Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет29/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39

Қолына Раушан ұстатқан сөмкеге бір қарап алып, оның жіңішке бауын иығынан асыра асынды. Содан соң жалаң аяқ жалаңбас күйде пәтерден шықты. Аула тыныштау екен. Үлкен үйдің шуылдап ойнап жататын балалары да жоқ. Көпшілігі сабаққа кеткен. Кейбір түстен кейін оқитындары ғана сенделіп жүр. Ол екі-үш баладан не шу шыға қойсын. Сәуле «Ешкім жоқ па екен» дегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап алып, ілгері жүре түсті. Бұл аулаға өзі алғаш рет шығып тұрған жоқ. Әуелде Раушан ертіп шығып, дүкендерді көрсеткен. Одан кейін нан әкелгені бар. Енді, міне, ешкімнін рұксатынсыз, жұмсауынсыз, түла бойына жиналған тоқ мазалай бастаған кезде осылайша еріксіз шығып тұр. Мұны осылай шыға қояды деп ешкім де ойлай қоймайды. Абырой болғанда, дәл қазір көп адам жұмыста. Үйдегісі үйде еді. Күн аспанда шақырайып тұр. Сәуле оған көздерін сығырайта бір қарап қойды. Содан сон етегі жерге дейін төгілген көйлегін жер сыздыра ілгері кетті. Мұны көрген жанағы бірен-саран балалар орын орындарында қалт тұрып өзіне қарапты да қалыпты. Сәуле оларды көрсе де көрмеген болып кете берді. Осы үйдің тұрғындары күнде жүретін жолға түсті. Бұл жолды өзі пәтерден шықпай тұрған кездің өзінде-ақ күн сайын терезеден көріп, қызығып қоятын. Енді оны басып жүрудің де күні туды бүгін. Сәуле пәтерден алыстаған сайын денесін тік ұстап, өзін бейнебір осы қаланың ескі тұрғынындай үстады. Шағын көшеге жеткен кезде оның бойымен екі жеңіл көлік зу-зу етіп өте шықты. Көліктегілер бұл маңнан алғаш рет кездестіріп отырған қыз жөнінде өздерінше әңгіме етіп те бара жатты. Қыз оларға назар аударған жоқ. Ұзын қара шашын кейін қарай бір сілкіп тастап, көше қапталымен маң-маң басып кете барды.

Біршама уақыт тас қабат жолмен жүрді. Сол кезде Күн сәулесіне әбден қызған тас жалан табанын күйдіре де жаздады. Оған шыдамаған Сәуле енді тез-тез басып жөнелді. Сол кезде сонғы жағынан келіп қалған бір жеңіл көлік айғайлата дабыл берді. Сәуленің жас жүрегі дүрс-дүрс етіп, қатты соға жөнелді. Бірақ сонда да болса артына бұрылғысы келмеді. Сол бетімен біраз жерге барды. Көліктің дабылы тыйылар емес. Ол енді қызға көшедегі барлық адамдардың назарын аударатын түрі бар. Қырсық шалғанда осылай болады. Сәуле шамалы ашуланып, кейін бұрылды да, көлік есігінің түсірілген әйнегінін ішкі жағынан өзіне қадала қараған жас жігітке отты көздерін жалт еткізді. Жігіт есінен танғандай сәл кідіріп барып:

  • Жас қыз, сіз қайда тұрасыз? — деді дауыстап.

  • Мен... осында... - деді Сәуле.

Сөйтті де қайта ілгері қарай бұрылып жүре берді. Жігіт жеңіл көлігін мүның жүрісімен бірдей жылдамдықпен жүргізе отырып, басын кабинадан шығарып тағы да тіл қатты:

  • Сіз неге жалаңаяқ келесіз? Әлде аяқ-киіміңіз жоқпа?

  • Бар... бәрі де бар.

  • Ендеше неге кимедіңіз?

  • Сізге өзі не керек?! - деді шыдамай кеткен Сәуле оған жалт бұрылып.

  • Сіз... — деді жігіт таңырқай қарап.

  • Мен?.. Сәуле қолының сұқ саусағымен өзін көрсетті

  • Иә, сіз...

  • Айта беріңіз?

-Сізбен танысуға бола ма? Есіміңіз кім болады? Қайда тұрасыз?

Сәуле жігіттің бұл сұрақтарының біріне де жауап бермеді. Жалт бұрылды да жол шетіндегі көгалға түсті. Сол замат жігіт те көлігін жол шетіне тоқтатып, есігін ашып, жылдам түсіп Сәуленің соңынан жүгірді. Сәуле сасқан жоқ. Ештемені елемегендей жүре берген. Бір кезде жігіт мұның қолынан шап беріп ұстай алды.

  • Менің сізбен танысқым келеді. Менімен жүріңіз. Мына көлікке мініңіз. Қалаған жеріңізге апарамын. Тек одан бұрын есіміңізді айтыңызшы?

  • Сәуле, — деді қыз жай ғана.

  • Сәуле! Иә, есіміңіз өзіңізге өте лайықты екен! Сәуле десе – Сәуле!

  • Иә, не сұрайын деп едіңіз менен?

  • Ештеме де сұрамаймын. Тек менімен бірге қыдыруға қалайсыз?

  • Қайда?

  • Қаланы аралатамын. Дұрыстап тамақтанамыз. Әңгімелесеміз. Содан соң қайтып әкеліп саламын.

  • Сіз мені танымайсыз, — деді Сәуле жігітке тіке қарап.

  • Танымасам, танысамын. Менің есімім Болатбек.

  • Мен есімімді жаңа айттым.

  • Міне, таныстық. Енді көлігіме мініңіз. Қаланы аралата­мын.

Сәуле сәл ойланып барып басын изеді. Бұл келісім берген белгісі еді. Жігітті алғаш рет көріп, онымен алғаш рет сөйлесіп - танысып тұрса да Сәуленің өзі осы уақытқа дейін көрмеген қаланы көргісі келді. Өткен жолы Раушан аралатпақ болғанда Айдынбектің рұқсат етпегенін есіне алды. Айдынбектің ешқашан да рұқсат бере қоймайтынын тағы сезді. «Мұндай сәт бола бермес, — деді ішінен, — неде болса тәуекел, жігіт мені жеп қоймас. Бойымда қуатты тоқ бар емес пе, қажет болған жағдайда». Сөйтті де жігіт ұсынған көліктің есігі ашылысымен ішіне кіріп отырды. Жігіт қуана көлік рулін ұстады. Қызға бір қарап алды. Ол да өмірінде мұндай ғажайып аруды кезіктірген емес. Оның үстіне қыздың алыс бір жақтан келгені, қаланы білмейтіні, аңғалдығы көрініп тұр. Көлігі қозғалған бойда жігіт сәл де болса еркінси бастады. Өзі кезекті еңбек демалысында болатын. Содан қала дүкендерін аралап, анау- мынау заттар алуды жоспарлаған. Сондықтан да кешке дейін қыдырса да уақыты жетеді. Бүгінгі күнін соған арнаған. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген осы екен ғой», — деп те жігіт ішінен мәз. Алдынан өзінен-өзі шыға келген. Онда да анау-мынау қыз емес, ғажайып қыз! Құдай кезіктіре сала­мын десе, ештеме де емес екен-ау.

  • Ал сонымен, сіз қай ауылдан келдіңіз? деді жігіт ша­малы жүрген соң қызға бұрыла қарап.

  • Су әлемінен, — деді қыз мүдірместен.

  • Су әлемісі қалай?

  • Солай!

  • Сонда қалай, сіз суда жақсы жүзе аласыз ба?

  • Иә.

  • Ал мұнда қайдан жүрсіз?

  • Таныстарымнын үйіне келгенмін.

  • Кім деген? Мен бұл қаланың жартысын танимын.

  • Белгілі океанолог, мұхит тереңін зерттеуші, ғалым Ай­дынбек деген кісі.

  • Айдынбек пе? Иә, ол кісіні кім білмейді? Ол үйде сіз көп боласыз ба?

  • Өмірімнің соңына дейін.

  • Ол қалай болғаны?

Болатпек таңданып сәл үнсіз қалды да, қыздың аяғына көз салды. Сөйтіп, көлікті аяқ-киім сататын дүкеннің алдына әкеліп бір-ақ тоқтатты. Қыз мән-жайды сезді. Екеуі бір-біріне қарап бір сәт үнсіз отырып қалған.

  • Сіз нешінші өлшемді аяқ-киім киесіз? - деді Болатбек содан соң.

  • Оны қайтесіз?

  • Мына дүкеннен аяқ-киім әперейін деп едім.

  • Ол ниетіңізге рахмет, менде аяқ-киім деген жетеді.

  • Онда неге жалаң аяқ жүрсіз? Қалада олай жүруге болмайды. Жұрттың бәрі сізге таңдана қарайды.

  • Қараса, қарай берсін. Өзіме қалай қажет болды, солай жүремін. Мен ара-тұра жалаң табаныммен қара жерді басуым керек. Әйтпесе...

  • Солай деңіз. Міне, мәселе қайда жатыр. Бірақ жер сыз ғой. Ауырып қалып жүрмейсіз бе?

  • Ештеме де болмайды, ол жағынан қам жемеңіз, ағасы.

  • Жақсы, түсіндім. Онда басқа дүкендерді көрейік.

Болатбек көлікті қайтадан кең көшеге қарай бұрды. Айтқанына көнбеген соң ба, жігіт қызға қарамай біршама үнсіз отырды. Сәуле қаланың түзуде кең көшелеріне, зәулім ғимараттары мен үйлеріне, әрі-бері зымырап жүріп жатқан мың сан жеңіл көліктерге, жылжымалы тротуарларға және тағы басқадай өзі әлі көрмеген неше түрлі қызықты нәрселерге тесіле қарап отырды. Қыздың дәл қазіргі бар арман-мақсаты да осы еді. Тіпті ол сәлден сон өзінің бейтаныс жігіттін жеңіл көлігінде келе жатқанын ұмыта бастағандай да күй кешті. Болатбек те ойға батып кеткен. Өзін жақсы танымаса да көлігіне міне салған бейтаныс қызга не айтсын. Алғашында өзі оны «Ауылдан келген бір анқау қыз болар» деп ойлаған еді. Енді ол ойынын жай бір қиял ғана екеніне көзін жеткізе бастады. Қыздың, тіпті, қаланың қызы ғана емес, сол қаланың кез келген қызын білім жағынан да, сезімталдық жағынан да кейінге тастап кететін қыз екені анық көрініп-ақ тұр. Тек оның тілі жаңа-жаңа шыққан балаша сөйлейтіні ғана ойға қалдырады. Дегенмен де, оның өзі де оған жарасымды сияқты көрінеді. Қалай сөйлегенде де қазақ тілінде таза сөйлесе, оған неге қуанбасқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет