Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет423/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   626
498-бап. Төлеушілер

      1. Мынадай:

      1) жеке меншiк құқығында;

      2) тұрақты жер пайдалану құқығында;

      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін жер салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жер салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер – осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;

      2) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;

      3) қылмыстық жазаларды атқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

      тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi;

      құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

      гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      5) "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:

      тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      6) жеке тұратын зейнеткерлер:

      тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      7) дiни бiрлестiктер.

      Осы Кодекстің мақсаттары үшін заңды мекенжайы (олардың тұратын жерінің мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер жеке тұратын зейнеткерлер деп танылады.

      4. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) – 7) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе мүлікті жалға беру (жалдау) шарты бойынша берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

      5. Мемлекеттік мекемелер сенімгерлік басқаруға берген жер учаскелері бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 41-бабына сәйкес айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет