«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»


Өнім сапасын бақылау, басқару



бет48/101
Дата12.10.2020
өлшемі302,18 Kb.
#68197
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101
3. Өнім сапасын бақылау, басқару

Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:

1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)

2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)

3. Сапаға кешенді басқару жүйесі

4. Мемлекеттік қабылдау

Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.

1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру

Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.

Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.

Сапаны бақылау түрлері:

а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;

б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;

в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;

г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.

д) қабылдау және аралық бақылау

е) соңғы бақылау.

ж) инспекциялық

з) өзін-өзі бақылау

и) жедел

Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.

Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.

1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.

2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.

3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.

4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.

2. Өнім сапасын басқару

Сапаны басқару өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.

Сапаға әсер ететін факторлар:



  • Машиналар құрамы;

  • Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.

Сапаны қамтамасыз ету шарттары:

өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;

қоршаған ортаның климаттық жағдайы;

интерьер және өндірістік дизайн;

материалдық және моральдық стимулдар сипаты;

ұжымдағы моральды–психологиялық климат;

ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;

жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.

Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:


  1. Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);

  2. Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);

  3. Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);

  4. Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы

Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.

Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.

Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.

Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.



3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.

Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).

Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.

4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.

Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.

ҚР стандарттау жүйесі келесі міндеттерді атқарады:

• тұтынушылардың, мемлекеттің сапа және өнім номенклатурасы бойынша мүддесін қорғау;

• ғылым және техниканың, халық қажеттіліктерінің дамуына сәйкес өнім сапасын үнемі өсіру;

• өнімнің өзара сәйкестігі мен өзара ауыстырғыштық қасиеттерін қамтамасыз ету;

• адам және материал қорларының үнемделуін қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерді өсіру;

• әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар және жобалардың нормативтік-техникалық базасын құру;

• өндірісте және саудада техникалық кедергілерді жою, отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін өсіру;

• әртүрлі апаттардың болу тәуекелін есебке алып шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін өсіру;

• елдің қорғаныс қабілетін өсіру.

Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.



Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.

Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).

Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет