СалықТЫҢ пайда болуының негізгі экономикалық МӘні



бет7/9
Дата08.02.2022
өлшемі302 Kb.
#118859
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kurs 2505 (1)

Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуді тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау амалдарына қарай салықалудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық телеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдары салығын және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын зани тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  • тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін кұрлыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;

  • Казакстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

  • Қазакстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

  • Казақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

  • Қазакстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

Әскери қызметшілер мен ішкі істер оргаңдарының жұмыскерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағданда уәкілетті мемлекеттік орган салық маглұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға кұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жүмыс істейтін ұжымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде септеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік кызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.
Салықтық есептің екі әдісі қолданылады: кассалық және есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уакытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салыктық қатынастарды реттейтін кұкықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.
Қазақстан Республикасында салық алудың практикасында әр түрлі салықтар, алымдар және салық сипатындағы төлемдер пайдаланылады, олардың тізбесі мыналарды кіріктіреді:
1. Салықтар:

  1. Корпорациялық табыс салығы.

  2. Жеке табыс салығы.

  3. Қосылған құн салығы.

  4. Акциздер.

  5. Экспортталатын шикі мұнайға,газ конденсатына салынатын рента салығы.

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

  7. Әлсуметтік салық.

  8. Жер салығы.

  9. Көлік құралдары салығы.

  10. Мүлік салығы.

  11. Құмар ойын бизнесі салығы

2. Алымдар:



  1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдармен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алым.

  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  3. Жылжымайтын мүлікке құкықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  4. Жылжитын мүлікке кепілдікті және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  5. Радиоэлектрондық кұралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  6. Көлік кұралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым

  7. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  8. Туындылар мен сабақтас құкықтар объектілеріне кұқықтарды, туындылар мен сабақтас кұқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық келісімшарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  9. Автокөлік кұралдарының Қазақстан Республикасының аумағы аркылы жүру алымы.

  10. Аукциондардан алынатын алым.

  11. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу кұқығы үщін лицензиялық алым.

  12. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

3.Төлемақылар:



  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдланғаны үшін төлемақы.

  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.

  9. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

  10. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

4. Мемлекеттік баж:



  1. Мемлекеттік баж.

5.Кеден төлемлері:



  1. Кеден бажы.

  2. Кеден алымдары.

  3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

  4. Алымдар.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міндетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасынын бюджет кодексі» мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. Салық қатынастарын реттеуші құықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген.
Салық службасының органдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «салық салу» ұгымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда - бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде - экономикалық-кұқыктық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) үдерісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет