Садирбекова динара калымбековна



бет36/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

конференция, зертханалық-практикалық сабақтар, педагогикалық жобалау және т.б.
Оқудан тыс жұмыстар студенттерге оларды қызықтырушы мәселелермен айналысуға мүмкіндік береді, олар оған қажетті уақытты толықтай бөле алады. Оқудан тыс жұмыстарға педагогикалық практика, студенттердің ғылыми- зерттеу жұмысы, студенттердің оқу-зерттеушілік жұмысы, байқаулар, олимпиадалар, конференциялар, мәдени-сауықтырушы іс-шаралар: студенттік бірлестіктер, саяхаттар, ұйымдар және т.б.
Оқудан тыс жұмыстар білім алушылардың білімі мен біліктілігін арттырып, педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын дамытады. Бұл тұста негізгі педагогикалық принциптер іске асады: білім беру үдерісін демократияландыру, белсенділік, дербес шығармашылық іс-әрекетке ұмтылу және өзін-өзі дамыту.
Сондай-ақ, бізболашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігін айқындау мақсатында оқытушыларға және мұғалімдерге сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға қатысқан 30 адамның 77 %-ы болашақ мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетіне даярлықты жоғары оқу орындарында оқыту керектігін көрсете келе, соның ішінде олар басқарушылық құзыреттілікті элективті курстар, пән бағдарламарына қосымшалар арқылы, сондай-ақ сабақтан тыс өткізілетін іс-шаралар арқылы қалыптастыру қажеттігін көрсетсе, қалған 23 %-ының 14%-ы басқарушылыққа арнайы оқытудың қажеті жоқ, сабақтан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында болашақ мамандардың басқарушылық құзыреттілігін дамытуға болады деп тапты, ал 9-%-ы жоғары педагогикалық оқу орындарында пән мұғалімдерінің кәсіби даярлығында басқарушылыққа бөлек назар аударудың керегі жоқ, ол қасиет баланың бойында туа бітеді және оның өсуімен бойындағы бұл сапа да дамып отырады деп көрсетеді.
Сауалнама көрсеткендей оған қатысқандардың басым бөлігі жоғары оқу орнында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруды үздіксіз жүзеге асыруға болатындығын жоққа шығармады. Осыған орай, біз жоғары оқу орнының маңызды жағдайларын есепке алып, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін жасадық (сурет 6).
Әдістеме қалыптастыру кезеңдерінен, қалыптастырудың педагогикалық міндеттерінен және қалыптастыру нәтижесінен тұрады. Қалыптастыру кезеңдерін үшке бөліп қарастырдық. Бірінші кезең – рефлексиялық студентті басқарушылық құзыреттілікті, оның мәнін құндылық тұрғысынан түсінуге, осы тұрғыдан өзін-өзі бағалауына жүйелі бағдарлау. Екінші кезең – танымдық – студенттердің басқарушылық құзыреттілік саласынан білімдерін кеңейту, басқарушылық іс-әрекетке тарту. Үшінші кезең – жобалаушылық, білім алушылардың басқарушылық тәжірибесін молайту. Бірінші кезең – рефлексиялық студентті басқарушылық құзыреттілікті, оның мәнін құндылық тұрғысынан түсінуге, осы тұрғыдан өзін-өзі бағалауына жүйелі бағдарлау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет