Сайыстың тақырыбы



Дата06.07.2018
өлшемі27.33 Kb.
Келісемін: Бекітемін:

Директорың ОІЖ орынбасары: Мектеп директоры:

Толағайқызы Айнұр Ищанов Е.М.

«----» ---------2016 ж. «----» ---------2016 ж.


Петровка орта мектебі.




Тақырыбы

Өткізген Нұрмухамбетова Г.Ж

2016 ж


Сайыстың тақырыбы: «Әжелер – отбасының берекесі!»

Мақсаты: Наурыз туралы түсінік игеру,ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру.

Балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүр-

лерді бойына сіңіруге баулу.

Көрнекілігі: зал көрініске сай безендірілген.Әжелер мен немерелері ұлттық киімдер киген.

1-бала: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мына біз бар!



2-бала: Еркебұлан: Естімеген естіңіздер!

Тыңдамаған тыңдаңыздар!

Ауылда той басталды!

3-бала: Ақ түйе қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Сол тойға келдім шақырып,

Ат терлетіп алыстан!



Екеуі бірге: Тойға келіңіздер, тойға келіңіздер!

Наурыз келсе құт келгені халайық,

Тамашамен ел көңілін табайық.

Ұлыстың ұлы күнін сағындырған,

Есік ашып,шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық! (шашу шашылады)



Жүргізуші: Құрметті қонақтар,сүйікті балалар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты күнімен бірге қазақ даласына жаңа жыл да келді! Бәрімізге жаңа жыл бейбіт жылы болсын. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын. Ұлыс оң болсын, ақ болсын!

Ұлыстың ұлы күніне арналған әдет-ғұрпымызды сақтауда және салт-дәстүрі-

мізді дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында өткізіп отырған және асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Әжелер – отбасының берекесі!» атты сайысымызды бастаймыз.

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі! – дей отырып, ортамызға сайысқа қатысушы әжелерімізбен немерелерін ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық!


  1. Бізге әркез тілекші болып жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Көркемдей немересімен әжемізді қарсы алыңыздар.

  2. Өзі сондай әдемі,күндей күліп жүреді, -деп Ернар немересімен Бәти әжені қарсы алыңыздар.

  3. Әже-біздің күніміз,

Әжемнің біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз, - дей отырып, Альбинадай ерке немересімен Баян әжемізді қарсы алайық.


  1. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Зухраттың күн әжесі,нұр әжесі,асыл әжесі – Гүлмира әже мен Мадина әжені қарсы алыңыздар.

  2. Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді, - деп, Еркебұлан немересімен Балшекер әжені шақырамыз.
Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда.

Әділ қазы алқасы атыңды ақта,

Жүректерге арман мен бақыт жолда.

Әділ қазы алқасымен таныс болайық.


  1. Директордың ОІЖ орынбасары Ахатова Б.К

  2. ТІЖО Айнұр Толағайқызы

  3. Баст. сын. бірлестігі. жет. Егинбаева Ж.А

Ең алдымен мерекелік-шараның тапсырмаларымен таныстырып өтейін:

  1. «Шаңырағым – шаттығым!» Өзін және отбасын өлең жолдарымен таныстыру.

  2. «Ойлы болсаң – озып көр!» Тыйым сөздер мен мақал –мәтелдердің жалғасын табу және түсіндіру.

  3. «Өнерлі өрге жүзер!» Өз өнерлерін көрсету.

  4. «Шебердің қолы ортақ!» Қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

  5. «Ас – адамның арқауы!» Үйден пісіріп әкеліп, көрерменге көрсеткен ұлттық тағамдарының жасалу жолымен таныстыру.

  6. «Ою оя білесіз бе?»

  7. «Ата-дәстүр салтымыз!» Ұлттық салт-дәстүрден көрініс көрсету.

«Текемет басу» биі: билейтіндер қыздар тобы.

Сайысымызды бастамас бұрын Наурыз туралы түсінік беріп өтейін.

Жалпы, Наурыз мейрамы амандасу-сәлемдесу рәсімдерінен,адамдардың бір-біріне тілек айтуынан басталады. Ерлер бір-бірімен қос қолдап амандасып,төс қағыстырып, әйелдер мен ерлер құшақ жайып амандасып, «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!», «Ұлыс береке берсін,жамандық жерге енсін!» деген тілектер айтылады.Қазақ халқы арасында қалыптасқан салт-дәстүр негізінде Ұлыс күні жеті түрлі тағам қосылған – соғымнан қалған сүр ет, сүт, езілген құрт,бидай(тары,

күріш),су,тұз, ұн қосып,қазан толы наурыз көже пісіріледі.Қазақ ұғымында, жеті саны тұрақтылық пен ақылдылықтың символы болып саналады. Әр үйдің дастарқанына ақтан – сүт тағамдары, қызылдан – ет тағамдары, көк ырыстан – дән тағамдары мен жеміс жидектен жеті түрлі дәм қойылады.Наурыз көжені тойып ішеді. Көже ішіліп болған соң, бата беріледі.

Өнер қуып әжелер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген әжелер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

Олай болса ендігі кезекті сайысымыздың таныстыру бөліміне берейік.

2-бөлім: «Ойлы болсаң – озып көр!».

1-жұпқа сұрақ: Бесікті неге жатқа сатпайды?

(Жанұяда адам саны өспей қалады деп жатқа сатпаған).



2-сұрақ._«'>2-сұрақ. «Қой аузынан шөп алмас» деген мақалдың мағынасын ашыңыз.

3-сұрақ. «Есікті керме» тыйым сөзінің мағынасы қалай?

(есікті керсе, береке кетеді)



2-жұпқа сұрақ:

Неліктен ұл баланы 37-39 күнде, ал қыз баланы 42-44 күнде қырқынан шығарады? (Бұл ұл баланың қалыңдығына төлейтін қалың малы аз болсын, қыздың қалың малы көп болсын деген ырымды білдіреді).



2-сұрақ. «Тайға таңба басқандай» деген мақалдың мағынасын ашыңыз.

3-сұрақ. «неге өтірік жылама» дейді.

(өтірік жылау қайғы әкеледі)



3-жұпқа сұрақ:

Қазақша ай атауларын атаңыз.



2-сұрақ.

«Ит арқасы қиянда» деген мақалдың мағынасын ашыңыз.



3-сұрақ. «Үйге жүгіріп кірме» тыйым сөзінің мағынасы қалай?

3 – бөлім: «Өнерлі өрге жүзер».

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға

Әжелер аянбай-ақ жан салыпты.

4-бөлім: «Шебердің қолы ортақ!» Қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

Шеберлерім өнер шашып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтамыз төрелігін соңынан.

5-бөлім: «Ас – адамның арқауы!»

Ұлыс күні тағам толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Әжелер ұлттық тағам жасаса

Қолдарынан бал тамар.

6-бөлім: «Ою оя білесіз бе?»

Балалардың өнері. «Қазақы дастарқаным» әні.

Ұлдар мен қыздар айтысы.



Бәрі:

Айналайын халқым-ай

Болсын жүзің жарқын-ай

Ата салтын сақта деп,

Ұран етем баршаңа-ай.

Қыздар:

Құтты болсын айтамын,

Наурыз тойға халқым-ай.

Шықтық біздер жырлауға,

Қазағымның салтын-ай.

Ұлдар:

Тойға тарту етердей

Не сыйың бар еркем-ай

Жұмбақ,тақпақ,жаңылтпаш,

Айтасың ба ертегі-ай.

Қыздар:

Айтсам егер жаңылтпаш,

Жаңыласың қалқам-ай.

Жұмбағымды шеше алмай,

Жаңыласың қалқам-ай.

Ұлдар:

Қына тасқа бітеді,

Ақыл басқа бітеді.

Жұмбақтарды шешердей

Білім бізде жетеді.

Барлығы бірге:

Наурыз тойың бүгінгі

Құтты болсын халқым-ай.

Отанымның тұғыры

Мықты болсын халқым-ай

Мықты болсын халқым-ай!

7-бөлім: «Ата-дәстүр салтымыз!»

Білімсізден жаман жоқ,

Туғаннан соң адам боп.

Ел дәстүрін білмесң,

Жұрт айтады надан деп.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз, - демекші, сайысымыздың келесі кезеңі қазақтың салт-дәстүрлерін көрсету.


  1. Қаз-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.


  1. Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді,пәледен көш!

Алас,алас,пәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас.



  1. Әди,әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем.

  1. «Ашамайға отырғызу».

«Радуга биі»

Марапаттау рәсімі. Сайысқа қатысушы әжелерді марапатттау.
Каталог: 3C093023A11E79A7 -> d20bd00ede93fdbe0c8e991b19f245f6
3C093023A11E79A7 -> Математика- жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің 2014- 2015оқу жылындағы II- жарты жылдық есебі
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың мақсаттары: Білімділік
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері»
3C093023A11E79A7 -> Етістіктің шақтарын қайталау Сынып: 7 «А» Пән: қазақ тілі Өткізген
d20bd00ede93fdbe0c8e991b19f245f6 -> Сайыстың тақырыбы
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу
3C093023A11E79A7 -> Сабақтың тақырыбы: «paint графикалық редакторы»
3C093023A11E79A7 -> Сабақа тақырыбы: «Әлемде талай қызықбар!»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет