Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет437/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   626
515-бап. Салықтық кезең

      1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жер салығын есептеу үшiн салықтық кезең болып табылады.



516-бап. Салықтық есептілік

      1. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар жер учаскелерінің орналасқан жерi бойынша салық органдарына салықтық кезеңнің басындағы жағдай бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ағымдағы салықтық кезеңнің 15 ақпанынан кешіктірмей жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады.

      2. Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

      ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын – ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде;

      ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын – салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.

      Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

      3. Декларацияны жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде:

      1) заңды тұлғалар;

      2) дара кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша;

      3) жеке тұлғалар (оның ішінде жеке практикамен айналысатын адамдар) – кәсіпкерлік қызметте және (немесе) осындай жеке практикаға байланысты қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) жер учаскелері бойынша айқындалған салықтық міндеттемелер бойынша ұсынады.

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ

64-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   433   434   435   436   437   438   439   440   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет