Басқару объектісі ретінде сынып келесі параметрлерді сипаттайды:
Көпөлшемділік.Әр оқушы –өз мақсаттары, таңдауы мен қабілеттері бар тұлға.Балаларды үнемі белсенді болуға үйрету – әртүрлі тапсырмаларды орындату, оқу материалын пайдалану маңызды.
Болжамсыздық.Сынып өмірі сан алуан оқиғаларға бай және күтпеген оқиғаларға толы.Мұғалімге келіп түскен ақпараттың үлкен көлеміне – сөздер, үнсіздік, күлкі, дау-дамай, реніш және түсінбеушілік және т.б. тез арада жауап беруі қажет. Мұғалім оқушылармен күніне жүз рет ақпарат алмасады.
Қарым-қатынастың жариялылығы.Мұғалім мен оқушылар үнемі өздерін
«сахнада» жүргендей сезінеді. Әрбір іс-әрекетті немесе айтылған сөздерді айналадағылар бағалайды. Оқушылар әрқашан мұғалімнің іс-әрекетінің дұрыстығын, оның әділдігін, оның жақсы көретін оқушысының бар-жоғын байқап жүреді.
Өзара көмек көрсету қажеттілігі, ынтымақтастықты ұйымдастыру.Мұғалім үшін басқарудың маңызды міндеті – сыныптағы оқушылардың өзара көмегін арттыру арқылы қойылған мақсатқа жету, ынтымақтастыққа үйрету, мысалы, тапсырма бойынша жұмыс істеу үшін шағын топтарды құру.
Мұғалімге қойылатын жалпы психологиялық-педагогикалық талаптар:
өз пәнін жетік меңгеру, теориялық білімді өмірлік тәжірибемен ұштастыра білу.
баяндаудың айқындығы, баланың позициясында тұру мүмкіндігі, оқыту әдістемесін білу.
мейірімділік және тілектестік, екіжақты педагогикалық қарым-қатынас.
энтузиазм, өз пәніне қызығушылық, үйретуге деген құлшыныс және қызығушылық.
Мұғалім өз іс-әрекетінің табыстылығын келесі өлшемдерге сүйене отырып анықтауға болады:
сабақты жақсы өткізді: сабақта оқушының өзін-өзі құрметтеуі артып, өздерін құзыретті сезінді;
сабақты нашар өткізді: оқушы сабақтан өзін-өзі кемсітіп, басылып немесе көңілсіз кетеді, ол өзі үшін сабақтың пайдалы нәтижесін көрмейді.Оқушылардың өз қабілеттері туралы түсінігі мотивацияны қамтамасыз етеді, мұғалім қызметінің жетістігінің өлшемі оның оқушыларға қатысты басты міндеттерді орындауы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |