Мақалаларды қабылдау және қарау мерзімі
Шыға-
рылым
Мақаланы қабылдау
мерзімі
Мақаланы қарау мерзімі
Шығу
мерзімі
№ 1
1 ақпанға дейін
20 наурызға дейін
30 наурыз
№ 2
1 мамырға дейін
20 маусымға дейін
30 маусым
№ 3
1 қыркүйекке дейін
20 қыркүйекке дейін
30 қыркүйек
№ 4
1 қарашаға дейін
20 желтоқсанға дейін
30 желтоқсан
Мақалалар мына электронды поштаға жіберілсін:
vestnik@kazmkpu.kz
Редакциялау және рецензиялау тәртібі
1. Мақаланы алғандығы туралы хабарлама авторларға мақала келіп түскеннен кейін 3 күн ішінде
жіберіледі.
2. Мақаланы өңдеудің орташа мерзімі 1 айдан 3 айға дейін.
3. Редакцияға келіп түскен әрбір мақала бойынша авторларға журнал редакторы қол қойған
түсініктеме жіберіледі. Түсініктемеде мақалаға жалпы баға беріледі, түсініктеме мақаланың
техникалық ресімделуі, мазмұны, мазмұндау логикасы, дереккөздері және т. б. бойынша
ескертулерді қамтиды.
4. Алынған пікірге жауап ретінде авторлар мәтінге тиісті түзетулер енгізеді және мақаланың
пысықталған нұсқасын қайта жібереді.
5. Редколлегия авторларға мақала талаптарға толық сәйкес келгенге дейін түсініктеме жіберіп
отырады. Егер редакция алқасының ұсынымдарын авторлар орындамаса, редактор хат жазысуды
тоқтату құқығын өзіне қалдырады.
6. Авторларға түзетулерді мақаланың редактор жіберген нұсқасына енгізу ұсынылады.
7. Мақала мәтінін толық талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін редколлегия мақаланы екі жақты
анонимді рецензиялауға (double-blind review) жібереді, ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Ішкі
рецензиялауға редколлегия және журнал редакциялық кеңесінің мүшелері, сыртқы пікірге –
мақала тақырыбына жақын ғылыми қызығушылығы бар тәуелсіз сарапшылар тартылады.
8. Рецензентке мақала мәтіні (авторлар туралы деректерсіз) және рецензия формасы жіберіледі.
9. Рецензиялау мерзімі рецензенттің мүмкіндіктеріне байланысты, бірақ мақаланы алған сәттен
бастап 1 айдан аспауы керек. Рецензияны алмаған жағдайда мақала басқа сарапшыға
рецензиялауға жіберіледі.