Сальмонеллездердің эпидемиологиялық көрсеткіштері


Ауруханаішілік сальмонеллез



бет5/21
Дата07.02.2022
өлшемі273,45 Kb.
#91488
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
инфекк

Ауруханаішілік сальмонеллез:

көбінесе жаңа туылған нәрестелер және бір жасқа дейінгі балалар зақымданады;

 сырқаттанушылық қыс-көктем мезгілінде жоғарылайды;

 қоздырғыштың жетекші беріліс жолдары тұрмыстық, ауа-шаңдық болып табылады және жасанды беріліс жолдары да (демалыс аспаптары, катетерлер, эндоскоптар, т.б. құрал-саймандар арқылы) болуы мүмкін;

 жұқпа ошақтары ұзақ сақталады, себебі бактерия тасымалдаушылықты анықтау қиын;

 аурухана ішінде балаларды күтуге арналған заттар залалданады;

 сальмонеллалардың берілуі кейде желдету жүйесі арқылы іске асады;

 көбінесе балалар соматикалық сырқаттарының аясында және

антибиотикпен қарқынды емдегеннен соң ауырады;

 емдеу қиын, өйткені қоздырғыштар антибиотиктерге R-плазмидалармен негізделген төзімділікке ие болады.

Қауіп қатер факторлары:


жас балалар және қарттар;
қарқынды емдеу және реанимация бөлімінде болу және осы бөлімдерде жағдайы ауыр науқастардың көп болуы, оларға инвазивті тексеру әдістерін қолдану;
операциялық іс-әрекеттер;
пациенттің иммундық жағдайының өзгеруіне әкеліп соғатын химиялық препараттармен және антибиотиктермен, гормондармен белсенді емдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет