Садирбекова динара калымбековна



бет39/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

Қалыптастырудың бірінші кезеңін рефлексиялық деп алуымыз заңды.
Бүгінгі таңдағы мұғалім қызметіндегі педагогикалық үдерістегі рефлексия

  • өзін-өзі бақылау, дамыту, сондай-ақ педагогикалық үдерістің оң және теріс жақтарының себептерін анықтауға, қайта ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Педагогтік қызметте орындайтын функцияларына байланысты рефлексия негізгі үш нысанда қарастырылады. Олар: жағдаяттық, ретроспективті және перспективті рефлексия. Жағдаяттық рефлексия – «уәждеме» және өзін-өзі бағалау түрінде талдау жұмысында «осы жерде, қазір» рефлексиясы жүзеге асырылады. Ретроспективті рефлексия – жүзеге асырылған іс-әрекеттен кейінгі орын алған оқиғаларға талдау және бағалау қызмет атқарады. Мұғалім өз жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы, сәтсіздікті жеңу жолдарының себептерін анықтайды. Перспективті рефлексия – алдағы уақытқа жоспарлауда тиімді жолдарды қарастыруды қамтиды.
Рефлексияның кәсіптік қызметтегі рөліне тоқталсақ: біріншіден – кәсіптік қызметті меңгеру үшін; екіншіден – кәсіптік қызметті меңгеру үдерісін бақылау
және басқару; үшіншіден – кәсіптік білім қызметінің шарттары өзгерген кезде; төртіншіден – өзінің даму тетіктерінің негізі болып табылады.
Сонымен, рефлексиялық кезеңде біз болашақ педагогтардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру іс-әрекеттерінің қажеттілігін жете саналы түсінуіне аса мән бердік.
Өйткені біздің зерттеумізде өзін-өзі басқарудың қажеттілігібасшының топты ұйымдастыру сапасының болуы қажеттілігінен туындайды. Адам өзін-өзі басқара алғанда ғана топты басқара алады. Біздің бұл ойымызға В.А.Караковтың
«өзін-өзі басқару – ол бірінші адамның өзін-өзі басқаруы, өзінің жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруы, өзінің дамуын ретке келтіруі» деген тұжырымдамасы дәлел бола алды. А.А.Жайтапованың «Мектептегі менеджерлік іс-әрекет», Б.Т.Акжаловтың «Оқушылар ұжымын дамытудағы өзін-өзі басқару жүйесі» атты еңбектерінде өзін-өзі басқару ұғымы жан-жақты талданған. Ал Г.К.Бегалиеваның зерттеуінде болашақ мамандарды даярлау үдерісінде студенттік өзін-өзі басқару мен тәлімгерліктің өзара байланысының педагогикалық шарттары қарастырылса, Е.Р.Касеновтың еңбегінде Қазақстан мектептеріндегі өзін-өзі басқарудың даму тарихы баяндалған [35, с.5].
Өзін-өзі басқару үдерісі өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау,өзін-өзі тәртіпке келтіру негізінде жүзеге асады. Өзін-өзі тәртіпке келтіру өз ойының белсенділігі мен мінез-құлқын, іс-әрекетін басқаруды білдіреді. Өзін-өзі тәртіпкекелтіру ынтымақтастық, шығармашылық тұрғыда қамтамасыздандырылады.Өзін-өзі анықтау, тану, зерттеу, тұлғалық сапаларын айқындау, өзінің мүмкіндіктерін, қабілеттерін білу болып табылады. Өзін-өзі айқындау қарым-қатынас барысында, шығармашылық бірлестіктегі ойындар мен жобалық іс-әрекеттерде көрініс табады. Өзін-өзі басқаруда субъектілік өзара әрекеттестік маңыздылыққа ие.
Ал, өзін-өзі жүзеге асыруда олардың жекелігі қалыптасады. Білім алушының жекелігі интеллектуалды-шығармашылық, эмоционалдық- адамгершілік, ұйымдастырушылық-іскерлік, орындаушылық-тәртіптілік сипаттамасынан көрінеді. Өзін-өзі жүзеге асыруда өзін-өзі реттеу (ынталандырушылық); өзін-өзі іске асыру (атқарушылық) және олардың кіріктірілуі (өзіндік ұстаным) негізге алынады. Өзіндік ұстаным жауапкершілікті, бастамашылдықты, іскерлікті, сыйластық қарым-қатынасты, өзіне деген талапшылдықты сипаттайды. Осындай сипаттама өзіндік басқарушылық құзыреттілікті тәрбиелеуге бағытталады.
Өзін-өзі жетілдіру өзіндік іс-әрекет арқылы жүзеге асырылады. Өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ұжымдағы шығармашылық істе жетістікке жету мен жаңа шарттағы шығармашылық іс-әрекеттің саналы түрде өз ойын жеткізе білуіндегі белсенділік деп айтуға болады. Осындай кезеңде мұғалімнің орны оқушының қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын байланыстырушы ретінде қызмет атқарады.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың рефлексиялық кезеңінде диагностикалық құралдар арқылы олардың білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестік негізінде оқушынының жеке тұлғасын,
сынып ұжымын, оқу-тәрбие үдерісін басқару іс-әрекетінде оның өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруға қызығушылығы, құндылықты бағдары, қабілетінің барлығы, ұмтылу және т.б. деңгейлері тексеріледі. Олардың осы бағыттағы бастапқы деңгейінің анықталғандығы туралы 2.1 параграфында жан-жақты баяндағанбыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет