Садирбекова динара калымбековна



бет26/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

Шеберлік кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің кандай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық [143,с.114].
Ғылымда педагогика өнер тұрғысынан талқыланып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі теориялық тұрғыдан жан-жақты негізделген. Педагогикалық шеберлікте мұғалмінің рөлі актермен теңестіріледі. Ал, қазіргі уақытта педагогика өнер тұрғысынан басқару педагогикасына ауысты. Осы басқару педагогикасы заманауи мұғалімнен педагогикалық үдерісті басқарушылық функциялар тұрғысынан да түсінуді көздейді. Мұғалім осы функцияларды орындай отырып, ортаның мүмкіндіктерін, тәрбиеленушілердің тұлғалық сапасын және өмір сүру бейнелерін анықтайды, олардың жетістіктерге жетуінің мақсаты мен тәсілдерін, ортаның маңыздылық мәнін жобалайды, ортаны басқару іс-әрекеттерін жоспарлайды, ортаның білім алушыға білімді, тәлімді меңгеруге және оны пайдалана алуға мүмкіндік беретін сапасын өңдейді. Педагог-менеджер көбінесе ортаның компоненттерімен жұмыс істейді. Осы тұста ол үшін бастысы тұлғалық қорлар емес, орталық қорлар болып табылатындықтан, ол «кадрдың» сыртында тұрып, олардың орындарын қалай дұрыс тауып қоюды қарастырады. Тасада тұра білу де басқару педагогикасында үлкен шеберлікті қажет етеді. Ол ортаның балаға ықпалын басқарады. Оның басқару объектісі болып тұлғаның қалыптасуы, дамуы үдерісі саналады. Ал
оның құралы – орта [159].

Сурет 2 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің сұлбасы


Осылайша, бүгінгі күні мұғалім өз қызметін жобалауды ғана емес, сонымен қатар, әдіскердің жұмысын да, диагностика жасауды да, сарапшылық жұмысты да білу керек. Өзінің тәжірибелік қызметінде ол оқушы тұлғасының, сынып ұжымының дамуын, сабақ үдерісін басқарушылық міндеттерін жүзеге асырады. Мұғалімнің басқарушылық міндеті оқушының дамуының мәнін, оны қалыптастырудың көздері мен тетіктерін, даму үдерісін қабілеттілігін зерттеу. Болашақ педагогтың жұмыс тәжірибесіне жүргізілген зерттеулер, яғни оның басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру (атап айтқанда, оқушылардың оқу- танымдық белсенділігін, олардың дамуы және т.б басқару) басқарушылық іс- әрекетке болашақ педагогті арнайы дайындаудың маңыздылығын негіздеуге мүмкіндік береді.
Сонымен айтылып өткендер негізінде болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің құрамын үш топқа топтастырамыз: тұлғалық сапалар, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдылар (сурет 2, кесте 8).
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымындағы тұлғалық тобында ізгілік қасиеттерге қайырымдылық, адалдық, әділдік, әдептілік намысқойлық; эмпатияға аңғарымпаздық, жанашырлық, түсінушілік, өзгенің күйіне түсушілік; толеранттылыққа төзімділік, шыдамдылық, татулық, құрметтеушілікті жатқызамыз (кесте 8).

Кесте 8 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы





Құз ыре
ті

Құрамы

Мазмұны

Тұлғалық

ізгілік

қайырымдылық, адалдық, әділдік,
намысқойлық және т.б.

әдептілік

эмпатия

аңғарымпаздық, жанашырлық, түсінушілік, өзгенің күйіне
түсушілік және т.б.

толеранттылық

төзімділік, шыдамдылық, татулық, құрметтеушілік және
т.б.

Педагогикалық

танымдық білімдер

пән мазмұнын жетік білушілік,
рефлексиялық, ізденімпаздық және т.б.

ақпараттық,

зияткерлік біліктер

аналитикалық, бағалаушылық, талдау,
салыстыру бағалау, қорытындылау және т.б.

сараптау,

коммуникативтік дағдылар

диалогқа бейімділік, тіл табыса алушылық, қарым- қатынас жасай білушілік, әлеуметтік қатысушылық және
т.б.

Менеджерлік

көшбасшылық қабілеттер

бастамашылдық, қырағылық, харизма, өзіне сенімділік, сендіре білушілік, мақсатқа жетушілік, өзгеріс жасай алушылық және т.б.

ұйымдастырушылық біліктер

болжау, жоспарлау, ұйымшылдық, дербестік, өзін-өзі
бақылаушылық, орындаушылық, жауапкершілік, іскерлік, белсенділік және т.б.

шеберлік дағдылар

жоғары кәсібилік, ділмар, әртістік, тұлғанысырттан бақылаушылық,креативтілік, жаңашылдық, шешімпаз
және т.б.

Аталған құрылымның педагогикалық тобынатанымдық білімдер, зияткерлік біліктер, коммуникативтік дағдылар жатады. Оларды ашып түсіндіретін болсақ,танымдық білімдерге пән мазмұнын жетік білушілік, ақпараттық, рефлексиялық, ізденімпаздық және т.б. ендірсек, зияткерлік біліктерге аналитикалық, бағалаушылық, талдау, сараптау, салыстыру, бағалау, қорытындылау және т.б. жатқыздық, ал коммуникативтік дағдыларға диалогқа бейімділік, тіл табыса алушылық, қарым-қатынас жасай білушілік, әлеуметтік қатысушылық және т.б. деп көрсеттік.
Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің менеджерлік тобын көшбасшылық қабілеттерге, ұйымдастырушылық біліктерге, шеберлік дағдыларға бөліп қарастырдық. Атап айтқанда, көшбасшылық қабілеттерге бастамашылдық, қырағылық, харизма, өзіне сенімділік, сендіре білушілік, мақсатқа жетушілік, өзгеріс жасай алушылық және т.б. енгізілсе, ұйымдастырушылық біліктерді болжау, жоспарлау, ұйымшылдық, дербестік, өзін-өзі бақылаушылық, орындаушылық, жауапкершілік, іскерлік, белсенділік және т.б. құрады, ал шеберлік дағдылар жоғары кәсібилік, тілмар, әртістік, тұлғанысырттан бақылаушылық,креативтілік, жаңашылдық, шешімпаз және т.б. Сонымен жоғарыда басқару стиліне, бағытына, функцияларына, рөліне және басқару құзыреттерінің құрамына берілген талдаулар бізге педагог- менеджер тұлғасының құрылымын жасауға (сурет 3) және болашақ педагогтың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет