«Салық және салық салу » пәнінен тест сұрақтары Нұсқа - 1 1. Салықтар қай кезде пайда болды? А) сауданың дамуымен;
Б) мемлекеттің пайда болуымен;
С) өндірістің дамуымен;
Д) тауар-ақша қатынастарының дамуымен;
Е) бюджет жүйесінің дамуымен.
2. Салық дегеніміз не? А) мемлекетбір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
Б) мемлекеттік органдар көрсеткен қызметтер үшін төленетін және оны төлеушіге белгілі бір құқық не рұқсат беретін қайтарымды, баламалы міндетті төлем;
С) заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мүліктерді пайдаланғаны үшін төлейтін алымы;
Д) заңды және жеке тұлғалардың арнайы қорларға төлейтін төлемдері;
Е) мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға көрсеткен қызметінің белгілі бір түрлері үшін алынатын ақшалай алымы.
3. Салық – бұл: А) экономикалық категория;
Б) заңды тұлғаның табысы;
С) қаржылық ресурстар;
Д) жиынтық табыс;
Е) әлеуметтік қатегория.