Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны
Қазіргі уақытта заманауи мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін дамыту
болашақ педагогтарды даярлау мақсаттарының бірі. Басқарушылық құзыреттілікке ие мұғалім әлеуметтік және білім беру жүйелерін жобалау, әзірлеу және әлеуметтік-педагогикалық жүйені басқару жұмыстарымен айналысады. Бір жағынан, бұл жүйелер қоғамның және өндірістің мақсаттары мен міндеттерін қанағаттандыруы керек, ал екінші жағынан, қазіргі заманғы оқу орнының педагогикалық үдерісінде білім алушылардың жеке психикалық және әлеуметтік дамуын басқарудың бірыңғай жүйелік мақсаттары, қағидаттары, құралдары, технологиялары бар арнайы әзірленген кешенді оқыту тәжірибесін қамтамасыз етуі қажет.
Тұлғаның дамуы бақылаудың әсер етуі нәтижесінде, сондай-ақ генетикалық-табиғи және әлеуметтік бақыланбайтын факторлардың адамға әсер етуі нәтижесінде туындайды. Бұл адам болу, ал жеке тұлғаны қалыптастыру үдерісі дамуының нәтижесі [193, с. 56]. Дамудың сипаттары өзгерістің, заңдылықтың және бағыттың қайтарымсыздығы болып табылады. Дамудың нәтижесінде объектінің жаңа сапалы жағдайы пайда болады. Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, адамның дамуының түпкілікті өнімі – бұл өзінің жеке өміріне ие болуы, өмір жолын дербес және саналы теңестіруге айналдыруы [123, с. 260]. Адам болуы тиіс өзгерістерді, ең алдымен, білім мазмұнын меңгеру арқылы жүзеге асыратынын атап өту маңызды. Ол педагогикалық үдерісте қажетті және маңызды байланыс ретінде әрекет етеді. Білім беру мазмұны оқушылардың оқу үрдісінде игерілуі тиіс. Адам педагогикалық тұрғыдан айқын бағытта дамып, қоғамның ұсынған білім мазмұнын белсенді түрде игергенде ғана дамиды [193, с. 65].
Н.Е.Эрганова «Кәсіби-педагогикалық технологиялар» білім беру бағдарламасында мамандарды даярлауды зерттей отырып, өзінің ғылыми мақалаларында басқарушылық құзыреттілікті меңгерген мұғалім-технологтарды даярлаудың өзектілігін анықтайды. Бұл бірқатар жағдайлардан талап етілетіндігін көрсетеді:
қоғамды заманауи басқарудың маңызды құралы ретінде әлеуметтік технологияны қарқынды дамыту;
педагогикалық өндірістің және педагогикалық іс-әрекетті технологияландыру;
кәсіби педагогикадағы қарым-қатынас үрдістерінің рөлін күшейту;
кәсіби білім беру мұғалімінің қызметінде болған өзгерістер [194, с. 34].
Ғылыми-технологиялық үдеріс тек өндірістің көптеген салаларын ғана емес, мәдениет саласын, гуманитарлық білім салаларын да басып озды. Білім беру технологиясы мәселесіне деген қызығушылық түрлі мүдделерге
байланысты: кейбір ғалымдар дәстүрлі түрде инновациялық бағытты қолдайды; басқалары білім берудің жай-күйіне алаңдайды; басқалары технологиялық үдеріс жаңа мәселелерді сапалы шешу үшін білім беру дамуының кезеңі дайындаған объективті үдеріс деп есептейді. Жаңа тұжырымдамалар пайда болады, олардың шеңберінде теориялар, әдістер және оқыту технологиялары туралы пікірлерде өзгерістер орын алады. A.C.Белкин кәсіби-педагогикалық технологияны мұғалімнің кәсіби деңгейіне, өнерге қол жеткізу үдерісі ретінде анықтайды [195]. Кәсіби оқытуда педагогикалық технологияларды қолдану оқу үрдісін жобалауға және жүзеге асыруға технологиялық көзқарасты білдіреді. Сонымен қатар, кәсіби-педагогикалық технологиялар кешенді ықпалдастырылған жүйені, оның ішінде реттелген операциялар мен әрекеттер жиынтығын білдіреді. Мұндай жүйе педагогикалық мақсаттарды белгілеуге, білімді меңгеруге, кәсіптік дағдыларды игеруге және оқытудың мақсаттарын қоюға, білім алушылардың жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-мақсаттық және үдерістік аспектілерді қамтамасыз етеді. Кәсіби білім беру технологиясы саласындағы мамандарды даярлау педагогикалық инновацияларды енгізу үшін теориялық білімді кодификациялаудың әртүрлі нысандарын енгізуге, білім берудің жеке формалары мен әдістерінен әдістемелік жүйелерге ауысуға, оқыту әдістерін жүйелі талдау және шешім қабылдау құралы ретінде көшіруге, білім алушы мен мұғалім арасындағы өзара әрекеттестіктің зияткерлік технологиясына көшуге мүмкіндік береді.
Эксперимент барысында біз де сондай кәсіби педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін құрастыруға талпындық (сурет 10).
Диссертацияның 1.3 параграфында теориялық негізделгендей, 2.1-де айтылып өткендей, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі үш кезеңмен қалыптастырылады: рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық.