«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының



бет10/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
6. Қорытынды ережелер

74. Осы Ереженің талаптары қайырымдылықты көрсету және мониторинг жүргізу процесіне қатысатын пайдаланушылар мен Корпоративтік қордың құрылымдық бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті.


Пайдаланушы мен Қор арасында дауды (дау-шарды) медиация тәртібімен реттеу туралы қолданыстағы келісім болған жағдайда, қайырымдылық көмек көрсету, мониторингтеу және пайдаланушының есептілікті беру тәртібі мен шарттары осындай келісімнің талаптары ескеріле отырып айқындалады.
75. Корпоративтік қордың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттер шегінде осы Ереже талаптарының сақталуына жауапты болады.
76. Осы Ереже талаптарының тиісті түрде орындалуына және жауапкершілігіне қайырымдылықты көрсету және мониторингтеу процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жетекшілік ететін басшылар жауапты болады.

2021 жылғы «___» ________ №_______


Қайырымдылық көрсету және мониторинг
жүргізу ережесіне №1 қосымша


Құжаттар тізімі
1) Қайырымдылық көмек көрсету туралы өтініш (осы Ережеге №2 қосымша);
2) пайдаланушының құрылтай құжаттарының көшірмелері;
- барлық өзгерістері мен толықтырулары бар жарғы;
- құрылтай шарты (болған жағдайда);
- тіркелген (қайта тіркелген) заңды тұлға туралы өтінім берілетін күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Egov порталынан алынған анықтама.
3) қол қоюшының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және пайдаланушының атынан Шартқа қол қоюға өкілеттігін растайтын құжат:
- пайдаланушының уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
- немесе сенімхат (егер құжаттарға пайдаланушының атқарушы органының басшысы қол қоймаса);
4) Корпоративтік қордың ақша қаражатының қозғалысын бақылау үшін теңгеде банк шотының ашылуын/болуын растайтын екінші деңгейдегі банктің анықтамасы;
5) пайдаланушының уәкілетті органы бекіткен Шығыстар сметасы (осы Ережеге №3 қосымша), оның ішінде:
- түсіндірме жазба,
- шығыстар баптарының талдамасы (есептері),
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша кемінде 3 (үш) баға ұсынысы / интернет-дүкендерден скриншоттар (қызмет бірегей немесе авторлық құқықтар бар немесе жеткізуші ресми дистрибьютор болып табылатын, яғни балама ұсыну мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда)
- нормативтерді сақтай отырып (осы Ережеге №5 қосымша), қажет болған жағдайда әр баптың басқа да растайтын құжаттары (осы Ережеге №4 қосымша);
6) әрбір іс-шара (кезең) бойынша іс-шараларды (кезеңдерді), мерзімдерді, ресурстарды, тиімділіктің болжамды көрсеткіштерін қамтитын қайырымдылық жобасын іске асыру жоспары (осы Ережеге №6 қосымша);
7) орындалу мерзімін, нысаналы аудиторияларды, негізгі міндеттерді, іс-шаралар тізбесін, коммуникация арналарын, ақпараттық сүйемелдеу жоспарын орындауға бағытталған сипаттама мен шығыстарды қамтитын қайырымдылық жобасын ақпараттық сүйемелдеу жоспары (осы Ережеге №7 қосымша);
8) жобаның презентация (5 беттен артық емес) немесе бейнеролик (3 минуттан артық емес) түріндегі ұсынылымы

2021 жылғы «___» ________ №_______


Қайырымдылық көрсету және мониторинг
жүргізу ережесіне №2 қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет