«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет17/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Қордың құқылы:
2.1.1. Пайдаланушының қайырымдылық көмекті мақсатты пайдалануын тексеру және пайдаланушыдан бұл үшін қажетті растайтын құжаттарды сұратуға;
2.1.2. Қайырымдылық көмек көрсету туралы ақпаратты таратуға;
2.1.3. Пайдаланушыдан осы Шарттың 2-қосымшасында көрсетілген іске асыру жөніндегі жоспарға сәйкес іс-шараларды іске асыруды талап етуге;
2.1.4. Пайдаланушыдан осы Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген қайырымдылық жобасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі талаптардың орындалуын талап етуге.
2.1.5. Ережеге сәйкес Пайдаланушыдан келесі есептерді талап етуге:
- қайырымдылық көмектің нысаналы пайдаланылуы жөніндегі есеп;
- қайырымдылық жобасын ақпараттық сүйемелдеу жоспарының орындалуы бойынша есеп және шығармашылық есеп;
- қайырымдылық жобасының тиімділігі туралы есеп.
2.1.6. Пайдаланушы тиісті түрде ресімделмеген есептерді ұсынбаған, сол сияқты қайта ұсынған және (немесе) негіздейтін құжаттарсыз ақшалай қаражаттың нысаналы жұмсалуы бойынша есепті ұсынған жағдайда:
- пайдаланушы тиісті түрде ресімделген есептерді ұсынғанға дейін пайдаланушыға ақша қаражатын одан әрі бөлуді тоқтата тұру;
- егер ұсынбау, сол сияқты тиісті түрде ресімделмеген есепті қайтадан ұсыну және (немесе) негіздейтін құжаттарсыз есепті ұсыну мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күннен асып кетсе, Пайдаланушыдан оның мөлшері шарттың жалпы сомасының 5% - ынан (бес пайызынан) аспауға тиіс есепті ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ тәртібін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге міндетті;
- егер ұсынбау, сол сияқты тиісті түрде ресімделмеген есепті қайта ұсыну және (немесе) негіздейтін құжаттарсыз есепті ұсыну мерзімі есепті ұсынудың соңғы мерзімі күнінен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен асып кетсе, Пайдаланушымен Шартты бұзуға;
2.1.7. Пайдаланушы Қордың кінәсінен емес, қайырымдылық көмек алудан бас тартқан жағдайда, Пайдаланушының қайырымдылық көмекті қабылдаудан бас тартуынан келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге;
2.1.8. Пайдаланушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Пайдаланушыдан Қордың тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде пайдаланылмаған және қорға расталмаған сома көлемінде қайырымдылық көмек сомасын (құнын) өтеуді (қайтаруды) талап етуге құқылы;
2.1.9. Пайдаланушы қайырымдылық көмек қаражатын үнемдеген немесе осы Шартта көзделген жағдайларда шартты бұзған жағдайда, Пайдаланушы Қордың тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде пайдаланушыдан қайырымдылық көмектің пайдаланылмаған сомасын өтеуді (қайтаруды) талап етуге құқылы;
2.1.10. Пайдаланушы қайырымдылық көмек қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Қор осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде пайдаланушыдан оларды мақсатсыз пайдалану көлемінде қорға өтеуді (қайтаруды) талап етуге құқылы;
2.1.11. Пайдаланушы тауар-материалдық құндылықтарды және/немесе негізгі құралдарды сатып алған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар және/немесе оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар (қабылдау-беру актісіне сәйкес) ТМҚ алушы болып табылған жағдайда тауар-материалдық құндылықтарды және/немесе негізгі құралдарды сақтау орнына шығумен немесе шығусыз тексеруді (түгендеуді) жүзеге асыруға қайырымдылық көмек қаражаты есебінен талап етуге;
2.1.12. Пайдаланушыдан Корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесінің алдында жоба бойынша іске асыру қорытындыларының таныстырылымын талап етуге құқығы бар.
2.2. Қор осы Шартта көзделген талаптармен қайырымдылық көмек беруге міндеттенеді.
2.3. Пайдаланушы құқылы:
2.3.1. Осы Шартта көзделген талаптармен қайырымдылық көмек алуға;
2.3.2. Пайдаланушыға қайырымдылық көмек берілгенге дейін оған қажеттілік болмаған немесе қор қайырымдылық көмек көрсету мерзімін 2 (екі) айдан астам мерзімге бұзған жағдайларда қайырымдылық көмек алудан жазбаша нысанда бас тартуға құқылы;
2.4. Пайдаланушы міндетті:
2.4.1. Алынған қайырымдылық көмекті оны беру мақсаттарына сәйкес пайдалануға;
2.4.2. Қордың бірінші талабы бойынша қайырымдылық көмектің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды, сондай-ақ өзге де материалдарды ұсынуға;
2.4.3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі бірінші айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қорға растайтын құжаттарды, қайырымдылық көмектің нысаналы пайдаланылуы жөніндегі жазбаша есептерді, қайырымдылық жобасын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шарттардың орындалуы жөніндегі есептерді, қайырымдылық жобасының тиімділігі жөніндегі есептерді, сондай-ақ Ережеге сәйкес қайырымдылық көмектің нысаналы пайдаланылуын бақылауды (мониторингін) жүзеге асыру үшін қажетті қосымша ақпаратты ұсынуға;
2.4.4. Пайдаланушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қордың тиісті хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорға пайдаланылмаған және расталмаған бөлігі көлемінде қайырымдылық көмек сомасын өтеуге;
2.4.5. Пайдаланушының қайырымдылық көмекті қабылдаудан бас тартуымен келтірілген нақты залалды Қордың талабы бойынша Қордың кінәсінсіз қайырымдылық көмекті алудан бас тартқан жағдайда күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өтеу тиіс;
2.4.6. Осы Шарттың 2-қосымшасында көрсетілген іс-шараларды іске асыруға;
2.4.7. Осы Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген міндеттемелерді орындауға;
2.4.8. Осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген мақсаттарға қайырымдылық көмектің нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етуге;
2.4.9. Пайдаланушы қайырымдылық көмек қаражатын үнемдеген немесе осы Шартта көзделген жағдайларда шартты бұзған жағдайда, тиісті жазбаша хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қорға қайырымдылық көмектің пайдаланылмаған сомасын өтеуге;
2.4.10. Пайдаланушы қайырымдылық көмек қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Қор осындай фактіні анықтаған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қорға қайырымдылық көмекке бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдалану көлемінде өтеуге (қайтаруға);
2.4.11. Қайырымдылық көмекті пайдалану туралы жария есепті қайырымдылық жобасын іске асыру қорытындылары бойынша электрондық, баспа және/немесе корпоративтік БАҚ-та өз қызметінің алынған нәтижелерін көрсете отырып, Ережеге сәйкес «___»_________ 20___ дейінгі мерзімінде жариялдауға тиіс;
2.4.12. Осы Шарттың өзге де міндеттемелері мен талаптарын орындауға міндетті.
Жаңа тармақ/тармақша (қажет болған жағдайда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет