«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі отырысының


Пайдаланушылар іске асыратын жобалар бойынша қайырымдылық көмек көрсету тәртібі



бет7/23
Дата12.10.2023
өлшемі161,17 Kb.
#184980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
1 samruk kazyna trust kқ қajyrymdylyқ kөrsetu zhәne monitoring
1-модуль
2.5. Пайдаланушылар іске асыратын жобалар бойынша қайырымдылық көмек көрсету тәртібі

39. Пайдаланушыға қайырымдылық көмек жасалған Шарт негізінде көрсетіледі.


40. Корпоративтік қор заттай түрдегі қайырымдылық көмекті (мүлікті ұсыну/тауарларды өтеусіз негізде ұсыну, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету түрінде) мұндай мүлікті Корпоративтік қордың уәкілетті тұлғалары мен пайдаланушы қол қоятын қабылдау-беру актісі (шығыс жүкқұжаты), орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі бойынша беру арқылы жүзеге асыруға тиіс.
41. Қайырымдылық көмекті Корпоративтік қор Шартта көрсетілген кестеге сәйкес пайдаланушыға банк шотына аударады.
42. Корпоративтік қор әрбір келесі траншты Шартқа сәйкес пайдаланушының бұрын жіберілген транштарды іс жүзінде пайдалануын ескере отырып және пайдаланушы банктен ақша қаражатының шығыс қалдығын көрсете отырып, айналым ведомосын ұсынғаннан кейін жүргізеді.
43. ЖБҚБ мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және бас директордың орынбасарымен келісілетін №12 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемді келісу парағын қалыптастырады, содан кейін бас директорға қол қоюға жіберіледі.
44. Бас директор бекіткен төлемді келісу парағының түпнұсқасы төлемді жүзеге асыру үшін бас бухгалтерге беріледі.
Пайдаланушы төлемді негіздеу үшін ұсынған құжаттарды (пайдаланушының банктік шотындағы ақша қаражатының шығыс қалдығы көрсетілген банктен алынған айналым ведомосы, шарттардың көшірмелері, есеп айырысулар және т.б.) ЖБҚБ жауапты қызметкерлері төлем тапсырмасымен бірге дерекнамаға тігеді.
2.6. Корпоративтік қордың жекеқайырымдылық жобаларын іске асыру тәртібі

45. Корпоративтік қордың жеке қайырымдылық жобалары үшін ЖБҚБ қызметкері:


- жобаны іске асыру тәртібін реттейтін құжатты (қажет болған жағдайда),
- сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шартын,
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық ерекшеліктері туралы құжаттарды әзірлейді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жобалары мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, құқықтық сипаттағы жұмысқа жауапты қызметкерге, бас бухгалтерге, бас директордың орынбасарына келісуге, содан кейін бас директорға бекітуге жіберіледі.
46. ЖБҚБ Корпоративтік қор жүзеге асыратын қайырымдылық жобалары бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерді іріктеу тәртібі туралы ережеде көзделген тәртіпте жеткізушілерді іріктеуді ұйымдастырады.
47. Жеткізушіні анықтағаннан кейін ЖБҚБ жауапты қызметкері сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шартын қалыптастырады және мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, құқықтық сипаттағы жұмысқа жауапты қызметкерге, бас бухгалтерге, бас директордың орынбасарына келісуге, содан кейін бас директорға қол қоюға жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет