«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет6/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
11 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
 (v) 
Қауымдасқан компанияларға салынған инвестициялар
Қауымдасқан компаниялар Компания айтарлықтай ықпал ететін (тікелей немесе жанама), бірақ оларды 
қадағалай алмайтын компаниялар; әдетте осы компаниялардағы дауыс беру акцияларының үлесі 20% бастап 
50% 
дейін құрайды. Қауымдасқан компанияларға салынған инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша 
ескеріледі және бастапқыда сатып алу құны бойынша танылады. Қауымдасқан компаниялардан алынған 
дивидендтер Қауымдасқан компанияларға инвестициялардың баланстық құнын азайтуға жатады. Топтың 
Қауымдасқан компаниялардың таза активтеріндегі үлесін алғаннан кейін орын алған басқа да өзгерістер 
былайша танылады: (i) Топтың Қауымдасқан компаниялардың пайдалары мен залалдарындағы үлесі 
Қауымдасқан компаниялардың нәтижелеріндегі үлес ретінде шоғырландырылған пайда мен залалдар 
құрамында көрсетіледі, (ii) Топтың басқа жиынтық табысындағы үлесі басқа жиынтық табыстың құрамында 
танылады және жеке жолда көрсетіледі, (iii) Топтың Қауымдасқан компаниялардың таза активтерінің 
баланстық құнының үлесіндегі барлық басқа өзгерістер Қауымдасқан компаниялардың нәтижелеріндегі 
үлестердің құрамындағы пайда немесе залал ретінде танылады. 
Бірақ Топтың қауымдасқан компаниялардың залалдарындағы үлесі қандай да болмасын басқа қамтамасыз 
етілмеген дебиторлық берешекті қоса алғанда, оның осы компанияға салынған инвестицияларына тең немесе 
одан артық болса, ол міндеттемелерді қабылдаған немесе қауымдасқан компанияның атынан төлемдерді 
жүзеге асырған жағдайдан басқа кезде Топ кейінгі шығындарын көрсетпейді. 
Топ пен оның қауымдасқан компаниялар арасындағы операциялар бойынша іске асырылмаған пайда да 
Топтың қауымдасқан компаниялардағы үлесінің шегінде алынып тасталады; берілген активтің құнсыздану 
белгілері болған жағдайдан басқа жағдайларда іске асырылмаған шығындар да алынып тасталады. 
(vi) 
Еншілес компаниялардың, қауымдасқан копаниялардың немесе бірлескен кәсіпорындардың істен шығуы
Топ бақылауды немесе айтарлықтай ықпалын жоғалтқан жағдайда, кәсіпорындағы сақталған үлес бақылауды 
жоғалтқан күн жағдайында әділ құны бойынша қайта бағаланады, ал баланстық құнындағы өзгерістер кірісте 
немесе шығыста көрсетіледі. Әділ құн - қауымдасқан компаниялардағы, бірлескен кәсіпорындардағы немесе 
қаржылық активтегі қалған үлесін одан әрі есепке алу мақсаттары үшін бастапқы баланстық құны. Бұдан басқа 
бұған дейін осы кәсіпорынға қатысты басқа жиынтық табыс құрамында танылған барлық сомалар Топ тиісті 
активтердің немесе міндеттемелердің тікелей шығуын жүзеге асырғандай болып ескеріледі. Бұл бұған дейін 
басқа жиынтық пайда құрамында көрсетілген сомалардың пайдаға немесе залалға ауыстырылатынын білдіруі 
мүмкін. 
Егер қауымдасқан кәсіпорындардағы қатысу үлесі азайса, бірақ солай бола тұрса да айтарлықтай ықпалы 
сақталса, онда тек бұған дейін басқа жиынтық табыс құрамында көрсетіліп келген пропорционалды сомалар 
үлесі қажетті жағдайларда пайдаға немесе залалға ауысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет