Садирбекова динара калымбековна



бет30/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

Келесі шарт – оқытушы мен студенттің тиімді педагогикалық қарым- қатынас орнатуы. Бұл шарт педагогикалық үдерісте субъектіге-субъектілік қатынастарды орнатуды болжайды, тұтастай алғанда тараптардың ұстанымдарының теңдігі, серіктеске құрмет пен сенім білдіреді.
Студенттің іс-әрекетін қолдауға бағытталған заманауи оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің бірнеше ұстанымы бөлінеді, оның бірі – кеңесші ұстанымы. Кеңес беру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • «сарапшы» нұсқауы (анықтама);

  • кеңесші нұскауы (көмек);

  • «менеджер» нұсқауы (проблеманы шешуге көмектесу және тікелей қатысу).

Қазіргі заманғы оқу үдерісін ұйымдастыруда кеңес берудің келесі түрлерін айқындауға болады:

  • диалог тәртібінде жеке-дара кеңес беру;

  • топтық талқылау тәртібінде («пікірталас клубы») кеңес беру тікелей көрсетілген нысан, көрсетілген мәселе бойынша жүргізіледі;

  • өзара әрекеттесу шарттарына бейімделген тікелей қарым-қатынас тәртібінде топтық жұмыс түріндегі тренингтік оқыту.

Педагогтың жетекші оқытушылық ұстанымы кәсіби қызметті қолдау ретінде түсіндіріледі.Мәселен, біріншіден, ресми бақылау және бағалауды қоспағанда, тәжірибелі маман-мұғалім тарапынан кәсіби кеңес беру және қолдау; екіншіден, мүдделі тараптар үшін психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай жасау тәсілі; үшіншіден, кәсіби қателерді түзету. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, мұғалімнің бұл ұстанымы кәсіби қызметте жиірек қолданылады. Біздің жағдайда мұғалімнің ұстанымы педагогикалық тәжірибеде жүзеге асуы мүмкін.
Тағы бір ұстаным фасилитация – (ағылш. facilitate — себепші болу, жеңілдету, көмектесу) – бір мезгілде ынталандыру және босату. Білім берудің өзара әрекеттесу әдісінде оның барлық қатысушылары өзгелерді қабылдау үшін өздерін ұстай алады: адамдарды және қабылдауды күтеді, өзара түсіністікке ұмтылады, диалог арқылы өз позицияларын үйлестіреді. Мұғалім-фасилитатор ашық, табиғи, оқушыларға сенімділікпен қарайды және проблемаларды олардың көзімен көруге тырысады. Ол студенттердің мүдделерінің орындалуын басты мақсат етіп қояды. Болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған оқу жоспары студенттерге кәсіби қызметке – оқу орнының негізінде педагогикалық тәжірибеге «кіруге» мүмкіндік береді. Педагогикалық практика ұйымдастырудың жаңа әдістерін ашып, оқыту тәжірибесінде болашақ мұғалімдерге білім беру мен кәсіби іс-әрекет арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Осы сәтте студент мұғалімдермен және олардың көмегімен өзара әрекеттесу қажет болатын проблемаларға тап болады. Студент оқытушымен ынтымақтастықтың басқа формаларын қажетсінеді, оларды іздейді [174].
Осыған байланысты болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру кеңістігі тұрғысынан педагогикалық практика үдерісінде оқытушы-студент-мұғалім, оқу-кәсіби қоғамдастығын құрумаңызды шарт ретінде анықтаймыз. Бұл біздің зерттеуіміздегі үшінші педагогикалық шарт.
Педагогикалық практикада жаңа өзара үйлесімділік нысаны – білім берудің және кәсіби өзара қарым-қатынастың жаңа жолдарын құру; серіктестердің ұстанымдарын біріктіру. Осындай жалпы жағдайда «болашақ мұғалім мазмұннан іс-әрекет шындығына көшеді; кәсіби қызметте өзінің субъективтілігі болады, студентке жаңа кәсіби қызметтің объективтілігі анықталып, ол әлі дайын болмаған дербес іс-әрекетке тап болады. Осы жағдайда оқытушы мен студенттің өзара әрекеттесу «нақты міндеттерді» шешуге бағытталады». Бірқатар психологтар қоғамдастықтың ортақ құндылықтар мен мағыналар негізіндегі адамдардың бірлестігі екендігін атап өтіп, болашақ мұғалімдердің білім беру және кәсіби іс-әрекет барысында студенттермен қоғамдастығы олармен диалогке түсуге арналған құндылықтарын, басқарушылық қызметтегі ұстанымдардың өзара әрекеттесуін дамытатынын негіздейді [175].
Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру – бұл өздігінен жүретін үдеріс емес, оның барлық құрамдас бөліктерінің біртіндеп сапалы түрленуін қамтитын кезеңдік, жоспарлы қозғалыс. Білім беру үдерісінің кезеңдері оқу жылына сәйкес күнтізбелік сандармен және сандық жинақтармен емес, олардың сапалы
түпнұсқалығымен –дайындықтың әр кезеңінде студенттермен жұмыс істеудің мазмұнының, нысандары мен әдістерінің ажырамас жүйесін білдіреді.
Зерттеу барысында біз болашақ педагогтың басшылық құзыреттілігін қалыптастыруда Н.М.Борытконың оқытушының педагогикалық ұстанымын қалыптастыру барысында анықтаған рефлексиялық, құндылықтық және жобалаушылық кезеңдерін негізге аламыз [152,с.79]. Және оның көрсеткен құндылықтық кезеңімен келісе отырып, оны танымдық кезеңі деп атаймыз. Өйткені болашақ педагогтың бойында басқарушылық құзыреттілікке қажетті құндылыққа бағдар, құндылыққа қызығушылық, құндылықты бағалаушылық т.с.с. танымдық білімдерді меңгеру нәтижесінде қалыптасады. Демек бұл кезеңде жаңа білімдерді игеру, бар білімдерін бекіту, пысықтау, жинақтау танымдық іс-әрекеттің қатысуымен жүзеге асады.
Сонымен біздің зерттеулеріміздің логикасында педагогикалық университет жағдайында студенттің басқару құзыреттілігін қалыптастырудың үш кезеңі ерекшеленеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет