«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»


Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі



бет61/101
Дата12.10.2020
өлшемі302,18 Kb.
#68197
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101
1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі.

Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады.

Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес. Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет. Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді.

Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі, параллель және аралас деп бөледі.

Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын, ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді, жылжытуды көрсетеді. Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес. Паралельділік мұнда бірдей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін. Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығы мына формуламен анықталады:

m z


Т =N S ti + S Te ; i=1,…,m,

i=1 i=1


Мұндағы N - партиядағы өнім бірлігінің саны; m - өндірістік процестегі операциялар саны; i - операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы; z - өндіріс процестегі табиғи операциялар саны; Te- табиғи операциялар ұзақтығы.

Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады. Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі.

U = N - Rм

Мұндағы -- жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны.

Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет