2.3 Салықтардың қызметтері
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл - қазыналық.
Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі - түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда,
мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі — бақылау (реттеу).
Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді). Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі – қайта бөлу.
Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджете ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе- тендікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті - бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық - бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытыңдысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мұның мақсаты - мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қаңдай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салъқтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.
Бюджетті толықтырушы негізгі жүйеде салық түсімдерімен қатар салықтық емес түсімдерді де атап өтуге болады.
Салықтық емес түсімдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақшалар.
Салық теориясы — салық маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың ролі.
Салық несиесі- салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.
Салық режимі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |