

Ата жолы «ақ жолдықпыз» дейтін және ата-баба бастарына зират жасап Алла жолында өз нәпсісімен соғысушы бауырластарға Ақ ұлдың қайтыс болғаннан кейінгі берген аманатын жеткізе кетсем; Ақ ұлдың жаназасынан бір күн бұрын аян алдым; «Бір кісімен қоштасып тілек тілеуге үлкен есіктен көп халық кірмек болып,мен алдында қолымды керіп, шалбар киіп, ормалын орай салған, шашын жалбыратқандар кірмей сыртан ғана қолын жайсын деп тұр екенмін. Ертеңіне сол көрністі Ақ ұлмен қоштасуға барғанда көрдім. Ақ жолға негізгі сынақ шариғат амалдарын және ата-салтымызды теріске бұрудан болған екенін және енді сондай зұлымдықтармен «Басымды қорлатып, былғатпа!» деген аманат екенін білсе екен деймін. Бірақ амал не, әлі кезге дейін, осындай шайтанның сарбаздары дінді мазақ қылған аққу қыздарымызды қалай тоқтатып, қалай тиым саларсың? Тіптен енді оны қалыпты жағдайдай әулие бастарын ашықтан-ашық мазақ орнына айналдырудамыз. Қазақтың діні түгіл, әлімсақтан келе жатқан, әйелзатымыздың қанында сақталатын ұлтық белгіміздің, үніміздің қазына байлығы «ділін» құрдымға құлатып, аздырып жатқан бұл қылыққа қалай тиым салуға болады. Алла жолының басты соғысы «жиһад» әйелдердің елдің рухына індет болып келген арсыз қылығымен соғысуға шақыру Ақ ұлдың тылсымға барғаннан кейінгі алғашқы аманаты! Қиянатқа бармай ақылға келейік ағайын! Ештен кеш жақсы. Жалпы қазақтағы қандайда бір емші, көріпкел, аққу сұңқар болсын дін киімін, ата-бабаларымыздан келе жатқан әдет-қылықтарға қайшы қылық, істері болса, олар бізден емес. Және дәретін, бой киімін «үлдесін» жынысына сай қалыптастыра білмеген қандай да бір аққу, сұңқардың жүрегі тылсымнан хабар алуға ашық болуы мүмкін де емес! Ақ ұл арқылы Алланың берген сый, хикметі күшін жояды. Кім де кім шайтанның ізіне еріп, азғырылып, артынан қателігін түсініп және сақсынып, түзелсе, тақуалық амалдарын жасап, тәубе келтірсе онда басқа. Ал арсыздық қылықтарды дәріптеушілерді, өзін-өзі мақтанға айналдырып, жоғары бағалаушы тәккапарлармен, аманаттарды дүние қызығына айналдырғанды, тек шайтандар сыбайласы деп, ондай діншілерден қашанда абай болған жөн!



Арысы алты алаштан, одан бері әлемде діннің туын тіккен Қазақ, Созақ бабаларымыздан жалғасты келе жатқан аманат өсиетерін кітапқа шежіре қылып жазып, бес әулие батасын беріп; «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымызға апарып оқытып таныстырғаннан кейін негізгі шариғатқа арап елдері жалғанған пайғамбарымыз құран мен және аранулы қосымша берілген кітаптармен толықтырылған және пайғамбарымыз «Ізбөрі»деп атаған кітаптан аманаттарды әулие, көсем, билер мен хандарымыз ұрпақтарына аманаттап жеткізіп отырған салтымыз болған. Сол салтымызды жалғап Қарасай бабамыздың аманатын сабырлық қағидасын таныстыра кетсем ел басқарушы, әкім қаралардың құлағына жетіп, аталар аманаты деп жадына алса нұр болар еді; Қартайған шағында Қарасай батыр баларын жинап былай деп, өсиет аманат айтыпты: «Сендер тіршілігінде әулие атанған Алтынай абыздың немересі Қарасай батырдың балаларысыңдар. Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы ұл көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы, көпке салса дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар. Сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылда қақ жаратын, елінің ығын танытып, ханды ұйытатын, арқа биді қасыңа алыңдар! Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады. Ақылды бимен болсаң, дауың басылады. Хас батырмен бірге жүрсең, жауыңды қашырады. Құтты адаммен қонсы қонсаң, аруағыңды асырады. Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы. Қатының жақсы болса, жанып тұрған шырағың. Қызың жақсы болса, сөзің елде тұрады. Балаң жақсы болса, еліңнің асыл шырағы. Қызың жақсы болса, өрісті болар тұрағы. Жақсы жан ешкімді жатырқамайды. Жан жолдасың еш уақ алдамайды. Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды. Арғымақтың баласы аз оттап, көп жусайды. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. Жала сөз тірідей қаралайды. Жақсы сөз дем берер. Болат қайнауда шынығады. Ер ат үстінде көп жүріп, елі үшін аз тынығады. Бұл айтқандарымның көбісі бұрынғы өткен атаң Қазақтан асыл сөз! Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын. Батам қабыл болып, жортқанда жолың болсын! Әумин!»

Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет