Сағынғалиева Гаухар, еі-31 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. МӘС жүргізу үшін негіздер



бет2/9
Дата24.03.2022
өлшемі46,16 Kb.
#136680
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
СӨЖ 2, медико-әлеуметтік оңалту
!10 ОШ ТЖБ Әдебиет 5-сын, Документ (1), 1 сабақ. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі , 2020 referat 6842314, Салахатдин Айтбаев, 8, annotation113518
2-тарау. МӘС жүргізу тәртібі

1-параграф. МӘС жүргізу үшін негіздер


4. Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) жолдамасы:
1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;
2) қайтадан куәландыру (қайта куәландыру).
5. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
"Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін организм функцияларының бұзылуымен кәсіптік аурулар жағдайларында медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Медициналық ұйымдар қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) жібереді.
7. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет