Саймагамбетова айнур онгарбековна ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары


экономикалық қауіпсіздікке әсер етуші факторлар мен оларды бағалаудың әдістемесі



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі388,03 Kb.
#32446
түріДиссертация
1   2

экономикалық қауіпсіздікке әсер етуші факторлар мен оларды бағалаудың әдістемесі;

  • экономика дамуының ішкі және сыртқы қатерлері мен оларды жою жолдары;


  • ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нақты мемлекеттік құралдар мен іс-шаралар.

    Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін отандық және шет елдік экономикалық ғылыми мектептердің макроэкономика теориясы және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Стратегиясы, Индустриалды-экономикалық даму стратегиясы, басқа да заңнамалық және құқықтық актілері, Дүнижүзілік банк, Халықаралық ұйымдармен келісім-шарттар және басқа да ресми деректер пайдаланылды.

    Зерттеу үрдісінде логика-теориялық, теориялық-әдіснамалық, экономикалық статистикалық салыстыру, жүйелі талдау мен болжау, құрылымдық, сипаттамалық және т.б. әдістер пайдаланылды.

    Ақпарат көздері ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің, Экономикалық даму және сауда, Сыртқы Істер, Қаржы және басқа да министрліктер мен ведомствалардың мәліметтері мен ресми құжаттары, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, сонымен қатар, автордың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері қолданылды.

    Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығын ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талдау нәтижесінде жасалған тәжірибелік қорытынды мен ұсыныстар деңгейінен көруге болады.

    Диссертациялық жұмыста келтірілген зерттеулер нәтижелері мен тұжырымдарды халық шаруашылығын басқаруда және экономикалық қауіпсіздік мәселелерін шешу іс-шараларын жүзеге асыруда, орта және қысқа мерзімді мемлекеттік немесе өңірлік даму бағдарламаларын даярлауда пайдалануға болады.

    Сонымен бірге, диссертациялық зерттеудің ғылыми нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі», «Мемлекеттік басқару теориясы» курстары бойынша дәріс оқуда және практикалық сабақтарда пайдалануға ұсынылады.



    Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.

    Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары келесі халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалған: «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» (Қызылорда, 2011); «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» (Қызылорда, 2012); Қызылора мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы (Қызылорда, 2012).

    Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0,75 шартты баспа табақ 3 ғылыми мақала жарияланды.

    Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері Қызылорда облысы әкімі аппаратының қызметінде Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының «Қызылорда облысының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы» бөлімін даярлау барысында қолданылды.



    Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 86 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 19 кестеден, 20 суреттен тұрады.
    НЕГІЗГІ БӨЛІМ
    Экономикалық қауіпсіздік – экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Факторлар – үдеріс, құбылыстардың пайда болу жағдайы, олардың сипатын анықтайтын жеке белгілер, нәтижелер, ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бір мезгілде, бір немесе бірнеше бағытта болуы мүмкін. Экономикалылық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.

    Экономикалық қауіпсіздік жүйесі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған және нормативтік актілердің жиынтығы.

    Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – атқарушы билік органдарымен, төтенше жағдайлардың салдарын жою мен бөлу қаупінің алдын алуға арналған қаражаттар мен күшті қамтитын экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі.

    Экономикалық қауіпсіздік объектісі – экономика мен мемлекетті тиімді басқару жүйесі аумақтық тұтастықты, егемендікті сақтауға ықпал ететін жағдайлар.

    Экономикалық қауіпсіздік субъектісі адам мен қоғам заңды-атқарушы сот билігі түріндегі мемлекет.

    Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.

    Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздік қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі, және одан мынадай міндеттер туындайды:

    1. Республикада экономикалық қызметтің тұрақты заңды базасын құру.

    2.Валюта - қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу.

    3. Өндіріс, экспорт,импортты оңтайландыру.

    4. Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың құрылуы мен қызмет істеуін реттеу.

    5. Жабық, құпия, комерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру.

    6. Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін құру.

    Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылымдық инвестицияның, валюталық-қаржылық, экспорттық-импорттық, кедендік институционалдық және кадрлық саясатты, экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз ету талап етіледі.

    Ұлттық қаупсіздік мемлекеттің тұтастығымен өмірін қамтамасыз етуден, елдің қажеттіліктерінің жиынтығын білдіретін, мемлекеттің ұлттық мүддесімен анықталады.

    Кез-келген мемлекеттің негізгі ұлттық мүдделері болып мыналар табылады:



    • елдің аумақтық тұтастығы;

    • мемлекеттік егемендігі;

    • елдің және халықтың экономикалық өркендеуі;

    • әлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болуы.

    Қазіргі жағдайда ұлттық қаупсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономикалық қаупсіздікке сүйенеді, яғни Қазақстанның даму стратегиясының негізгі бағыттарының маңыздысы экономикалық жүйенің қаупсіздігі болып табылады. Экономикалық және саяси тұрақсыздық, Қазақстан мен тек әлеуметтік экономикалық байланысты емес, сонымен бірге ондаған жылдар бойы ұлтаралық және жеке байланыстармен қарым-қатынасатын көршілес мемлекеттердегі ұлтаралық шиеленістер, республикадағы жағдайға теріс ықпалын тигізеді. Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы Қазақстан экономикасын қауқарсыз етеді.Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, біздің пікірімізше, «экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни экономикалық қауіпсіздік – тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады».

    Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет).

    Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект мемлекет болып табылады.

    Экономикалық қауіпсіздік

    Ішкі

    Сыртқы

    Қаржы-лық



    Сауда

    Технология-лық

    Азық-түлік

    Энергетика-лық

    Шикі-заттық

    Эколо-гиялық

    Ақпа-раттық

    Ескерту – автордың құрастыруы

    Сурет 1 ─ Экономикалық қауіпсіздік элементтері
    Экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Экономикалық қауіпсіздік қатерлері деп – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы потенциалдық мүмкіндікті айтамыз. Осылайша, экономикалық мүддеге қатер дұрыс дамушы қоғамдық ұдайы өндірістің жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.

    Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:

    - горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;

    - шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;

    - жұмыссыздық;

    - инфляция;

    - салық салудан көпшіліктің қашуы;

    - қазақстандық экономиканың монополизациясы;

    - экономиканың және қоғамның қылмысы;

    - ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;

    - валюталық ресурстардың азаюы.

    Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:



    • импорттық тәуелділіктің өсуі;

    • экономиканың тым ашық болуы;

    • Қазақстанның өзіндік инициативасымен табиғи ресурстардың нетто-экспортерына айналуы;

    • экономикалық динамиканың жаһандануы;

    • халықаралық ұйымдар мен байланыстардың ролі;

    • халықаралық еңбек бөлінісі мен сауданың динамикасы мен құрылымы.

    Ішкі қайшылықтардың өрши түсуінен, басшылықтың тиімді шешім қабылдай алмауынан ішкі қауіптер өсу үрдісіне ие болады да, сыртқы қауіптер үшін қолайлылық тудырады. Бұл, біріншіден, ішкі қауіптер мемлекеттің экономикалық, әсіресе, қаржылық қуаттын әлсірете отырып, әскерді модернизациялауға мүмкіндік бермейді.

    Екіншіден, мемлекеттің экономикалық әлсіздігі ұлтты халықаралық қаржылық ұйымдардың алдында тәуелді етеді, өйткені, елдің бюджеттік ресурстары мемлекеттің минималды әлеуметтік міндеттемелерін де төлеуге мүмкіндік бермейді. Қарызды көптеп алу бюджет мәселесін шешпейді, қайта сыртқы қарызға көрсетілетін қызмет шығындарын өсіре түседі.

    Үшіншіден, ішкі қауіптер отандық тауар өндірісінің ішкі сұранысты қанағаттандыра алмауы экономиканың импортқа, сыртқы рынок конъюнктурасына, оның тауарлық және қаржылық сегменттеріне, оның ішінде азық-түлік, машина құрал-жабдықтар, халықаралық несиелерге деген тәуелділікке әкеп соқтырады.

    Төртіншіден, ішкі қауіптерді жеңе алмаған мемлекет сыртқы саясатты да белсенді жүргізе алмайды, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғамайды, бәсекеге қабілетті өнім шығармайды (2-сурет).


    Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен стратегиясы

    Экономика саласындағы мемлекеттің ұлттық мүдделері

    Экономика саласындағы қауіптер



    Экономикалық қауіпсіздік индикаторлары

    Экономикалық қауіпсіздік индикаторларының төменгі деңгейі



    Экономикалық қауіпсіздіктің ұйымдық құрылымы

    Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету












    Ескерту –автордың құрастыруы


    Сурет 2 - Экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрылымы
    Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды қолдануды талап ететін экономикалық қауіпсіздіктің келесі ықтимал қауіп-қатерлеріне назар аударған жөн.

    Бірінші. Өнеркәсіптің өндіруші және қайта өңдеуші салаларының бірдей дамымау үрдісі.

    Экономиканың шикізатқа бағытталуы бір жағынан, оның шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелділігін байқатса, екінші жағынан шикізаттық емес сектордың дамуы үшін елеулі түрде кедергі келтіретін фактор болып табылады, ол Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінде барабар емес рөлге ие болуына әкелуі мүмкін.

    Екінші. Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында теңгерімсіздікдің (дисбаланс) сақталуы.

    Өңірлердің даму деңгейінде де едәуір айырмашылықтар бар, ол ұлттық табыстың жан басына шаққанда өндіріс деңгейіндегі алшақтықты туындатады. Бұл реттелмейтін ішкі еңбек миграциясының өсуіне әкеліп, әлеуметтік мәселелерді шиеленістіруі мүмкін.

    Әрине бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалуда. Дегенмен, олар әлі де болса осы мәселелерді түбегейлі шеше алмай отыр.

    Үшінші. Қаржы саласында қалыптасқан кейбір үдерістер. Кредит берудің күрт өсуі банк кредиттерінің сапасы туралы мәселені өткір қоюда. Қазіргі уақытта банк активтерінің 70%-ы кредиттермен ұсынылуда.

    Мұнайды өндіру көлемінің және оның бағасының өсуінің салдарынан қаржы ресурстарының құйылуының едәуір артуы айырбас бағамы мен инфляцияға күшті қысым жасайды. Мұнайды өндірудің жоспарлы түрде кеңейтілуін ескерсек, аталған үрдіс күшейе түсуі мүмкін.

    Елдің жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) бақыланбайтын өсуі қатерді күшейтуде. 2011 жылдың басында ЖСҚ 124 млрд. АҚШ долларынан асты. ЖСҚ-ның өсуінде негізгі рөл мемлекет кепілдік бермеген, жекеше сектордың қарыздарына тиесілі болып отыр.

    ЖСҚ көлемінің өсе түсуі, ең алдымен мемлекеттің беделіне кері әсерін тигізіп, капиталдың ішкі нарықтарының өсуін тежеп, қаржы секторының тұрақтылығынан айырылуына әкеліп соқтырады.

    Төртінші. Қазақстанның Дүнижүзілік сауда ұйымына кіруі үшін экономиканың жекелеген секторларының (мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б.) дайындығы төмен деңгейде қалуы.

    Қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейінің төмендігі келіссөз үдерісі үшін қажетті, талдау құрамдасын жетілдіруді талап етеді.

    Импорттық тауарлар мен қызметтердің Қазақстан нарығына келіп түсуінің күшеюінен болатын салдарларға жасалған жан-жақты экономикалық есептеулер жоқ. Қазақстанның заңнама саласының жүйелі сипатының, халықаралық заңнама жүйесімен үйлесуіне дайындығының салдарлары мәселесі жеткілікті пысықталмаған.

    Төлем балансы бойынша көптеген есеп-шоттар көрсеткіштері әліде тұрақты болмай, теріс сальдо көрсетіп отыр. Мысалы, қызмет көрсету мен табыс баланстарында теріс сальдоның мөлшері 10 АҚШ млрд. асып кеткендігі рас.

    Бесінші. Экономиканың «көлеңкелену» деңгейінің жоғарлығы. Бағалауға қарасақ, экономиканың 20%-ы «көлеңкеде» қалуда. Сонымен қатар, экономикада қазіргі бар «көлеңкелеу» кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықпен қысым жасаудан туындаған бизнес жүргізу рәсімдерінің сақталып отырғанынан болып отыр.

    Көлеңкелі экономиканың басым бөлігі саудада, шағын және орта бизнес деңгейлерінде сақталып отыр.

    Сондай-ақ, бизнесті ашу, ұйымдастыру, жүргізу және мемлекетке салық төлеу салаларында мемлекет тарапынан рәсімдік кедергілер болғандықтан, көлеңкелі экономика сақталып отыр.

    Алтыншы. Экономикалық дамудың негізгі проблемаларының бірі халықты әлеуметтік қорғаудың әлсіздігі болып отыр.

    Жұмыссыздық пен кедейшілік, қоғамның әлеуметтік жіктелуі, өмірлік қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізудің тарылуы, білім стандарттарының жеткіліксіздігі, азық-түлік пен ауыз судың сапасы, сәбилер өлім-жітімінің көбейе түсуі Қазақстанның сапалы өсу жолына шығу процесіндегі басты негізгі қатерлер болып табылады.

    Тұтас алғанда, жоғарыда аталған проблемалар мен қатерлердің күшеюі макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, «голланд ауруына», шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетінің кемуіне, отандық тауарлар нарығынан шығып қалуға әкеліп соқтыруы мүмкін.

    Осы орайда жоғарыда көрсетілген экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындау керек. Экономикалық қауіпсіздік саласындағы мақсат ұлттық экономиканы ғаламдану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

    Жоғарыда көрсетілген басты қауіп-қатерлердің дамуына жол бермеу мақсатында және Қазақстан экономикасының даму үдерістерін мұқият ескере отырып, экономикалық қауіпсіздік саласында алдағы уақытта және кезеңде негізгі басымдықтар мыналар болып табылады: 1. Экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау). 2. Салалық және өңірлік алшақтықты азайту. 3. Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуінің тиімді тетігін жасау. 4. Қаржы тұрақтылығын нығайту. 5. Бәсекеге қабілетті ғылыми-зияткерлік әлеуетті дамыту. 6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

    Қызылорда облысы көлемінде әр ауданда тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Соның бірнеше кезеңдегі нәтижелерін қорытындылай келе тұрғындарды мынадай мәселелердің толғандыратындығын атап өтуге болады:

    - тамақ өнімдерінің бағасы және қызметтер тарифі. Мұны сауалнамаға қатысушылардың - 51 пайызы атап өткен;

    - жұмыспен қамту мәселесі халықтың - 39 пайызын толғандырады;

    - жол ахуалы - 31 пайызын;

    - су, жылу, электр энергиясымен жабдықтау және тұрғын үй салу мәселесін қамтитын тұрғын үй коммуналдық саласы - 24 пайызды құрап отыр;

    - халықтың 23 пайызын денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы толғандырады екен.

    Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында жыл сайын облыс бойынша 230 мың тоннадан аса күріш салысы, 90 мың тоннаға жуық картоп, 80 мың тоннадай көкөніс, 100 мың тоннадан аса бақша, 15 мың тоннадан аса ет, 70 мың тонна сүт, 30 млн. данадай жұмыртқа өнімдері өндіріліп келеді.

    Ұлттық тұтыну нормасы бойынша облыс халқының бір жылдағы қажеттілігі күрішке 1,5 есеге, картопқа 1,9 есеге, көкөніс-бақшаға 3,0 есеге артық. Сонымен қатар, сиыр, қой, құс еттеріне, сүтке, жұмыртқаға қажеттілікті жергілікті өндіріс толық қанағаттандыра алмайды. Жетіспейтін өнім көлемі республиканың өзге өңірлерінен тасымалданады.

    Экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар мониторингі жедел ақпараттық-сараптамалық бақылау жүйесі ретінде экономикадағы күрделі макроэкономикалық және салааралық теңсіздіктерді айқындайды және

    әлеуметтік-экономикалық индикаторлардың тұрақсыздығын бейнелейді. Іс жүзінде, аталмыш мониторинг экономиканың дағдарыстық немесе жағымсыз құбылыстарын анықтайды. Оларды тек анықтап қана қоймай, жаңа қатерлердің туындау мүмкіндіктерінің алдын-алу жолдарын қарастыруы тиіс (3-сурет).



    Ескерту – автордың құрастыруы


    \

    Ескерту – автордың құрастыруы

    Сурет 3 - Экономиканың нақты секторының экономикалық қауіпсіздігі

    Осылайша, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлар мониторингі осы қауіптердің алдын-алу шараларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар болып табылады. Ол қысқа, орта, ұзақ мерзімді мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты талдау элементі болуы тиіс.

    Біз нақты сектордың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өндірістің жекелеген салаларына қатысты қауіпсіздік қатерлері деңгейін төмендету сызбасын ұсынамыз. Сызба екі түрлі бағытта жүзеге асырылады.

    Алғашқы болжамдық-бағыттық кезеңде әлеуетті қауіптер анықталады және қауіптерді жоюдың тұжырымдамалық үлгілері жасақталады.

    Екінші іскерлік жобаларды жасақтау кезеңінде, белгілі бір қауіптің алғышарттары анықтала бастағанда, қауіпті төмендетудің жобалық, нақты сызбалары жасалады (жобаның технико-экономикалық негіздемесі көлемінде).

    Мұнда қауіпсіздік қатерлерін төмендетудің мүмкін боларлық сызбалары келтіріледі (4-сурет).





















    Ескерту – автордың құрастыруы


    Сурет 4 - Қауіпсіздік қатерлерін төмендету сызбасы

    Экономикалық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың:

    - ұлттық экономиканың, оның iшiнде оның индустриялық-инновациялық құрамдас бөлiктерiнiң тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге;

    - Қазақстанның қаржылық, энергетикалық, азық-түлiк және көлiктiк тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;

    - Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық жүйеден экономикалық оқшаулануына жол бермеуге;

    - экономикалық шешiмдердi қабылдауда, соның iшiнде экономикалық кiрiгудiң ұлттық органдардан жоғары тұратын органдар шеңберiнде шешiмдер қабылдауда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн сақтауға;

    - экономиканы әрi қарай әртараптандыру, ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау мен нығайтуға;

    - Қазақстанның геосаяси айналасында туындайтын терiс факторлардың әсерiнен мемлекет экономикасының осал деңгейiн барынша азайтуға;

    - отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, отандық экономиканы қалпына келтiру мен дамытуға арналған iшкi, сыртқы кредиттiк ресурстар мен инвестициялық мүмкiндiктер бағытының басымдығына;

    - мемлекеттiк бюджет тапшылығының шектi рұқсат етiлетiн деңгейiнен асып кетпеуiне және оның кiрiс бөлiгiн нығайтуға;

    - бюджет қаражаты мен мемлекеттiк ресурстардың мақсатсыз пайдаланылмауына жол бермеуге, көлеңкелi экономика көлемiн қысқартуға;

    - сыртқы қарыздың «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерге қарағанда ұлғайып кетуiне жол бермеуге;

    - Қазақстан өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы қатерлi теңдессiздiкке жол бермеуге;

    - бәсекенi көтермелеу және монополизмдi шектеу жағдайында ел экономикасында отандық тауарларды өндiру мен қызмет көрсету үлесiн арттыруға;

    - отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыруға;

    - iшкi және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерiне қарамастан азық-түлiк тауарларының мемлекеттiк ресурстарында басымдық қалыптастыруды, жаңартуды және толықтыруды қамтамасыз етуге;

    - экономиканың жай-күйi және шет мемлекеттермен тауарлы-экономикалық қатынастар туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шешiмдермен және iс-қимылдармен қамтамасыз етiледi.

    ҚОРЫТЫНДЫ


    «Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

    1. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез-келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Мұндай үдеріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша да байқалып отыр. Ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, ол қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.

    Егер ұлттық және экономикалық қауіпсіздік теориясы бойынша басты мәселе Қазақстанға жұдырық көрсететін субъектілер мен мемлекеттерден қорғанудың жай-күйі болса, ұлттық қуаттылық теориясына сәйкес басқа мемлекеттерге Қазақстанның өзі жұдырық көрсетуі керек және оған қажетті ресурстарды жоғары деңгейде үнемі ұстап отыру қажет.

    2. Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының стратегиялық ресурстары екі бөлімнен яғни қатаң және жұмсақ (идеационалдық) факторлардан құралуы керек. Қатаң факторларға экономикалық ресурстар; қаржы ресурстары; территория; табиғи ресурстар; Әлемдік мұхитқа шығу жолы; білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, басқару ресурстары және әскери ресурстар жатады. Сонымен бірге, адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілуі, әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі

    Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі  қамтамасыз етіліп, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылуы қажет.

    Оған қосымша экожүйелерді сақтау жене қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалуі қажет.

    Ұлттық қауіпсіздіктің демократиялық және ашық доктринасы негізінде халықаралық қауіпсіздік жүйесімен біріктірілген (ұлттық мүддені ескере отырып) ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптастырылады.


    1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі бағыттар жүзеге асырылуы тиіс:

    • экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек. Бірінші түйінді бағыт — дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық - бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.

    Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
    4.Ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономиканы жемісті әртараптандырумен, республиканың орнықты дамуымен тікелей байланысты.

    Соның ішінде:



    • жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;

    • инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік ауыртпалықтардың келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірлілігі төмен экономиканың «жасыл» саясатын енгізу жолымен үздіксіз байланысты.
            Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледі.

    ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ




    1. Сыртқы экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудегі протекционистік саясат // «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 25 қараша 2011. 0,25 б.т.

    2. Экономикалық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы факторлары // Экономика факультетінің 20 жылдығына және Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, 2012 ж. 0,25 б.т.

    3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыру бағыттары // Қызылора мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинақтары, Қызылорда, 2012 ж. 0,25 б.т.
    РЕЗЮМЕ
    САЙМАГАМБЕТОВА аЙНУР ОНГАРБЕКОВНА
    Пути обеспечения национальной экономической безопасности

    (на материалах Республики Казахстан)
    на реферат диссертации на соискание академической степени магистра экономики по специальности 6М051000-«Государственное и местное управление»
    Актуальность темы исследования. Прошедшие годы независимости показали, что рыночная экономика сама по себе не обеспечивает полноценную экономическую безопасность на уровне государства, предприятий и личности. В действующем законодательстве экономическая безопасность понимается как «...состояние защищенности национальной экономики Республики Казахстан от внутренних и внешних условий, процессов и факторов, ставящих под угрозу ее устойчивое развитие и экономическую независимость». Исходя из этого, помимо защитных мер, государство должно повысить уровень национальной силы. В этой связи, понятие «национальная сила» в специфическом смысле понимается как стратегическая способность суверенного государства использовать все свои ресурсы для того, чтобы влиять на другие страны. Ее основу составляют стратегические ресурсы, стратегические возможности и достигнутые результаты.

    Цель диссертационной работы заключается в обосновании и определении теоретико-методологических основ национальной экономической безопасности и разработке научно-практических рекомендаций в решении проблем экономической безопасности.

    Объектом исследования выступает национальная экономика Республики Казахстан.

    Предметом исследования является процесс повышения эффективности методов в рамках государственной экономической политики при обеспечении национальной экономической безопасности государства.

    Научная новизна диссертационной исследовательской работы:


    • разработаны и систематизированы теоретические и прикладные аспекты экономической безопасности государства, даны авторские определения на понятия «экономическая безопасность» и «обеспечение экономической безопасности»;

    • дана оценка касательно состояния экономической безопасности страны, выявлены ее основные вызовы и угрозы, предложены приоритетные меры по их минимизации и устранению;

    - разработаны рекомендации на основе анализа проблем обеспечения национальной экономической безопасности страны.

    SUMMARY
    SAIMAGAMBETOVA AINUR ONGARBEKOVNA
    Ways of ensuring national economic security

    (on materials of the Republic of Kazakhstan)

    the referat of the dissertation on competition of the academic degree of the master of economy in the specialty 6М051000-State and Local management

    Relevance of the research theme. Last years independence showed that the market economy in itself doesn't provide high-grade economic safety at level of the state, the enterprises and the personality. In the current legislation economic safety is understood as «... a condition of security of national economy of the Republic of Kazakhstan from internal and external conditions, processes and the factors threatening its sustainable development and economic independence». Proceeding from it, besides protective measures, the state should raise level of national force. In this regard, the concept «national force» in specific sense is understood as strategic ability of the sovereign state to use all the resources to influence other countries. Its basis is made by strategic resources, strategic possibilities and the reached results.

    The purpose of dissertational work consists in justification and definition of teoretiko-methodological bases of national economic security and development of scientific and practical recommendations in the solution of problems of economic safety.

    As object of research the national economy of the Republic of Kazakhstan acts.

    Object of research is process of increase of efficiency of methods within the state economic policy when ensuring national economic security of the state.

    Scientific novelty of dissertational research work:

    - theoretical and applied aspects of economic safety of the state are developed and systematized, author's definitions on concepts «economic safety» and «ensuring economic safety» are given;

    - the assessment concerning a condition of economic safety of the country is given, its main calls and threats are revealed, priority measures for their minimization and elimination are offered;



    - recommendations on the basis of the analysis of problems of ensuring national economic security of the country are developed.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет