кезең – жобалаушылық. Өзін-өзі жобалау және кәсіби қызметті және басқару іс-әрекетін жүзеге асыру. Осы кезеңде болашақ педагогтың құндылық бағдары қалыптасады, нақты басқару тәжірибесінде болашақ басқарушылық іс- әрекетінің ұстанымдары жүзеге асырылады. Студентпен жұмыс жасаудың осы сатысында басқарушылық қызметте еркін, ерікті кәсіби мінез-құлық қалыптасады. Қазіргі заманғы білім беру мекемесінде менеджмент басқарушылық функциялардың жиынтығы ретінде қарастырылмайды, өйткені ол басқарудың мақсаттары мен міндеттерін түзететін ұйымдағы жағдайлардағы тұрақты өзгерістерге байланысты күрделі басқару қатынастарына негізделген. Бұл менеджменттің субъектісінен басқаруды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, механизмдерін, басқару процесінде мінез-құлық нысандарын терең түсінуді талап етеді.
Үшінші кезеңде студенттердің басқару жобаларының дамуын қамтамасыз ету үшін біз Н.М.Борытко қалыптастырған талаптарға бейімделдік:
- кәсіптік және педагогикалық даярлау үдерісінде студентті қамтитын басқару қызметі басқару практикасы мен арнайы білім беру мекемесінің қажеттілігіне, сондай-ақ өзінің қажеттіліктері мен мүдделеріне байланысты болуы тиіс;
- нақты жағдайдағы басқарушылық қызметті меңгеру, көшбасшы ұстанымындағы студент өзінің тұжырымдамалық жоспарларын жүзеге асыруда өз таңдауын жүзеге асыруы керек;
кез келген практикалық тапсырманы орындау студент үшін маңызы бар нақты нәтиже алуға байланысты болуы тиіс, яғни зерттеу жұмысын кәсіби деңгейге айналдыратын жеке мағына болу керек;
практикалық басқарушылық іс-қимыл өзінің тұтастығы мен хабардарлығын болжайтын жағдайларда, яғни ол өздігінен жүзеге асырылмайды, бірақ рефлексиямен байланысты теориялық негізде жүруі керек;
жағдай бойынша басқарушылық қызметті жүзеге асыру деңгейі жобаның әр кезеңінде оқушыларды модельдер, алгоритмдер, технологиялық басқару принциптері туралы хабардар етуге тиіс;
қызмет гуманистік сипатта болуы және гуманитарлық мазмұнмен толтырылуға тиіс [152, с. 145].
Біздің көзқарасымыз кәсіби педагогикалық білім берудің әлемдік тәжірибесіне сәйкес келеді.
С.А.Андрейкова [181] өзінің зерттеулерінде америкалық университеттерде болашақ мұғалімдерді гуманизациялау және демократияландырудың білім беру орталықтарында дайындау кезінде студенттердің жеке эмоционалды қабылдауына негізделген әдістерге: проблемалық талқылаулар, мысалдар, рөлдік ойындар, модельдеу, микрооқытудың әртүрлі формаларына ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.
Сонымен қатар, университетте оқудың барлық курстарында студенттердің гуманистік көзқарастары мен құндылықтарын қалыптастыру бағдарламаларының қажетті кезеңдерін анықтау үрдісі байқалады. Оқушыларға өз көзқарастары мен құндылықтарын іске асыруға мүмкіндік ретінде практикаға ерекше орын беріледі.
Осылайша, педагогикалық қызметті жүйелі талдау, модельдеу және жобалау әр кезеңде педагогикалық университет жағдайында студенттердің басқарушылық біліктілігін қалыптастыру мазмұнын құрайды. Әрине, бір кезеңнен екіншісіне өткен кезде болашақмұғалімніңбасқаруұстанымынтүсіну қажеттілігі артатүседі. Осылайша, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру білім беру қызметінен кәсіби, яғни, біртіндеп өзгеру, кәсіби жағдайдағы жеке ұстанымының өзгеруімен жүзеге асу керек.
Сонымен болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін үш кезеңмен (рефлексиялық, танымдық, жорбалаушылық) қалыптастыру оның әдістемесінде көрініс табады. Ол туралы диссертацияның 2.2 параграфында жан-жақты айтылады.
Осы жасалған болашақ педаготардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделінің тиімділігін анықтау үшін тәжірибелі-эксперимент жұмыстары жүргізілді. Ол туралы келесі бөлімде мазмұндалады.