100-бап. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
1. Салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салу негізінде осындай мәліметтерді:
1) әділет органдарына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген тұлғаларға, салық төлеушіге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға беру электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2. Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.
3. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 58, 59 және 60-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.
4. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде беріледі.
1-параграф. Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару
Достарыңызбен бөлісу: |