«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет8/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1
«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
13 

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Амортизацияланған құн
қаржылық құрал бастапқы тану кезінде бағаланған, есептелген пайыздар шамасына 
азайтылған немесе ұлғайтылған қарыздың негізгі сомасын өтеуге төленген төлемдер шегерілген шама болып 
табылады, ал қаржылық активтер үшін – құнсыздану шығындарының сомалары шегеріледі. Өсірілген 
пайыздарға келісім, сонымен қатар, пайыздың тиімді мөлшерлемесін пайдалана отырып өтелген сомадан кез-
келген сыйақылардың немесе дисконттың бойынша бастапқы тану кезінде кейінге қалдырылған 
амортизациялар жатады. Өсірілген пайыздық кірістер мен өсірілген пайыздық шығындар, соның ішінде 
өсірілген купондық кіріс пен амортизацияланған дисконт немесе сыйақы (соның ішінде ұсынған кезде кейінге 
қалдырылған комиссияны, ондай бар болса) жеке көрсетілмейді, қаржылық жағдай туралы тиісті есеп 
баптарының баланстық құнына енізіледі.
 
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі 
– бұл құралдың баланстық құнына тұрақты пайыздық мөлшерлемені 
қамтамасыз ету (тиімді пайыздық мөлшерлемені) мақсатында тиісті кезең ішінде пайыздық кірістерді немесе 
пайыздық шығыстарды тану әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме – бұл қаржылық құрал әрекет ететін күтілетін 
мерзімге, тиісті жағдайларда одан қысқа мерзімге қаржылық құралдың таза баланстық құнына дейін есептік 
болашақ ақшалай төлемдерді немесе түсімдердің (несиелер бойынша болашақ шығындарды қоспағанда) 
дисконттаудың нақты мөлшерлемесі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме осы құрал үшін көрсетілген ауыспалы 
мөлшерлеме бойынша несиелік спредті көрсетін сыйақы немесе дисконттан басқа немесе нарықтық 
мағынасына қарамастан белгіленбейтін басқа да өзгермелі факторлар бойынша пайыз өзгеретін келесі күнге 
дейін мөлшерлемесі ауыспалы құралдар бойынша ақша ағындарын дисконттау үшін пайдаланылады. Мұндай 
сыйақылар немесе дисконттар құрал айналымда болған күтілетін мерзім ішінде тұтастай амортизацияланады. 
Дисконтталған құнын есептеуге барлық комиссиялық, төленген немесе келісімшарттың тараптармен алынған 
тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтындар жатады.
Кредиттік-құнсызданған (POCI) қаржылық активтер сатып алған немесе құрған активтер үшін бастапқы 
таныған кезде тиімді пайыздық мөлшерлеме кредиттік тәуекелді ескере отырып түзетіледі, яғни келісімшартты 
ақша ағыны негізінде емес, бастапқы тану кезіндегі күтілетін ақша ағындары негізінде есептеледі.
 
(ii) 
Қаржылық активтер
Бағалау санаттары 
Қаржылық активтер мына санаттар бойынша жіктеледі: і) пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша 
бағаланатындар, ii) өзге жиынтық табыс арқылы әділ құн бойынша бағаланатындар, iii) амортизациялық құн 
бойынша бағаланатындар. Қарыздық қаржы активтерін жіктеу мен кейіннен бағалау мыналарға байланысты: 
(i) Топтың тиісті активтер портфелін басқаруға арналған бизнес-модельдеріне және (ii) актив бойынша ақша 
ағындарының сипаттамасына. 
Бизнес-модель 
Бизнес-модель ақша ағындарын алу мақсатында Топтың активтерді басқару үшін пайдаланатын тәсілін 
көрсетеді: Топтың мақсаты (i) активтерден шартта көзделген ақша ағынын алуды ғана («шартта көзделген 
ақша ағындарын алу үшін активтерді ұстап тұру»), немесе (ii) шартта көзделген ақша ағынын да алу
активтерді сату нәтижесінде туындайтын ақша ағындарын да алу («шартта көзделген ақша ағынын алу үшін 
активтерді ұстап тұру») болып табыла ма немесе (i) тармақты да, (ii) тармақты да қолдануға келмейтін болса, 
қаржылық активтер «басқа» бизнес-модель санатына жатады және пайда немесе залал арқылы әділ құн 
бойынша бағаланады. Бизнес-модель активтер тобы үшін Топ бағалау жүргізген күні қолда болатын портфель 
үшін белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін жүзеге асыруға ниетті қызметтің барлық тиісті дәлелдемелері 
негізінде (портфель деңгейінде) анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет