Салқынбай А., Абақан Е. с



Pdf көрінісі
бет27/336
Дата14.12.2021
өлшемі13,56 Mb.
#126888
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   336
Байланысты:
Салқынбай линг. Түсіндірме сөздік

АНЫ Қ-АПОК
ға. А. арқылы зат атауы мен бел- 
гі атауы арасындағы атрибутивті 
қатынастар пайда болады,  яғни 
бұл  қатынастарда  белгі  мен 
белгілеп  тұрған  зат  бір  тұтас 
ұғым береді.  Мыс.,  салыстыры- 
ңыз,  «Шөп  -   көк»  сөйлемінде, 
за тты ң   б е л гіс і  м а ң ы зд ы р а қ 
болып  түр  (предикативті  қаты- 
нас),  яғни  бұл  А.  емес,  ал  «көк 
шөп»  сө з  т ір к е с ін д е ,  б е л гі 
заттың ішкі қасиетін білдіріп тұр 
(атрибутивті қатынас). Агглюти- 
нативті  тілдерде  атрибутивті 
қаты насты ң  гр а м м а ти ка л ы қ 
көрінісін А.  пен  анықталып  тур- 
ған сөздіңсәйкестілігінен көруге 
болады. А. қүрамына қарай дара 
А.,  күрделі А.  болып,  байланысу 
сипатына  қарай  сапалы қ  А. 
(мыс.:  сүр  бұлт, дымқыл түман) 
және  меншік  А.  (қыстың  аязы, 
Айбаланың  м інезі,  қа за қты ң  
даласы  т.б.)  болып  бөлінеді.
АПЕЛЛЯТИВ 
-  жалқы  есім- 
дерге  қарама-қарсы  қойылған 
тілдің  лексикалық  қорындағы 
кез  келген  сөз.  Ономастикада 
ономастикалық  лексика  (атау- 
лар,  есім д ер)  тіл д е гі  жалпы 
лексикалық  қордағы  А.  -  терге 
қа рсы   қойы л ад ы .  А .-т е р д ің  
ж а л қы   е сім   қа т а р ы н а   ө туі 
онимизация  деп  аталады.
АПОКОПА 
-  морфонология- 
лык  қүбылыс.  Соңғы  буындар- 
дың  түсіріліп  айтылуы.  Мыс.: 
қ а з а қ   т іл ін д е г і  -ады ,  -е д і 
формантты  етістіктерде  соңғы


АП ЕЛ-АРАБ
дауысты дыбыстар түсіп қалады 
(«барады  -   барад»,  «келеді  -  
келед»).  «Барамын  -   барам», 
«келемін -  келем»,  «барғанмын 
-барғам»,  «келгенмін-келгем» 
сияқты  сөздерде  соңғы  буын 
түсіп  қалады.  А.  көбіне  шеттен 
кір ге н   сөзд ерд е  ке зд е се д і: 
«минөт  -   минута»,  «газет  -  
газета»  т.с.с.
АРАБ  ЖАЗУЫ 
-   әріптерден 
түраты н  консонантты   жазу. 
Шамалы  өзгерістер  енген  бұл 
жазу -  Иран, Ауғанстан,  Пәкістан, 
Ү н д іс т а н ,  ҚХР,  Кам бодж а, 
Вьетнам елдерінде де қолданы- 
лады.  А.ж.  Индонезия,  Африка, 
Түркия, ОрталықАзия елдері де 
пайдаланған. А.ж.  набатей жазу 
негізінде  (б.э.д.  IV  -   б.э.  I  ғғ,) 
қалыптасқан. Өз алдына набатей 
жазуы  көне  арамей  жазуынан 
басталады.  Набатей  жазуының 
үл гіл е р і  III-IV   ғ ғ .  табы лған 
(Немара  жазуы  -  328  ж.).  Араб 
тіл  білімі дәстүріне  сәйкес А.ж. 
VI  ғ.  басында  Хира  қаласында, 
Лахмид  княздігінде  жасалған. 
Кейіннен  бұл  жазу  Қүранның 
алғашқы үлгісінде қолданылған. 
А.ж. фонематикалықжазу ретін- 
де қалыптасқан, онда 28 дауыс- 
сыздар белгіленген. Жазу бағыты
-  оңнан солға қарай. VII ғ. екінші 
жартысында қосымша белгілер 
енгізіледі. 28 әрігітің үшеуі (әліф, 
іав,  йа)  созылыңқы  дауысты- 
ларды  белгілейді.  Әріптердің
біразы сөздегі орнына сәйкес 4 
түрлі жазылады: жеке түрғанда, 
сөз  басында,  сөз  ортасында 
және сөз соңында.  Кей әріптер- 
дің қосарланған түрі кездеседі. 
А.ж.-ның  түрлері:  куфа,  сульс, 
рук,  насталик,  насх,  дивани, 
мағриби  т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   336




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет