Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет59/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

 
 


 
47 
                                                           
ЖЕТІ  ЖАРҒЫ
 
 
 
ХҮІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХҮІІІ  ғасырдың  басында  қалыптасқан  қазақ 
құқықтарының  жиынтығын  өмірге  əкелген    -  Тəуке  хан  мен  оның  билері. 
Мұны  олар  Əз  Тəукенің  «Жеті  жарғысы»  деп  атады.  Ол  жарғыдағы  негізгі 
баптар мыналар: 
І  -жарғы:  (бап)  Көтеріліс  жасап,  бүлік  шығарған  кісілерге  өлім  жазасы 
бұйырылсын. 
ІІ  -жарғы:  (бап)  Түркі  халықтарының  мүддесін  сатып,  елге  опасыздық 
еткендер өлім жазасына бұйырылсын. 
ІІІ-жарғы:  (бап)  Мемлекет  ішінде  жазықсыз  кісі  өлтіргендер  өлім  жазасына 
бұйырылсын. 
ІҮ-  жарғы:  (бап)  Өзге  біреудің  əйелімен  зинақорлық  жасап,  ақ  некені 
бұзғандарға өлім жазасы бұйырылсын. 
Ү- жарғы: (бап) Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сəйгүлікті ұрлаған кісіге өлім 
жазасы, бұйырылсын. 
ҮІ-жарғы:  (бап)  Төбелесте  мертігудің  түріне  қарай  төмендегі  мүліктей  құн 
төленсін: 
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, қыз болмаса, қыздың 
қалыңмалын беруге тиіс; 
Б) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі ат береді. 
ҮІІ-жарғы: (бап)  Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүліктер үшін он есе артық 
айып төленсін. 
 
Тапсырмалар: 
● 
Мəтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз. 

 Мəтіндегі етістіктерді тауып, шақ тұлғасын анықтаңыз. 

 Мынадай сөздер мен сөз тіркестерден сөйлем құраңыз: 
б$йыру, опасызды , 
жазы сыз, м&лік,  $н, )лім жазасы, айып, он есе арты , мертіктіру, 
◄ 
Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңыз: 
опасызды ,  ауру,  $н,  əйел, 
жаза, б$зу, есірткі, арты , &кім, сəйг&лік. 

 «Жеті жарғы» тақырыбы бойынша сұхбат құраңыз. 

 Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жалғаңыз: 
Тапсырманы  уақытында  орында...  үшін  оған  риза  болдық. 
Тыныштықты  қорға...  үшін  қызметкер  марапатталды.  Қылмыскерді  ұста... 
үшін алғыс алды. Кешік... үшін сөгіс жарияланды. Аса ауыр қылмыс жаса... 
үшін бас бостандығынан айырылды.  

«
Қылмыстың  зардабы»  дегенді  қалай  түсінесіз?  Мына  үлгілерді 
пайдаланып, өз пікіріңізді білдіріңіз:  
Менің  байқағанымдай,  менің  ойымша,  белгілі  болғандай,  ...  деп 
ойлаймын, ... деп есептеймін. 
 
 


 
48 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет