Тақырып 14. Менеджер еңбегін ұйымдастыру. (1 сағат)
Менеджерге қойылатын талаптар
Біздің елімізде нарықтық экономика дамуымен бірге күнделікті өмірімізге «менеджмент» және «менеджер» деген ұғымдар жылдам және орнықты енген, сонымен қатар «басқару», «басқарушылық қызмет», «басшы», «директор» деген терминдердің орнын ауыстырды. Осы аталған ұғымдар бір - біріне жақын болғанымен, «басқару» деген түсініктің ауқымы өте кең. Жалпы алғанда, «басқару» деген - ол басқарылатын жүйеге басқаратын жүйенің әсер етуі. Атап айтқанда, басқару субъектісі ретінде менеджер болады.
Менеджер жөнінде сөз қозғамай тұрып, «менеджмент» деген ұғымды енгізген жөн. Бұл ұғым американдық management – басқару деген сөзден таралған. Менеджмент – бұл басқарудың экономикалық механизмдерінің қағидаларын, функцияларын және әдістерін қолдана отырып, материалды және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы, нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирманың қандай да болмасын шаруашылық қызметіне жетуге бағытталған кәсіби іс-әрекетінің өздік түрі. Бұл анықтама тар мағынада берілген және нарықтық жағдайларда әрекет жасайтын фирмалар деңгейінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруда қолданылады, ал АҚШ-та бұл ұғымды кәсіптік емес мекемелерге қатысты қолданылады.
Егер «менеджмент» ұғымын кеңірек ашатын болсақ, онда оған:
нарықты зерттеу (сұранысты, тұтынуды), яғни маркетинг және болжау;
өніміді неғұрлым аз шығындармен өндіру және мейлінше көп пайдамен оны өткізу;
персоналды басқару, немесе алдыға қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты талдау және бағдарлама әзірлеу.
Менеджменттің негізгі функциясы – алдыға қойылған мақсаттарға тиімді жету. Шағын фирмаларда бұл рөлді директор атқарса, ірі фирмаларда – менеджер (ұйымдастырушы, меңгеруші, басшы) атқарады. Бір жағынан, басқарудың көп деңгейлі деңгейіне байланысты директор өзінің шешімдерін төменгі сатыларына жеткізуге және бақылауға мүмкіндігі болмайды, қосымша, оның басқа да үлкен ауқымды міндеттері мен проблемалары да көп. Екінші жағынан, директорға қарағанда, кәсіби менеджер көп проблемаларды тезірек шешеді. Соған қарағанда, менеджер фирмада өте маңызды адам болып саналады. Мысалы, 1981 жылы «Крайслер» компаниясы жоғарғы меңгеруші лауазымына белгілі кәсіби менеджер – Ли Яккоканы шақырған болатын. Бұл келісімнің мәні келесіде болатын: 1980 жылы «Крайслер» компаниясы банкроттық жағдайға таяп, 1,1 млрд. доллар зиян шеккен. Ол кезде Ли Яккока ең белгілі кәсіпкерлер тізімінің 1-ші орнын алып отырған. Ең жоғарғы еңбек ақыны оған тағайындаса да, Ли Яккока ауысуға келісім бермеген, өйткені ол шексіз құқықты өзіне талап еткен. Соңында, «Крайслер» компаниясының басшылары оның қойған талаптарына келісім беріп, бұл компанияны дағдарыстан қалай шығаратынын білетін маман ретінде мойындағанын білдірген. Атап айтқанда, құлдыраудан кейін үш жыл аралығында «Крайслер» компаниясы өзінің даму тарихында өндірістің жоғарғы деңгейіне және автомобильдің сапасына жетіп, 1985 жылдан бастап американдық және әлемдік нарықтың қосымша үлесін меңгере бастады.
Бұл мысал, менеджер мамандығының қандай маңызды орын алатынын дәлелдеп отыр. Бірақ, басқарудың жоғарғы деңгейіне жету үшін менеджер өзінің функцияларын өте нақты білуі қажет.
«Менеджер» түсінігі өте кең таралған және келесі жағдайларға қарап қолданылады:
жеке бөлімшелер немесе бағдарламалық-тұтастық топтар шеңберінде нақтылы жұмыстарды орындайтын ұйымдастырушыға;
жалпы кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің басшысына;
бағыныштыларға қатысты басшыға;
басқарудың барлық деңгейдегі әкімшілігіне.
Барлық деңгейдегі менеджерге жоғарғы талаптар қойылады. Менеджер орындайтын бірнеше рөлдерді атап көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |