1 ‒ жүргізуші: Рахмет, әділ қазылар алқасы екі топтың өнерлерін қалай бағалайды екен?
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
2 ‒ жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңіне де жеттік.
4 - кезеңіміз «Мақал ‒ сөздің мәйегі» деп аталады. Экранға назар аударыңыздар.
Мақал-мәтелдерді толықтырып айтуларыңыз керек. Білмеген мақал-мәтелді келесі топ айтуға болады. Оған ұпай беріледі.
Дайынбыз ба? Онда бастаймыз.
1топ
1. Өнер ‒ ағып тұрған бұлақ,
(Ғылым ‒ жанып тұрған шырақ.)
2. Мағынасыз сөз болмайды,
(Мақалсыз ел болмайды.)
3. Отаның үшін еңбек етсең
(Халқыңның сүйген ұлы боласың.)
4. Тозар елдің жанжалы бітпес,
(Озар елдің арманы бітпес.)
5. Туған үйдің түтіні жылы,
(Туған ананың күтімі жылы.)
6. Сумен ойнама ‒ батарсың.
(Отпен ойнама ‒ жанарсың.)
7. Көпшіліктен береке кетпес,
(Берекелі жерден мереке кетпес.)
8. Анаңа ауыр сөз айтпа,
(Атаңа ауыр жүк артпа.)
9. Досыңның мың болғанына мақтан,
(Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.)
10. Татулық ‒ оқ өтпес сауыт,
(Сыйластық ‒ ол бітпес сауық.)
1 ‒ жүргізуші: Ал енді 2-ші топқа кезек берейік. Қаншалықты мақал-мәтелдер білетіндеріңді байқап көрейік. Мұқият болыңдар.
1. Далалық көсем сөзінде,
(Жылылық күннің көзінде.)
2. Білімдіге дүние жарық,
(Білімсіздің күні кәріп.)
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.)
4. Еңбек адамның көркі,
(Адам заманның көркі.)
5. Өнерлі бала елдің көркі,
(Үкілі қамыс көлдің көркі.)
6. Білген адам тауып айтады,
(Білмеген адам қауып айтады.)
7. Ұстазы пейілді болса,
(Шәкірті зейінді болады.)
8. Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды.)
9. Ана алдында құрмет,
(Ата алдында қызмет.)
10. Отаны бірдің жүрегі бір,
(Жүрегі бірдің тілегі бір.)
2 ‒ жүргізуші: Әділ қазылар екі топтың ұпай сандарын берсеңіздер.
1 топтың ұпай саны:
2 топтың ұпай саны:
1 ‒ жүргізуші: Сайысымыздың 4-кезеңі де аяқталды, екі топтың жалпы алған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтасаңыздар. Қай топ басымырақ түсті?
Соны білу үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
2 ‒ жүргізуші: Бүгінгі сайысқа қатысқан топтарымызды ортаға шақырамыз.
1 топ: Алғырлар тобы
2 топ: Тапқырлар тобы
Қорытындылау: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер екі сыныптың оқушылары қатысқан «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысын тамашаладыңыздар. Көп салт-дәстүрлермен таныстыңдар. Салт-дәстүрлеріміз ‒ асыл қазынамыз. Әрқашан дәстүрімізді берік ұстанып, қадірлеп өтейік.
Топтарды марапаттау.
1 ‒ жүргізуші: Осымен «Салт-дәстүрім ‒ қазынам» атты сайысымыз аяқталды. Әрқашанда салт-дәстүрімізді ұмытпай дәріптеп, құрметтеп жүрейік.
2 ‒ жүргізуші: Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Кадырова Айзат Мұсағалиқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |