«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет5/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
10 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
 (ii) 
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес компанияларды сатып алу 
Жалпы бақылаудағы тараптардан сатып алынған еншілес компаниялар алдыңғы компанияны есепке алу 
әдісімен есепке алынады. Осы әдіске сәйкес біріккен компанияның шоғырландырылған қаржылық 
есептілігінде кәсіпорындарды біріктіру оның ұсынылған есептің едәуір ерте кезеңнің басында шыққаны туралы 
болжамға сәйкес немесе кеш болса, онда біріктіруші компаниялар алғаш рет жалпы бақылауға алынғанда 
көрсетіледі.Тараптар арасында берілген жалпы бақылаудағы еншілес компанниялардың активтері мен 
міндеттемелері алдыңғы компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілген баланстық құн бойынша ескеріледі. 
Алдыңғы компания еншілес компанияның қаржылық есептілігі шоғырландырылған ХҚЕС-ке сәйкес әзірленген 
есептілікті ұсынудың ең жоғары деңгейі болып саналады. Алдыңғы компанияны бастапқы сатып алған кезде 
туындаған гудвил сондай-ақ осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Алдыңғы ұйымның 
гудвилін қосқанда, таза активтердің баланстық құны мен төленген сыйақының сомасымен арасындағы 
айырмашылық капиталдың құрамындағы басқа резервтердің өзгеруі ретінде көрсетіледі. 
(iii) 
Бақыланбайтын қатысу үлесін сатып алу және сату
 
Топ бақыланбайтын қатысу үлесінің иелерімен жасалған келісімдерді есепке алу үшін бақылаудың 
жоғалмауына әкелетін экономикалық бірлік моделін қолданады. Бақыланбайтын үлесті сатып алу үшін 
төленген сыйақы мен оның баланстық құнының арасындағы айырмашылық есепте тікелей капитал 
шоттарындағы капиталмен жүргізілген келісім ретінде көрсетіледі. Топ бақыланбайтын үлесті сату үшін 
алынған сыйақы мен оның баланстық құнының арасындағы айырмашылықты капиталды өзгерту туралы 
есепте капиталмен жүргізілген мәміле ретінде таниды.
 
(iv) 
Бірлескен қызмет
ХҚЕС-11-ге сәйкес, бірлескен қызметке салынған инвестиция әрбір инвестордың шарттық міндеттемелері мен 
құқықтарына байланысты жіктеледі. Топ өзінің бірлескен қызметінің сипатын бағалап, оны бірлескен 
кәсіпорындар санатына жатқызды. Бірлескен кәсіпорындардың қызметі үлестік әдіс бойынша ескеріледі. 
Бірлескен кәсіпорындардағы қатысу үлесінің үлестік әдісі бойынша бастапқыда іс жүзіндегі нақты құны 
бойынша танылады, содан кейін сатып алғаннан және өзгерістерден кейінгі басқа да жиынтық табыстың 
пайдасы мен зиянындағы Топтардың үлестерін тану арқылы түзетіледі.
Бірлескен кәсіпорындардың залалдарындағы үлес оның осы бірлескен кәсіпорындардағы үлесіне (оның 
ішінде негізінен Топтың бірлескен кәсіпорындарға салынған таза инвестицияларының бір бөлігі болып 
табылатын кез келген ұзақ мерзімді қатысу) тең немесе одан артық болған жағдайда, Топ міндеттемелерді 
мойнына алған немесе осы бірлескен кәсіпорынның атынан төлем жасаған кездерден басқа жағдайларда 
кейінгі залалдарды мойындауды тоқтатады. 
Топ пен оның бірлескен кәсіпорындарының арасындағы мәмілелер бойынша жүзеге аспаған пайда бірлескен 
кәсіпорындардағы Топтың қатысу үлесінің бөлігінен алынып тасталады. Берілген активтің құнсыздану 
белгілері болған жағдайдан басқа кезде жүзеге асырылмаған залалдар да алынып тасталады. Бірлескен 
кәсіпорындардың есептік саясатының Топтың есептік саясатына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін түзетілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет