«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсету шарты



бет2/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсету шарты - Корпоративтік қор іске асыратын қайырымдылық жобалары бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсету жеткізушісін іріктеу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес Корпоративтік қор мен жеткізуші арасында жасалған тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы азаматтық-құқықтық шарт;
аяқталған қайырымдылық жоба - Шарттың қолданылуы тоқтатылған жоба;
мүдделі құрылымдық бөлімшелер – қайырымдылық көмек көрсету процестеріне қатысатын Корпоративтік қордың ЖБҚБ, ККҚБ;
ЖБҚБ қорытындысы - ЖБҚБ өткізетін өтінімдерді бағалау;
КҚҚБ қорытындысы - КҚҚБ өткізетін өтінімдерді бағалау;
комплаенс-офицердің қорытындысы - Комплаенс-офицер жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, алаяқтық жөніндегі заңнаманың, Қайырымдылық көрсету және мониторинг жүргізу ережесінің және Корпоративтік қордың басқа да нормативтік-құжаттарының талаптарын сақтамаумен байланысты комплаенс-тәуекелдерді айқындау және бағалау;
Корпоративтік қор іске асыратын қайырымдылық жоба бойынша қорытынды - Корпоративтік қор бастамашылық ететін қайырымдылық жоба туралы ақпарат;
өтінім - осы Ережеде белгіленген тәртіпте қайырымдылық көмек алу үшін әлеуетті пайдаланушы ұсынатын құжаттар жиынтығы. Өтінім қазақ немесе орыс тілінде берілуі мүмкін;
Корпоративтік қордың қайырымдылық жобалары бойынша құжаттар жинағын жүргізу жөніндегі нұсқаулық - Корпоративтік қордың қайырымдылық жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібін және қажетті құжаттар тізбесін айқындайтын құжат;
ақпараттық сүйемелдеу - бұқаралық ақпарат құралдары, іс-шаралар және таратудың басқа да нысандары арқылы қайырымдылық жобасын іске асыру туралы жұртшылықты хабардар ету;
Корпоративтік қор - «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры;
төлемді келісу парағы - Шартқа сәйкес транштарды аударуды жүргізуге негіз болатын құжат;
ЖБҚБ және КҚҚБ жүргізетін мониторинг - қайырымдылық жобасын іске асыру бойынша ақпарат пен есептерді жинаумен, талдаумен байланысты Корпоративтік қор қабылдайтын шаралар кешені;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет