«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет14/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

 


«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
19 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Материалдық емес активтер 
Топтың барлық материалдық емес активтерін тиімді пайдаланудың белгілі бір мерзімі бар және оған негізінен 
капиталдандырылған жасақтамалар мен лицензиялар жатады. Сатып алынған бағдарламалық жасақтама оны 
сатып алуға және пайдалануға беруге жұмсалған шығындар сомасында капиталдандырылады. 
Барлық материалдық емес активтер басшылық 2 – 25 жылға дейін деп бағалайтын тиімді пайдалану мерзімі 
ішінде тік сызықты әдіспен амортизацияланады.
Құнсызданған жағдайда материалдық емес активтердің баланстық құны шамалардың неғұрлым үлкеніне дейін 
шығынға жазылады: сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі оларды пайдалану мен әділ құн 
құндылықтары.
Егер Топ бизнес болып табылмайтын активтер тобын сатып алған жағдайда, Топ олардың топтың құнын 
сатып алған күнге сәйкес әділ құн негізінде жеке сәйкестендірілетін активтер арасында бөледі. 
Тиімді пайдаланудың белгісіз мерзімі бар материалдық емес активтер немесе пайдалануға дайын емес 
материалдық емес активтер амортизацияға жатпайды және оларға қатысты жыл сайын құнсыздануға тестілеу 
жүргізіледі. Амортизацияға жататын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер олардың баланстық құны 
өтелмейтіндігін куәландыратын қандай да бір оқиғалар орын алған немесе мән-жайлар өзгерген жағдайларда 
құнсыздану мәніне тестіленеді. Құнсызданудан болған шығын активтің баланстық құнының оның өтелетін құнынан 
асып кету мөлшерінде танылады. Өтелетін құн осы сомалардың қайсысы жоғары болуына байланысты істен 
шығуға немесе оны пайдалану құндылығына жұмсалған шығындарды шегергендегі активтің әділ құнын білдіреді. 
Құнсыздану шамасын айқындау үшін активтер ақша қаражатының ағынын генерациялайтын, басқа активтерден 
немесе активтер топтарынан ақша қаражатының ағуынан едәуір дәрежеде тәуелсіз активтердің ең аз 
сәйкестендірілетін топтарға (ақша ағындарын генерациялайтын бірліктер) біріктіріледі. Өткен кезеңдерде 
көрсетілген қаржылық емес активтердің құнсыздануы (гудвилден басқа) әрбір есепті күнге қалпына келтіру 
мүмкіндігі тұрғысынан талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет