Санжарга, Айманға



бет3/19
Дата29.01.2018
өлшемі5,37 Mb.
#35724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

15

басты себептерінің бірі экологаялық жағдайларға байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа мемлекеттермен салыстыр-ғанда, өте нашарлап кетті. Қазақстан Республикасында емдеу-прак-тикалық мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауру-ханасы мен поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі балапар консультация орындарының бақылауында болады. Денсау-лык дегеніміз — ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта фактор-ларыт бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.

Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды, Олар:

1. Физикалық денсаулық - ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.

2. Соматикалық денсаулық - Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.

3. Психикалық денсаулық - ол адамның психикалық сфера-сының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. "Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды.

Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.

4. Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.



Физикалық, соматикалық, психикалық және рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:

1. соматикалық және физикалық денсаулықтың критерийі мен бәрін "өзім жасай аламын" деп көрсететін критерий;

2. Психикалық денсаулықтың, критериі — маған қажет заттардын. Бәрін "өзім тауып аламын ";

3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен "өзім жасауым керек".

16

Денсаулыкты корсететін негізгі белгілер:



1) Адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және арнаулы емес түрде пайда больш қалыптасқан денсаулық және оны бұзатын факторларға денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;

2) Ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;

3) Ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.

4) Әр түрлі дефектілерге байланысты дамымай қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың болмауы және денсаулық деңгейі;

5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-мотивациялық белгі.

Адамдардың денсаулығы негс байланысты болады деген сауалға келетіы болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20% тектік факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10%; - денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-інің жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншекгер денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр. Олар: ішімдік ішу, есірткі заттармен айналысу және токсикалық уларды иіскеу, немесе денелеріне жағумсн әуестену. Қандайда болмасын, олар адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз.



1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз не? Осыған біраз тоқталайық.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз — биоәлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде қалыптасады. Сондай-ақ, адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін, қоғамдық ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды

17

ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу. Сонымен өмір сүру салты дегеніміз - тұлға мен қоғам деңгейінің прогрессті дамуының көрсеткішінің категориясы.



Салауатты өмір сүру салтының жоғары немесе төмен деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болады. Адамиың психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық қасиеттеріне де байланысты болады.

Адлмдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа "ген" арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне, осыған байланысты "салауатты өмір сүру. салтының" үш категориясы болады:

1) Салауатты өмір сүру деңгейі:

2) салауатты өмір сүрудің сапасы;

3) салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір суру деңгейі дегеніміз - экономикалық категория. Адамдардың материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығмен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудін. сапасы дсгеніміз - әлеуметтік категория - үй-іші кызмет істейтін орындары (оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығыы қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз - әлеуметтік-психоло-гиялық категория — адамның қоғамдық орындарда (мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі. Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір сүру".

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы жөне жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды, дәстүрлср арқылы қалыптасады. Сондай-ақ түлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Адамның жүріс-тұрысы оның тіршілікке қажетті заттарын пайдалануға қарай дамиды.

Адам өзінің жеке басының ерекшелігіне сәйкес өмір сүреді. Белгілі бір ұжымдарға қалыптасып, сол ұжым мүшесі болып сіңіп кетеді. Қызмет еткен ұжым мүшелсрімен бірге өсіп, біте қайнасып кетеді Адам бір-біріне көмекке келеді. Адамның басына түскен ауыр жағдайлармен беліседі. Адамның жүріс-тұрысы біркелкі емес. Ол тәрбиеге байланысты болады. Тәрбиелі үйлердің

18

балалары сүйкімді тәртіпті келеді. Үлкенді аға, кішіні іні деп ерекше көзге түсіп тұрады. Жақсы тәрбие көрген балаларды педагогтар бірден тани кетеді. Ал тәрбиені аз көрген балаларды бірден ажыратуға болады. Тәжірибелі мұғалім, адам оларды бірден байқап отырады. Жалпы қазақ елін ежелден салауатты өмір сүрудің салтының символы деп есептеуге болады. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп егде адамдар өзінің ұрпақтарына үйретіп отырады. өмір сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына- салауатты өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептелінеді. Салауатты өмір сүру салты адамның профессионалды іс-әрекетінің, қоғамдық қызметімсн күндслікті тіршілік ету функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып бекінуіне жәрдемдессді. Осыдан келіп қоғамдық денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап денсаулығын сактай білуге тәрбиелеудің қажеттілігі туындайды. "Баланы жастан..." тәрбиелеу керек дейді қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық зор байлық деген ұғым қалыптсады.



Жер шары халықтарына әлеумсттік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орсан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік дснсаулық сақтау ұйымы (ДДСУ), (ВОЗ). Мына төмендегідей тұжырым жасады. "Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетге әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресс, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиги экологаяны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын ссбептерге байланысты (оны генетиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10% денсаулық сақтау орындарының қызмет істеуіне байланысты деп қорытынды жасалған.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүру салты көп факторларға (экономикалық, әлеуметтік, адамның жеке басының тәрбиесі мен біліміне) байланысты екені толығымен анықталды.

Салауатты өмір сүру салтының негізі биологиялық және әлеуметтік принциптері.

19

1. Биологиялық принциптерге жататындар:



а) салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшелігі;

б) салауатты өмір сүру салты энергетикалық принциптері;

в) салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

г) салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістер;

д) салауатты өмір сүру сатгы денсаулықты арттыруға байланысты болу керек.

2. Әлеуметтік принциптерге жататындар:

а) салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызмет;

ә) санауатты өмір сүрудің рухани түрде жеткіліктілігі;

б) салауатты өмір сүру салты еріктігін дамыту;

в) салауатты өмір сүруде адамның "үшінші жағдайда" болмауын қамтамасыз сту;

г) өзін-өзі тежеуіне байланысты болуы.

Осы жоғарыда көрсетілген принциптерді іске асыру оңай шаруа емес. Өйткені, бұл принциптер бір-біріне қарама-қарсы келеді. Әрқашанда көңіддегідей болып шықпайды. Жақсы нәтиже бермейді. Жасыратыны жоқ, біздің егеменді елімізде денсаулық сақтау мәселссіне айтарлықтай коңіл бөлініп отырған жоқ. Халықты неше түрлі аурулар меңдеп кетті. Кейінгі жылдары жан-дүниелі дерттер адамдар арасына көптеп тарап кеткен. Қантты диабет ауруы екі адамның бірінен кездесе береді. Әрбір мың бала туса, олардың 40-ы кемтар болып туатынын медикгер айтып жүр. Оған бір мысал.



КЕМТАР СӘБИ КӨБЕЙІП Т¥Р

Атырауда перзентхана дәрігерлерін жаратылысы алабөтен сәбидің дүниеге келуі таңдандырып отыр. Өйткені, бұл сәбидің шашы мен қасы, аяқ пен қол тырнақтары, құлақ қалқаны да тіптсн дамымай қалған. Ал, басының үлкендігі де орасан, аузы құдды балық аузына ұқсайды. Кірпігі жоқтықтан кезі жұмылмайды. Сол себептен, ұйықтағанда қарашығы жоғары көтеріліп, көзі ашық жатады. Оның ішкі құрылысында да кемшік түсетін тұстар байқалған. Жүрегінің дімкәстігі бар, бүйректері де әр түрлі.

Псрзентхананың бас акушер-гинекологы Л.Деминаның айтуына қараганда, жас нәрестенің ата-аналары ешқандай сырқатқа шалдықпаған. Және бұрын олардың бір сәбиі болған. Өкінішке орай, әзірге дәрігерлерге жаратылысы көңілге мұн ұялататын сәбидің не себепті кемтар болып туылғанын анықтау оңайға түсер емес. Мұндай құбылыстың неден екенін анықтайғын генетикалық лаборатория перзентханада жоқтығы қолды байлап түр.

20

Жалпы, соңғы екі айда ақыл-есі дамымай, кемтарлық күйін кешкен төрт сәби өмірге келіпті. Төртеуінің ата-аналары сәбилерін алудан бас тартқан. Енді мына сәбиді де ата-анасы алғысы келмейді. Бұл аймақ экологиясының бұзылуынан ба, әлде оның басқалай себебі бар ма? Асылы, Атыраудағы адамдар ағзасындағы тосын өзгерістердің жиі қайталануы ғалым-дәрігерлерді ойлантуы керек-ақ!

1999 жылы әскерге шақырылған жас өспірімдердің 40,7 пайызы әскери қызметке жарамсыз деп табылған. Балалардың бойы өспей қалған. Ондай балалардың саны 42,2-64,3% мөлшеріндей. Кейбір балалардың ақыл-ойы қалыптаспағандай болып жетілмеген. Олардың мөлшері 7,2% құрайды.

Осы келтірілген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы (Батыс Қазақстан облысы) тұрғындарының арасында байқалған. Онда мүгедектер саны басқа жерлерге қарағанда, өте коп. Әсіресе I жәие II топтағы мүгедектер саны айтарлықтай. Олардың мөлшері 72,8%. Мүгедектердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда ауданының тұрғындарының арасынан бүйрек аурулары бар адамдар саны 60,6%, құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен. Неше түрлі қояншық аурулары жеткілікті. Мұның бәрін жіпке тізгендей етіп айта берсе адамның көңіл-күйі тым төмендеп кететіні белгілі.

Денсаулық сақтау адамзат баласының ең бір бағалы қасиеттерінің бірі. Денсаулығы нашар болса, кімге сен керексің. Жақының да керегің жоқ, үлкен қайғы ғой. Құдай сақтасын! Әрқашанда Алла Тағала сақтағанды сақтаймын депті ғой. Сондықтан да салауатты өмір сүру салтын көздің қарашығындай етіп сақтауымыз керек.

Қазіргі заманның көз қарасы бойынша, салауатты өмір сүру салты мына төмендс көрсетілген шарттармен сипатталынуы тиіс.

1) Зиянды дағдыдан аулақ болу. Зиянды дағдыларға жататындар: а) темекі шегу (тарту); б) ішімділік, ішу (арақ, шарап, коньяк, сыра және т.б.); в) наркотикалық заттар (анаша, марихуана, бонбонг, апиын және т.б.) мен әуестену; г) токсикалық қосылыстар (үй тұрмысына қолданыдатын улы қосылыстар, әсіресе таракандарға қарсы қолданылатын — дихлорофос, және т.б. улар;

2) оптималды қимыл жасамау (жаяу жүрмеу, жүгірмеу, спортпен айналыспау, дене тәрбиесімен шүғылданбау, шаңғы теппеу, суда жүзбеу, таза ауада дем алмау және т.б.);

3) жүйелі түрде тамақтанбау (теңестірілгсн азық-түлікті кеңінен пайдалану, биологиялық белсенді заттары бар азық-түлікті жеп-ішу, қажетті азық-түлікті шикілей жеу, ет жемеу т.с.с).

4) денені үнемі шынықтырмау қыс айларында қар үстінс 1-.2 минут жалаң аяқ тұрмау, мұздай суды үстіңе қүймау, қыс кезінде

21

өзен-кол суларына шомылмау, күнге қыздырыну. Бір айта кететін жай күнге қыздырылғанда бір талай ережелерді сақтау керек. Өйткені атмосфералық ауада қисапсыз көп радиоактивті элементтердің иондары бар, олар Күн радиациясымен қосылып тері рагын тудыруы мүмкін. Бірақ аз мезгіл күннің қуатын пайдалануға бола ма деген болжам бар, не болса да күннің радиациясынан аулақ болған жөн. Өйткені күннің қауіпті энергиясын тұтып қалатын аспандағы озон деп аталатын қабат тым жұқарып кеткен, қалыңдығы небәрі 2-3 км, бұрынғы кезде оның (озон қабатының) қалындығы 90-100 км болған. Кейбір аймақтардың озон қабаты тесіліп кеткен. Тесіктердің диаметрі бұрын 2-3 км болса, қазіргі кезде оның диаметрі 2000 км жеткен. Міне, күнге қыздырынбау дегеніміз осы қағидалардан туындайды.



5) жеке бастың тазалығы тері, тіс, аяқ-қол, көз тазалықтары, олар қалай болу керек. (оларға төменде тоқталамыз).

6) Оң эмоциялар (үздіксіз қуаныш).

Қазіргі мектептердің көпшілігінде салауатты өмір сүру салты орындалып жатыр деп айта алмаймыз. Неге десеңіз? Көптеген адамдар темекі шегеді, арақ-шарап, басқадай ішімдіктер ішеді. Мұндай құбылыс мектеп оқушыларының арасынан да, азда болса кездесе береді. Ал біздің келешек мұғалімдер дайындайтын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті студенттерінің арасынанда азда болса да кездесіп жатады. Әсіресс, темекі шегу мен қыз балалар көп айланысады. Қанша тартпаңыздар деп айтқанымызбен оларға әсер етпейді. Тек қарсылас сөздерді естідік. қазіргі жастар ақылды ғой. Тындамайды. Осы жайында қазақ елінің бір нақыл сезі бар - "күл болмасаң, бүл бол". Сол баланы мен айтпаяқ қояйын, ішің білсін әлуәй... осылардың бәрін егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ. Бұл кітап оқулық ғой. Егде адамдар темекі шегеді, кейбіреулер ішкілікпен айналысады, аз қимылдайды. Суық суға шомылу дегенді олар білмейді. Суық су десе зәресі ұшады. Суық судың пайдасын түсінбейді. Мұның бәрі зиянды дағды.

Бір қыз бала менімен (кітаптың авторы) әңгімелесіп отырып, бірнеше маған белгісіз жайларды айтып берді. Біздің ауылда деп бастады ол сөзін: (Балқаш ауданы, Бақанас аймағы болса керек, Алматы облысы). Біздің жақта жабайы қояндар қисапсыз көп болады. Оларды жергілікті халық аулайды. Бірақ барлық адамдар қоян аулаумен шұғылданбайды. Тек еңбек сүйгіш адамдар ғана қоян аулайды. Көпшілік адамдар жылы пештің жанында жатуды ұнатады. Рас деп - күліп қойды. Бұған сіз танданбаңыз. Бұл жалқаулықтың белгісі ғой деген ой маған орала түсті. Бұл қазақ



22

халқына тән (тектік-гендік) қүбылыс. Өзгермейтін ұлттық белгі. Ол атадан балаға тарап, тұқым қуалайды.

1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар

Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлардың бірі — дұрыс және жүйелі түрде өз мезгілінде тамақтанбау. Сондықтан да адамның массасы өсіп, шектен тыс семіріп кетеді.

Ол неге әкеп соғады, адамды неше түрлі ауруларға шалдық-тырады. Кейіннен өмір мен қоштасуға себепші болады. Мсзгілсіз өліп қалады. Әркім өз бақытсыздығына өзі кінәлі. Біреуден көрудің

қажеті жоқ.

Ал қазіргі нарықтық экономика көпшілікке оң эмоциялық жағдай туғызып отыр деп айта алмаймыз. Көптеген адамдар салауатты өмір сүріп отырған жоқ.

Қорыта айтқанда, салауатты өмір сүрудің салты тек табиғат қана емес, ол адамзат баласын асыраушы ана. Табиғаттың келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсең мыңды, мыңды берсең миллионды аласың, міне табиғат заңы осындай.

Дегенмен, салауатты өмір сүру салтын көптеген адамдар сақтамайды. Бір кезде мен бір қарт адамға неге темекі шегесіз дегенімде, ол маған бір Алла-Тағаланың жазуы бар ғой, көп жасаймын ба, жоқ па, аз жасаймын ба, әйтеуір бір жазу бар ғой деді. Жоқ олай емес дедім мен. Темекі шегу өмірді қысқартады. Салауатты өмір сүру салтын әрқашанда бірінші орынға қою керек. Әсіресе, жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек демекпіз! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Егде адамдар, мал бағып, күн-түн демей таза ауада жүрген. Сондықтан да олар, ұзақ уақыт өмір сүрген. Ішімдік дегеннің не екенін олар білмеген, темекі тартпаған. Наркотикалық заттар туралы қазақ елінде ешқандай түсінік болмаған. Ал токсикалық қосылыстар қазақ халқының үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Қазақ елі әрқашанда табиғатпен санасып отырған. Салауатты өмір сүру салтын жоғары сынып оқушылары қатаң түрде ұстауы тиіс. Жоғары сынып оқушылары салауатты өмір сүрудің салты тек көп қимыл жасап, нерв жүйелерін сақтау, дене шынықтырумен айналысу, ішімділік ішпеу, темекі шекпеу ғана деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Салауатты өмір сүру салтын сақтау үшін; ерік болу керек. Күшті ерік әркімдс бола бермейді. Сондықтан да кейбіреулер салауатты

23

өмір сүру салтын сақтамай көп азап шегеді. Оны күнделікті өмірден үнемі көріп жүрміз.

Валеология мектеп жағдайында білім және тәрбие беру пән ретінде жүргізілуі керек. Валеологиялық білімді ата-аналарда білуі керек. Валеология — кеңінен насихатталынуы тиіс. Валеология кәсіптік білім ретінде өткізілуі керек. Валеологиялық білім жөне тәрбие біртұтас, ол қатарымен жүргізіліп отыруы тиіс.

Валеологиялық білімде физикалық, эмоционалдық, интеллек-туалдылық, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер болады.

Физикалық аспект дегеніміз — ағзаларда өтетін физиологиялық үрдістер, интеллектуалдылық-денсаулық жайындағы ақпараттарды қабылдау; эмоционалдық аспект — түсінік және оларды қорыту, екінші біреуге өз мағынасында жеткізу; тұлғалық аспект дегеніміз — тұлғаның өзіндік биологиялық ерекшелігі.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау орындарының анықтауы бойынша, - денсаулық дегеніміз - физикалық, психикалық, (рухани) және әлеуметтік жағдайдардан туындайтын биологаялық категория.

Балалардың және оқушылардың денсаулығын сақтау пробле-малары мына төмеңцегі екі жағдай орындалған кезде өз шешімін табары сөзсіз.

1) Сыртқы және ішкі жағдайлар мектепте және үйде қолайлы түрде жасалған болса, оқушыларды еңбек ету мен демалысы жүйелі түрде ұйымдасқан жағдайда, (денсаулықты сақтау педагогикасы немесе мектеп гигиенасы сақталынған болса), оқушылардың денсаулығы арта түседі.

2) Оқушылар арасында, олардың денсаулықтарының сақталуына бағытталған тәлім-төрбие жұмыстары ойдағыдай жүргізілінсе, оқушылар салауатты өмір сүру салтын сақтай алады. Сонымен бірге мектепте жұмыс істейтін қазіргі заманның валеологтарының қабілеттілігі ерекше болуы керек.

Оқушылардың денсаулықтарына кері әсер ететін айналаны қоршаған орта факторларын анықтай білетіндігі осыған байланысты. Не істеу керек, нені істемеу керек. Толық кепілдеме беру керек. Ақыл-ойын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру үшін қосымша әдістсрді айтып беруді білу керек.

— оқушылардың физикалық дайындығын (денсаулық деңгейін) біліп, осыған байланысты қимыл жасау режимін ұсыну қажет;

— оқушылардың өздері-өздерінің денсаулықтарына қалай бақылау жасайтынына ғылыми тұрғыдан кепілдемелерді дәл беру керек;

— денсаулықтарын қалай басқарудың жолдарын атап көрсетіп беріп отыру жөн.

24

Қоғамдағы денсаулық мәдениеттілікке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: Баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету. Осыған орай денсаулықты сақтау екі бағытта жүргізілуі керек.

1) Әрбір адамға валеологиялық білім беру ең жас кезінен бастап берілуі тиіс;

2) тұлғаның өзін-өзі төрбиелеуі — креативті валеология (сгеаytіо — жасап шығару) өзің жасап шығар.



1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі

ішкі және сыртқы факторлар

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:

1) Мәдениеттің төмендігі. 2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі. 3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың, өріс алуы. 4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру). 5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану. 6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы. 7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы. 8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.

9. ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.

10. қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге пшриці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орында-рында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады.

25

Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.



Валеология ғылымының әдістері. Осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.

Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.

Валеология көптеген медициналық, биологиялық, фармаколо-гиялық, псдагогикалық, психологиялық ғылымдарға негізделген (интегративті ғылым) оны медицина ғылымының бір тарауы деп айту дұрыс емес.

Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева және тағы басқа авторлар "валеология" оқу-әдістемслік құралында былай деп жазады: "Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты — адам денсаулығы туралы болып қалыптасты (Валеология, 5 бет, Алматы, 1999).

1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"

П.К.Иванов ұзақ жылдар бойы, шынықтыру проблемасымен айналысқаны көп адамдарға белгілі. Өзінің "Қарғаш" атты ілімінде шынықтыруды жан-жақты талдаған болатын. Онда былай деп жазылған: Аптасына 1 тәулік бойы ас-судан бас тарту керектігін қағида ретінде халыққа ұсынған. Жұманың 18, 20 сағатынан жексенбінің (сағат 12-іне дейін ашығу керек) бұл сенің шартың дейді - ол.

Егер ұзақ уақыт бойы аштыққа шыдай алмасаңыз онда бір тәулікке ғана шыда деп П.К.Иванов кеңес береді.

1. Біз — деп жазады П.К.Иванов: Жақсы тамақ ішуге, әбден үйреніп кеткенбіз, көп ішеміз, дәмді тамақтарды ұнатамыз. Тамақ ішуге, жеуге әбден үйреніп алғанбыз. Бұл жануарлықтың белгісі, надандық көрінісі. Тамақты көп ішу ақылды көбейтпейді. 42 сағат ашыққан кезіңізде өзіңізді қалай сезінер едіңіз, басыңыз қалай жеңілдейтіні байқадыңыз ба деп, ол өзіне-өзі сауал қояды. Барлығына шыдау керек! Шыдамсыз еш нәрсс орындалмайды.

26

Шыдамдылықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірінші күні ағза өзгерюке қатты үшырайды. Қоректік заттарды адам айналаны қоршаган сыртқы ортадан алатынын П.К.Иванов айтады. Айналаны қоршаған сыртқы ортада қоректік заттар эфир сияқты өте көп. Эфир арқылы қоректік заттарды ағзаға жеткізіп отырады. Ауру қозған кезде, ашыққан жақсы нәтиже береді.



2. Жексенбінің сағат 12-де далаға шық. Табиғат көрінісін байқа, жалаң аяқ жүр, бірнешс рет терең дем ал. Ойлан. Бұл саған мереке сияқты күн болсын. Осыдан кейін қанша тамақ, қандай тамақ ішесің, ол сенін еркін. "Тамақ ішер алдында - деп жазады — ол, сыртқа қораға, үй ауласына жалаңаяқ шық, басыңды жоғары көтеріп бірнеше рет тыныс (дем) ал, мұрының арқылы атмосферадан ауаны ішіңе қарай тарт. Бұл тыныс алу адамның ағзасындағы болатын зат алмасу үрдісін үдетеді. Табиғат саған жақындап, барлық жақсылығын сенен аямайды деп адамдарды сендіреді. Сенің қуанышың, сенің пайдаң, өзіңді өзің жеңгенің тамақ ішер алдындағы тыныс алғаның, қалай тамақ ішу керек соны үйретеді. қандай тамақты ішу керек, қандай тамақты ішпеу керек табиғат саған үйретеді дейді — ұстаз (П.К.Иванов). Тамақты таңдамай-ақ іше бер. Тамақтың жаманы болмайды. Бірақ дұрыс даярланбаған тамақтың түрлері болады.: Тамақ пісіру бұл аса үлкен шеберлікті қажет ететін үрдіс. Тамақ пісіру жалпы искусство деп — ол қорытынды жасайды. Тамақтың дәмі, иісі адам психикасына ерекше әсер етуі керек. Сонда ғана тағам ағзаға тез сіңеді. Буны биологиялық жұғымды тағам дейді. Айта кететін бір жәй, осы кітаптың авторы (Ж.Жатқанбаев) академиктер А.А.Покровский жәнс Т.Ш.Шарманов басқарған (бұрынғы денсау-лық министрі болған) бұрынғы СССР-дің ғылыми медицина академиясының тағам ғылыми-зерттсу институтында істеп, ауыл балалары мен қала балаларының (оқушыларының) қанын зерттеген болатынмын. Қан құрамына әр түрлі штаминдердің әсерін анықтаған едім. Сол мақсатпсн Бақанас елді пунктіне орналасқан орта мектептің біреуінде, эксперимент жүргізген едім. Оқушыларға таңертең витаминдер беріп, оны балалардың түкіріп тастамауын қадағалап тұрғанмын. Балаларға витамин беру үрдісі бір айға созылған. Қандағы витаминдердің мөлшері оқушылардың жас ерекшелігіне және жынысына қарай әр түрлі болатынын анықтағанмын. Орыс балалары мен қазақ балаларының қанындағы витаминдер мөлшері бірдей екенін аиықтаған едім.Бұл ашық түрде жарияланбайтын.

27

1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов

Мен эксперимент жургізген (1968) орта мектептің оқу ісін басқарған педагог Ертіс Ахметон еді. Кейін ол педагогикадан диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты болды. Қазір Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде география-экология факультетіңдс қызмет істейді. Өте адамгсршілігі мол нағыз педагог. Адамзат баласына өте қайырымды көзбен қарайтын жан. Халыққа қолынан келген жақсылығын аямайтын адам. Кейде біз жақсыны да, жаманды да ажырата алмаймыз ғой. Кімге қалай екенін мен білмеймін: әйтеуір Ертіс Ахмстов маған адамгершілігі аса биік жан екені бұрыннан белгілі. Ол адамдардың валеологиялық символы ретінде бағалануы керек. Бірақ, "Алтынның қолда барда қадірі жоқ" - дейді қазақ. Ертісті университет басшылары дұрыс бағаламай келеді. Мен нашар және қудаланып жүрген кезімде, Ертіс маған қойын сойып, қолын қусырып ол мені құрметтеген еді. Оны мен ұмытуға тиісті емеспін. Ол мені таныды. Расында мен өзімше бір тұлға едім. Бірақ менің, оның үйінде қонақ болғанымды ол білмейді. Мен айтқаным жоқ. Қазақ халқының даналы сезінің бірі - "ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес" дегендей Ертіс Ахмстовтың маған жасаған адамгершілігін мен ұмытпаймын. Тек, Ертіс Ахметовке айтарым, осы аса биік адамгершілік тұрғысынан әрқашанда көріне бер демекпін. Осы оқулықтың бір тарауын Ертіс Ахмстовке арнасам да болар еді, бірақ жазылатын затгар көп екені кезек бермейді.

Дегенмен Ертіске сөз соңында айтарым:

Ұстаз болсаң сондай бол,

Жосылып жатқан жолдай бол.

Оқу оқып, қызмет етер кезіңде,

Жүк көтерер нардай бол,

Ақыл айтып, дәріс берер кезіңде

Мың жасаған шалдай бол...

Профессор Ж.Жатқанбаев

П.К.Ивановтың идеясы бойынша, тамақ іше білу керек, ішпей де жүре беру керек, қалай ашығу керек. Қоректік заттарды табиғаттан алуға, ауадан, судан және жерден алуға тырысу керек. "Табиғатты мазаламай-ақ, өзіңді-өзің жұмыс істеуге дағдыландыру керек. Айта кететін бір жәй П.К.Ивановтың "Табиғат пен табысқан ғұмырындағы" табиғи сауықтыру жүйесі биологиялық және медициналық тұрғыдан алып қарағанда, өте күшті

28

биологиялық-медициналық жүйе. Қазіргі кезде бұл практикалық жүйеге тең келетін бірде-бір сауықтыру жүйесі жоқ. Дегенмен, П.К.Ивановтың сауықтыру жүйесін де, біздіңше, бірнеше олқы-лықтарда бар. Біріншіден бұл сауықтыру жүйесі корпаративті.



Ешбір физиологиялық-медициналық эксперименттерге сүйенбеген. Адамдардың физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерін П.К.Иванов есепке алмайды. Қақырып, түкірме, оны өзің жұтып қой деуін қалай түсінуге болады. Ал егер адам қан түкіретін туберкулезбен ауыратын болса, ол жағын П.К.Иванов түсіндірмейді.

Дегенмен, ІІ.К.Ивановтың сауықтыру жүйесінің көптеген қағидаларын басшылыққа алуға болады.

П.К.Ивановтың 'Табиғатпен табысқан ғұмырындағы" табиғи сауықтыру жүйесіи Қазақстан Республикасы жағдайында күшті дамытқан жаннын бірі Сара Алпысқызы Назарбаева. Ол өзінің "Путь к себя" кітабында П.К.Ивановтың сауықтыру жүйесіне кең көлемде тоқталады. Суық суға түсудің пайдасын айтады, Өзінің басынан өткен оқиғаларга тоқталады. Амал қанша кітап орыс тілінде жарыққа шыққан. Орыс тілін білмейтіңдер ол кітапты көргенде жоқ, қолына ұстағанда және оқыған да жоқ. "П.К.Ивановтың жүйесін қабылдауы ма деп жазады С.А.Назарбаева. Мендегі ауру болды "П.К.Ивановтың сауықтыру жүйесін қабыддағаннан кейін, жасағамнан кейін сол ауруымнан мүлдем айығып кеттім дейді С.А.Назарбаева. С.А.Назарбаева туралы көп білгіңіз келсе (Ж.Жатқанбаев — С.А.Назарбаева — педагог, валеолог, организатор, Алматы, 2000 деген кітапты оқып шығу керек деп біз жоғарыда ескерткенбіз. Тағы да қайталағанның артығы болмас деген ойдамыз.

1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі

П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі негізінен 12 қағидадан тұрады.

1. Күніне екі рет табиғи суық суға шомыл, өзіңе жақсы болсын! Қайда болсаң да шомыл, көлде, өзенде, ваннада, душ қабылда. Не суық суды өзіңе ақтара сал. Бұл сенің шарттарың. Ыстық суды суықпен аяқта!

2. Суға түсер алдында не кейін, мүмкін болса, бір уақыт далаға шық, болмаса бірнеше рет тыныстаи алда, ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық-саулық тіле!

3. Ішкілік ішпе, темекі шекпе!

4. Аптасына I тәулік бойы ас судан бас тарт, жұманың 18,20 сағатынан, жексенбінің (сағат 12-сіне дейін). Бұл сенің шарттарың.

29

5. Жексенбінің сағат 12-де далаға щық, жалаң аяқ жүр, сейіл ғұрып бірнеше терең тыныс алып, ойлан, жоғарыда айтқандай. Бұл сенің мерекең. Осыдан кейін тәбетің тартқанша қалауыңша тамақ-тан.

6. Қоршаған табиғатты сүй, жағалай түкірме, қақырма. Осыған үйрен — бұл сенің ден саулығың.

7. Әрқашанда қайда жүрсең де, өсіресе қарт адамдармен амандасын жүруіңіз керек. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле, олармен сәлемдесіп жүр!

8. Жұртқа мүмкіндігің келгенше көмектесіп жүр, әсіресе кедейлерге, жарымжан кісілерге көмектес, елеусіз қалған жалғыз қарт адамдарға көмектес. Мұңайған адамдардың қайғы-қасіретін бас. Мұны қуанышпен істе. Кімнің болмасын қажет-керегіне бүкіл жаныңмен жауап беріп, мұқтажына жарауға кіріс. Одан сен досыңды табасың, осылайша бейбітшілік ісіне көмектесесің!

9. Өзіндегі іштарлықты, жалқаулықты, дандайсуды, көрсе қызарлықты, қорқақтықты, жалған нәмысоқойлығынды жең. Адамдарға сен және оларды сүй! Олар туралы қаңқу, жалған сөзді айтпа, біреулердің оларды діттегенін қаперіңе алма!

10. Басынды ауру-сырқаудан, өлім туралы ойлардан босат! Бұл сенің жеңісің!

11. Ойыңды ісіңнен бөлме! Оқыған екенсің — жақсы, бірақ ең бастысы — істе!

12. Айтып жүр, осы тәрбиенді басқаларға тарат, бірақ мақтанба, осыныңмен көтерілемін деме, қарапайым бол!

Мен сіздерді сұрап, жалынамын — деп жазды ұстаз П.К.Иванов — табиғатпен бірге болып, өзіңнің орнынды табиғаттан тап. Сіздің орныңыз бос тұр, оны ешкімде басқан жоқ. Ол орынды ешкім де сатып алған жоқ, ешкімге, ешқандай ақшаға сатылмайды да, өзінің еңбегің мен ісіңмен табиғаттан рахат табасыз. Саған әр қашанда жеңіл болу үшін. Саған бақытпен денсаулық тілеймін.

П.К.Ивановтың негізгі идеясы әрқашанда адамның дені сау болуы қажет. П.К.Ивановтын жүйесін пайдалана отырып, Бронхитті, туберкулезді, созылмалы тонзилиттерді, жүрек ауруларынан бірден айығып кетуге болады. Табиғатта денені шынықтырумен айналысу әркімнің қолынан келеді. Бірақ шектен шығып кетуге болмайды. Өзіңе қажеттісін таңдап ал. Ол туралы Иванов өзі ескертулер жасаған. "Менің жүйемді бірден қабылдап алма, оны пайдаланам деп өз бойыңдағы келісімді денсаулығыңызды бұзып алма. Суық суға шомылам деп рекорд жасаудың қажеті жоқ. Ас-су ішпеудің қажеті жоқ. Табиғат

30

мақтаншақтарды жақсы көрмейді. Ол туралы әр қашанда есте ұстау керек. Ол туралы 1979 жылы ұстаз "Тіршілік даңқы" атты ән ұран шығарған болатын. Ол туралы ол былай деп айтқан еді. "Ән ұранда бәрі бар. Ол дүние жүзіне шарықтап айтылуы керек. Бейбітшілік жер шарында орындалу қажет".

П.К.Ивановтың жүйесі және қағидалары бойынша табиғи сауықтырумен айналысушы адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп кетеді. Аурулар денеден кете бастайды. Өлім туралы ойлар көңілге мүлдем келмейді. Тіршілік өмірде мәнсіз жүріс-тұрыс болмайды. Адам бар болмысымен өмірге, саулыққа, қуанышқа,. жақсылыққа, жасампаздыққа біржола бетбұрыс жасап, шаттыққа орана бастайды.

1.9. Валеология және педагогика

Балалардың денсаулығы төмендеуінің негізгі себептерін талдай келіп, мына төмендегідей қорытынды жасауға болады.

1. Оқушылардың денсаулықтарының төмендеуі, оқу үрдісіне байланысты емес екендігі анықталды. Оқушылардың денсаулық-тарының төмендеуі объективті себептерге байланысты болмай, тек қана субъективті себептермен шектслінетіні байқалды.

2. Мұғалімдердің, оқушылардың денсаулығына немқұрайлы қарауы оқушылардың денсаулығының нашарлауының басты себептерінің бірі екені анықталды.

Медиктердің көп айтатын девиздерінің бірі "ргіто поп посеге" барлығынан бұрын әдейі денсаулыққа қастық жасама". Бұл девизді кейінгі кездс педагогтар басшылыққа алатын болды.

1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі

Қазіргі кезде барлық мектептерде мсктеп гагиенасы деген сабақ жүреді. Оны денсаулықты сақтаудың педагогикасы деп атауға да болады. Гигиена дегеніміз — адамдардың денсаулығына айналаны қоршаған сыртқы орта факторының тигізетін өсерін зерттейтін ғылым. Оқушылардың ағзасына оқу үрдісінің және еңбектің тигі-зетін әссрін зерттейтін ғылым. Оқушылардың ағзасына оқу үрдісінің және еңбек пен демалыстың тигізетіғі әсерін мектеп гигиенасы зерггейді. Оқушылардың жүйелі түрдс оқуына, қолынан жүмыс ке-летіндігін арттыруға да мектеп гигиенасы айтарлықтай роль атқа-рады. Окушылардыц қажымауына ғылыми жол көрсететін ғылым.

Оқушылардың еңбекке қабілеттілігі дегеніміз не? Оқушылардың еңбекке қабілеттілігі дегеніміз — адамның максимадды

31

түрдс энергия шығарып сапалы және эффекті түрде жүмыс істеуі. Бойындағы қуатты жүйелі түрде пайдалану. Әрбір адамның бойьшдағы жүмысқа қабілеттілігі әр түрлі болып келеді. Жұмысқа деген қабілеттілік жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. Оны маусымдық ауытқу деп атайды.



Сондай-ак, тәуліктік уақытқа, байланысты, Жүма ішіндегі күндерге сәйкес еңбекке қабілеттілік дамып отырады. Әдетте адамдардың жүмысқа жарамдылығы сағат 10-11-де қарқынды жүреді де, кейін 14-15 сагатта қабілеттілік төмендейді, 17-18 сағатта қайтадан қабілеттілік арта түседі.

Белгілі бір жұмысты орындауда қабілеттілік белгілі бір заңды-лықпен өтіп отырады. Алғаш жұмысқа кіріскенде қабілеттілік онша жоғары болмайды. Қабілеттілік біртіндеп дами түседі Жұмысқа жарамдылық біріншіден, нерв және гуморальдық жүйелерге байланысты. Адам ағзасы айналаны қоршаған орта факторларына бейімделінуіне байланысты. Екіншіден, қимылдың стереотипіне байланысты болып, ол біртіндеп қалыптасады; үшіншіден, вегетативтік функциялар қажетті деңгейге көтеріле түсуіне байланысты. Мұндай жағдайлар жас балаларда ерекше бір зандылықпен өтеді. Олардың барлық нерв және гуморальды жүйеле-рі өте тез өзгергіш келсді. Бұл фазаны жұмыс істеуге қабілсттіліктің бастамасы деп атайды. Бұдан кейін екінші фаза басталады. Оны жұмыс істеу қабілеттіліктің тұрақты фазасы деп атайдн. Бұл фазада адам сапалы және жемісті еңбек етеді. Қабілеттілік әдетте адамдардың жас ерекшсліктеріне, денсаулығына, жұмысқа үйреншілігіне байланысты болады.

Кейіннен жұмысқа деген қабілеттілік біртіндеп азая түседі. Қажу пайда болады. Жұмыс аяғында жұмысқа деген қабілетгілік аз мөлшсрде көтеріледі. Жүмыс аяқталар кезде еңбекке қабілсттілік арта түседі. Мұны, "жұмыстың аяқталу лебізі" деп атайды. Шығар-ган өнімін өзі көзімен көріп көңіл-күйі көтеріледі. Эмоционалдық деңгейі өседі. Ал кейбір себептерге байланысты өзінің жасаған жұмыстарының қорытындыларына көзі тоймаса, көңілге қуаныш сезімі келмесе, онда еңбекке қабілеттілік төмендеп кетіп, адам басылып қалады. Адам қажу фазасына түседі.

Қажу дегеніміз не? Енді осыған біраз тоқталайық. Қажу — жұмыс істеген кездегі ағзаның өзгеріске ұшырауы. Жұмыс аяғында адам қажып ештеңе істегісі келмейді.

Қажу кезінде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі тым төмендеп кетеді. Адам жұмыстан бас тарта бастайды.

Қажудың биологиялық ролі өте-мөте жоғары келеді. Адам биологиясы адамда бірнеше функцияларды атқарады. Біріншіден,



32

қорғаныс функциясы, әртүрлі жұқпалы ауруларды адам ағзасына дарытпайды. Екіншіден, қажығандықты онша дамытпай, ағзаны жұмыс істеу үрдісіне бағыттайды. Ағзаның функционалдық мүмкіншілігін күшейте түседі.

Шаршау мен қажудың негізгі себептері адам өзі қызығып істейтін жұмыс болса, оны ұзақ істесс де ешқандай қажымайды. Істей береді. Ал қызықты емес жұмыс болса, онда адам тез шаршап кетеді де, істемей қояды. Еркі азаяды. Бірақ жұмыс істеу қабілеті төмендемейді. Мұны компенсирлі қажу деп есептейді. Ағзада қуат көп болады. Қажудың механизмдерін анықтау оңай шаруа емес. Дегенмен, биолог-валеолог мамандардың зерттеулерінің қорытындыларыма қарағанда, қажу ксзінде ең алдымен орталық, нерв жүйесі қажитынын айтады.

Адам белгілі мөлшерде тамақ ішпесе, ол тез арада шаршап кетеді де, қажу фазасына өтеді. Оқушылар жүйелі түрле жұмыс істемегендіктен, олар тез қажиды. Өз еркінен айырылып қалады да, сабақты үлгермейтіндердің қатарына қосылады. Қажудан ол шыға алмайды. Қажу үсті-үстіне дами береді. Қажудан шығудың бір жолы бар. Ол мектепте мұғалімдер, үйде ата-аналар, әжелер мен аталар болып жабылып оқушыға қатаң бақылау жасап, жәрдемдесу керек. Қосымша сабақтар жүргізіп, үлгере алмаған сабақтарын үлгертуте тырысу керек. Үнемі оқушыны жақтап, мактау жұмыстарынан қол үзбеу керек. Үнемі ұрысып, жамандамау керек.

Жалығу дегеніміз не? Жалығу қажудан басқаша. Жалығу кезінде адамның жұмыс істеу қабілеттілігі уақытша төмендеп кетеді де, ол қайтадан жоғарылап отырады. Жалығу физиологиялық жағдайларға байланысты емес, ол патологиялық жағдай. Патологиялық жағдайға оқушылар ұшырамау үшін, мұғалімдер мен ата-аналар оқушылардың жұмыс істеу режимі мен демалу үрділерін бақылап, ғылыми талаптарға сай жолға қоюға тырысу керек. Сабақ оқу дағдысын қалыптастыру қажет, сонда жалығу үрдісі оқушыларда дамымай қала береді.

1-ші сыныпқа келген оқушылардың көбісі оқи, жаза алмай-тындай болып мектепке келеді. Бұл ебдейлік, бірақ дағды емес. Мектеп оқу мен жазуды дағдыға айналдырады. Кейбір сауатты адамдардың қолы жұмыс істеуге епті келеді.

Мектспте оқитын оқушылар жалықпас үшін мұғалім

оқушыларға бірнеше тәсілдерді үйретеді. Қалай жазу керек екенін

-үйретеді. Қалай қалам ұстаудың жолын көрсетеді. Отыру

тәсілдеріне бақылау жасап, жолдарын түсіндіреді. Мұның бәрі

оқушылардың жалықпай жұмыс істеуіне әкеп соғады.

33

Бастауыш сыныптардын, оқушыларына жазу жұмысы 8-12 минуттан артық жүргізілмеуі керек. Мұның өзі қажуға жол бермейді. Оқу өте қиын үрдіс. Кітап оқу өте үлкен еңбекті қажет ететін оқу үрдісі. Біріншіден, көздің көру қабілеттілігін талап етеді. Өйткені кітапта неше түрлі кішкентай әріптср кездеседі. Көзбен көп жұмыс істеуді қажет етеді. Көз үнсмі айналып отырады. Сондықтан да сынып ішінде оқу үрдісі 1-ші сынып оқушыларына 15-25 минуттан аспауы керек. Көзге үнемі шынықтыру жаттығуларын жасап отыру керек.



1.11. Адам және валеология

Адамның пайда болуын және оның мүшелерін білмейінше валеологияны білу мүмкін емес. Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ғылымдарының негізі деп есептелінеді. Бұларды білмейінше сау жәнс ауру адамның денесінде болатын өзгерістерді байқауға болмайды. Ал оны түсінбейінше сырқаттың неден болатынын білу, оны емдеу және одан сақтандырудың жольш табу өте қиын.

Адам — биосферадағы тірі ағзалар ішіндегі ең ақылдысы. Адам сүт псн қоректенетін жануарларға, оның ішінде примат отрядына жатады. Бұл отрядқа маймылдар мен шала маймылдар кіреді. Адамның өзіне тән морфологиялық белгілері: оның екі аяғымен тік жүруі. Қолының жұмысқа икемділігі. Ми қүрылысының күрделі және салмақты болуы. Сөйлеу аппаратының жақсы жетілуі. Адамның арғы тегі бұдан бір миллионнан астам жыл бұрын Олуован шатқалында (Шығыс Африкада) өмір сүрген зинджаптроптардан шықкан деседі.

Адамдардың пайда болуы туралы биология ғылымында екі түрлі көзқарас бар екенін айтпай кетуге болмайды. Оның біршшісі

- идеалистік, екіншісі - материалистік көзқарас (бағыт).

Идеалистер — адамды құдай жаратты деп түсіндірсді. Олардың көзқарасы бойынша адамның барлық іс-әрекеті құдайдың құдіретіне байланысты. Адам апатқа ұшыраса не өліп қалса, осының барлығы құдайдың жазуы деп түсіндіреді. Материалистер - адам еңбек ету үрдісінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан ғой деп жорамалдайды. Адамның жануарлардан бөлініп шығуына негізгі себеп болған — еңбек. Көне заманда тіршілік еткен жабайы адамдар өздеріне қажетті еңбек құралдарын жасай білген. Еңбек адамға тіл бітуіне, оның сана-сезімінің оянуына және бірігіп жүріп тіршілік етуіне жол ашты. Ф.Энгельстің айтуынша, "Ол - бүкіл



34

адамзат емірінің бірінші негізгі шарты, оның үстіне біз белгілі мағынада адамның езін жасаған еңбек деп айтуға тиіспіз".

XIX ғасырдағы табиғат зерттеуші ғалым-биологтар, әсіресе ұлы биолог-ғалым Чарлз Дарвин (1809-1882) адамдардың арғы шықкан тегі маймылдар ден түсіндірді. Өзінің еңбегінде түрлердің табиғи сұрыпталуыдың әсерінен болатынын анықтады. Ч.Дарвин теориясы биология ғылымында нағыз төңкеріс жасады. Дегенмен Ч.Дарвинпің теориясы қазіргі кездегі жаратылыстану гылымдарының ащқан жаңалықтарына қарама-қайшы келетіні байқалып отыр. Адамның маймылдарға қарағанда көптеген ерекшеліктері бар екені айқындала түсуде.

Адамның алғаш пайда болуы 4-дәуірдің әуелгі кезеңі, кейде 3-дәуірлердің арасы, яғни бұдан. 2,5-3 миллион жыл бұрын деп болжам айтылады. Ал кейбір ғалымдар 5 миллион жыл бұрын адамзат баласы пайда болған деп топшылайды. Адам тәріздес маймылдардың ішінде адамға көбірек ұқсайтындары -Африкадағы шимпанзе мен горилла. Бұл екеуінің маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдану түрі, окпесінің үлестерге бөлінуі адамдыкінен айнымайды. Алайда мүның бөрі қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан да қазірғі маймылдардың бірде-бірі адам тегіне жатпайды.

Адам өз алдына "гоминид" (латын сезі ' һоте — адам) тұқымдасы деп аталады. Гоминид тегіне дриопитек пен австралопитек жатады. Олардың сүйектері Азия мен Африканың көптеген аймақтарынан зерттеуші ғалымдар (антропологтар) тауып алған. Бұлардан кейінірек тіршілік еткен көне замандағы адамдардың қатарына питекантроп (Ява аралында, Индонезия), синанитроп (қытайлық адам, қытайда), атланитрои (Африкада), Гендильберг адамы (Германияда) табылған. Олардың ми құрылысы өте қарқынды дамыған. Мұндай өзгерістер адамдардың барлық ағзаларында болған. Оған Европаның, Африканың, Азияның жерлерін мекендеген неандерталдардың көптеғен сүйектері дәлел бола алады. Бірнешс мындаған жыл өткеннен кейін бұлардан кейін кроманьондар өмір сүргені байқалады. Бұл биология ғылымында һоте sарiепis (саналы адам) немесе адамның жаңа түрі деп аталады. Бұлардың жасаған еңбек құралдары өте күрделі болған. Осы кезден бастап нәсілдік белгілер орын ала бастаған. Адамдар әр түрлі материктерге тарап тірщілік ете бастаған. Адамдар өзі тіршілік еткен жерлердің ыстық-суығына, шөлге т.б. тұрмыс жағдайларына бейімделіне

35

түсті. Осыған орай әр түрлі әдет-ғүрып, дәстүрлер дамыды. Соның нәтижесінде адамның сыртқы бейнесі өзгеріп, әр жерде түрлі нәсілдср пайда больш, олар қалыптаса түсті. Биосферадағы адамдардың барлығы биология ғылымдарының анықтауына карағанда бір түрге жатады да бірнеше нәсілге (негізінен үш немесе бес) бөлінеді. Олар: европеидтер, монголоидтар, экваторлықтар. Нәсілдер бір-бірінен сыртқы белгілері: — терісінін, түсі, шашы, көзі, бет-бейнесі, бойы, бас құрылысы т.б. арқылы ажыратылады.



Адам-ата-ислам дінінің аңызы бойынша, Алла-Тағала жаратқан ең алғашқы адам, адамзат баласының атасы. Адам-ата жалғызсырамасын деп Алла Тағала кейін Хауа ананы жаратқан деп топшылайды. Екеуі жүмақта тіршілік еткен - Алла Тағаланың айтқанын орындамай күнәкар боп, олар жүмақтан қуылған. Содан былай еңбекпен тіршілік етуге тиіс болған. Адам-ата туралы аңыз Қасиетті құранға буда, христиан діні мифологисы арқылы кірген. Биология ғылымдары бұл аңыздардың ешбір ғылыми неғізі жоқ екенін ежелден дәлелдеген болатыи. Адамның алғашқы шыққан жері ғылымда әлі нақты анықталмаған.

36

II ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

Егер физикалық жаттығулармен

шұғылданатын болсақ, онда

дәрі-дәрмек ішудің ешбір қажеті жоқ

Авиценна


2.1. Физикалық белсенділік

Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзінің денесін сауықтыру үшін жәнс ғұмырын ұзарту үшін, көптеген тәсілдерді пайдаланды. Денені шынықтыру үшін, өте күшті бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын элексирді де ішті, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түсті. Новокаиндш да денесіне ине (шприц) арқылы жіберді, жануарлардың жыныс мүшелерін қоздыратын бездерді де денелеріне тарытты, дененің сыртында (теріде) пайда болатын электр зарядтарын кетіру үшін суға түсіп шомылған, магниттік даланы да пайдаланған. Мұның бәрін қазіргі заманның адамдары да пайдаланып келсді. Бірақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткені байқалмады. Адамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бір ғана фактор бар. Ол белсенді түрде жүргізілген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрі-дәрмектсрді салыстыруға болмайды. Дәрі-дәрмектерді ішудін, қажеті болмай қалады. Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғұмыры ұзара түсетіні ғылыми тұрғыдан да -және практика жүзіндс де дәлелденді.

Дене жаттығуларының есерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Еғер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейе түседі. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюын ыңғайлайды, Сондай-ақ, бұлшык еттерждің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерінен өзгереді. Бұлшық еттердің созылуы арта түседі. Тонусы күшейеді. Қан айналымы және бұлшық еттердің микро-және макро элементтермен қоректенуі күшейе түседі. Денсаулық күшейіп, ғұмыр сүру артады. Мұның бәрі өмір тәжірибелерінен алынған қағида.

Дсне жаттығуларымсн айналысқан шақта, көптеген қан жүретін түтікшелер (капиллярлар) кеңейіп, қан жақсы айналым жасайды. Каппиллярдың саны мен сапасы артады. Өйілсені



37

жаңадан капиллярлар тузіледі. Әсіресе мидың қан жүретін капиллярлі кеңейіп, қан айналымы күшейеді. Адамның миы өте қарқынды түрде ой қызметін атқарады. Бас ауырмайды. Ұлы физиолог И.М.Сеченов ми дамуы үрдісінде бұлшық ет қозғалысының маңызды екенін талай рет көрсеткен болатын.

Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі. Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе, соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарады. Денешынықтырумен, спортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын, қолқа тамырға (аортаға) 60-мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен (қарынның басынан) лықсып шығаратын болса, белсенді қимыл жасап жаттыққан адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150 мл (миллилитр) қанды ығыстырып денеге таратып тұрады. Физкультура жаттығуларымен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде небәрі жүрек 50-60 рет қана жиырылады. Ал үнемі жаттығулармен шұғылданатын спортшыларда пульс 30-40-тан аспайды. Қорыта айтқанда, физкультурамен шұғылданып жаттыққан адамдардың жүрегі әр систола деп аталатын құбылыста медициналық термин қанды денеге көп таратып тұрады. Жаттыққан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды. Денсаулығы жақсарып, ғұмыры ұзара түседі. Ол өмір қағидасы.

Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады. Қабырға араларында еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді. Денедегі шеміршектердің икемділігін арттырады. Дем алудың минуттік көлемі қалыпты жағдайда 8-10 литр мөлшерінде, ал тәулігінде адам өкпесі 12-15 мың литр оттекті қабылдайды. Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160 литр ауа жұтады.

Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатыны сөзсіз. Зәр шығару үрдісі көбейе түседі. Қан айналымы, зат алмасу күшейеді. Денсаулық артады, ғұмыр ұзаратыны сөзсіз.

Дене жаттығулары жамбас қуысына қанның іркіліп қалмауын үдетеді, геморроймен ауыратын адамдар мүлдем жазылып кетеді.

Қандай да болмасын, дене жүкгемесі - склероздық өзгерістерді болдырмайды. Дене жаттығулары адамдардың психикасына да үлкен өсерін тигізетіні өмір тәжірибесінен белгілі. Адамның психикасы жақсарғаннан кейін, оның жүйке жүйссінің күш-жігері артады. Ішкі сілкініс (эндокринная железа)

38

бездерінің жақсы жүмыс істеуіне мүмкіншілік тудырады. Адам ағзасына жағымды эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді. Дене шынықтырумем айналысуды бастайтындар үшін, көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтыру жүріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг, жүзу, туризм, ерік гимнастика және тыныс алу жаттығулары.



2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер

Жүктеме ағзаның табиғи мүмкіндіктеріне сайхма-сай дәл келуі керек. Әр мезгілде өз мүмкіндік шамаңнан аспау керек. Қашан да болмасын өзіңнен жас немесе күшті балалармен бір топта жаттығудың қажеті жоқ. Бастапқы уақытта жалғыз өзің айна-лысқаның дұрыс. Көмекші, ақылшы достардың саған қажеті жоқ. Олар өздерін білгіш санап көңіл-күйіңізді бұзады. Ондай балалар өте көп. Адамдар бір-біріне ұқсамайтын биоәлеуметтік тұлға. Сон-дықтан да екі адамға жалпы биологиялық тепе-теңдік адекватты жүктеме өлшемін табу өте қиын. Бұл валеологиялық ерекшелік.

Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тек қуаныш — бақыт сыйлау керек. Жаттығу ұзақтығы, немесе жасамау адамдар-дың көңіл-күйіне,айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына байланысты болады. Денс шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн. Тұрақты түрдс дене жаттығулармен балалардың ағзасьша ол дағды түрде қалыптасып, әрі қарай дами түседі.

Валеологиялық жүктеме қашанда әр адамға (оқушыға) нақтылы жағдайларда мейлінше ыңғайлы (оптималды немесе максималды) болғанын есте сақтаған дұрыс. Опитимум немесе максимум — олар ең үлкен нәтижелі валеологиялық жүктеменің белгілі өлшемдері. Нәтиже валеологиялық жаттығу өлшемдеріне тікелей байланысты деп атау орынды емес. Қалыпты тіршілік етуде денсаулықты сақтау белсенді ұзақ өмір сүру үшін аптасына 2000 килокалория (ккал) энергия қуатын жүйелі түрде пайдалану керек дсйді медикгер. 1 сағат баяу дене шынықтыру үшін жаттығу жасағанда 600 ккал энергия жүмсайтынын ескерсек, оңца аптасына 3 сағат жаттығу немесе 3 жаттығу — бір сағаттан айналады. Валеологиялық жүктеме әсіресе жаттығатын алғашқы мезгілінде қажымауы және еңбекке қабілеттілігі төмендеуі

39

болмауы керек. Валеологиялық жаттығу керек, бірақ аса жалықпай, қажып талмау керек. Шамадан артық зорлану денсаулыққа кері әсерін тигізеді.



Денені шынықтыру (валеологиялық тұрғыдан алғанда) жылдың қай мезгіліндс болсын, ауа-райы қандай да болмасын үздіксіз жүргізген өте үлкен валеологиялық нәтиже береді (Х.Қ.Сатпаева және т.б.)

2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері

Валеологиялық жаттығуларды жүргізу үшін ең алдымен дәрігерлердің тексерулерінен өту керек. Албаты қалай болса, солай өзім білем деушілікке салынып валеологиялық жаттығуларды жүргізбеу керек, кім білсін, валеологиялық жаттығулар балалар ағзасына не әкелетінін. Әдетте, валеологиялық жаттығулар жүрек қызметіне қарай, оның соғу, және жиырылу мүмкіншіліктеріне қарай жүргізілу керск екендігін валеолог-медик

(X. Қ. Сатпаева және т.б.) ұйғарады.

Валеологиялық жүктемесін жүзеге асыру шағында жүрек жиырылады 120-140 болса, ол жүмыс түгелінен аэробты

(оттекпен тыныс алу) болғаны яғни оттекке қажеттілік деген сезім толығымен қамтамасыз етіледі. Балалар денсаулығы үшін оттек өте қажет фактордың қазіргі экологиялық жағдайлардың бұзылуы кезінде экологиялық таза оттекті табу оңай шаруа емес екендігі байқалып отыр. Әуеде оттектің қоры жыл өткен сайын азая түсіп, оның орнына кеміртек көбейе түсуде. Өйткені жер шары бойынша автомобильдер көбейе түсуде. Қазіргі кезде жер шары бойынша 200-300 миллион автомашиналар бар. Басқаны қойып біздің оңтүстік астанамыз Алматыны алайық, қаншама автомобильдер бар. Олар жанармай (бензинді) пайдаланғанда қанша көмір қышқыл газын (СО2) әуеге бөліп шығарады десеңізші, сондай-ақ зауыт, фабрикалар және басқадай өндіріс орындары биогенді заттарды (таскөмір, мұнай, газ, жанатын шымтезек, сланец) отқа жаққанда қаншама көмірқышқыл газы ауаға келіп қосылып отыратынын есептеп шығу мүмкін емес.

Валеологиялық жаттығу кезінде жүрек жиырылысы бір минутте 140-170-ке дейін соқса (Х.Қ.Сатпаева және т.б.) онда бұл аралас аэробты (оттекті) жәнс анаэробты (оттексіз) режим болғаны. Ол дайындығы жақсы, дені сау балаларға, спортпен



40

шұғылдаматындарға, тіпті ересек адамдарға жасы 60-70-ке келгендерге қолданылатынын Х.Қ.Сатпаева және т.б. айтады. Кім білісін жұмыс дұрыс па, бұрыс па екеніи, өйткені олар да арнаулы түрде валеологиялық эксперимент жүргізбеген дәрігерлерге ұқсайды. Педагогикалық тұрғыдан валеологиялық жаттығудардың нәтижесін төмен, орта және жоғары деңгейлерін көрсетпейді.

Валеологиялық жаттығу уақытында жүрек жиырылысының жиілігі бір минутта 170-іен аспауы керек деп Х.Қ.Сатпаева және т.б. дөрігерлер үйғарады. Ал жүрек жиырылуы 170-тен асып кетсе, онда ағза анаэробты жағдайда болғаны. Ағза оттекке өте мұқтаж болады. Дер кезінде оттек берілмесе, ағза бірнеше өзгерістерге

ұшырайды.

Валеологиялық жатгығуларды бірден бастап кетпей, біртіндеп өткізу керек. Бұл кезде мұғалім өзі балаларға үлкен көмекші ретінде саналады. Ол дәрігерлерге белсенділік көрсетеді. Өйткені барлық мұғалімдер мектеп гигиенасынан жоғары оқу орынынан дәріс алады.Медицинадан аз да болса хабары болады. Өйткені оқушылар арасында жүріп, оқушыларға бірінші жедел медициналық көмек көрсетуге олардың педагог ретінде құқығы бар. Жүрегі жиырылуы жиілігінің өсуіне сөйкес месталалық қан көлемі артады, ол өзінің ең үлкен өлшеміне пульс 130-болғанда жетеді деп жазады Х.Қ.Сатпаева жөне т.б. авторлар өздерінің "Валеология" атты еңбегінде, Алматы, 1999.

Дайындығы төтенше дамыған денсаулығы күшті, дәрігерлердің бақылауында болған спортшылардағы қан айналымының дұрыс өтуіне байланысты. Бұдан шығатын жағдай мен қорытынды жаңа валеологиялық жаттығуларының басталуы 1-ші режимдс өтуі керек, яғни жүрек соғысы 120-140 шамасында болуы қажет.

Валеологиялық дене шынықтыруды бастаушы — оқушы ең алдымен өз ағзасының валеологиялық жаттығу деңгейін білуі керек. Осыдан шығатын қорытынды "өзінді өзің тани аласың ба?" деген қағида бар. Адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер әр қашанда өзін-өзі тани білмейді. Өйткені ол өте қиын психологиялық үрдіс. Валеолог-дәрігерлердің (Х.Қ.Сатпаева және т.б. басқа дәрігерлердің) жүргізген зерттеулерінің қорытындыларына қарағанда, дене жүктемелері, олардың қуаты бойынша мүмкін болу шектің 50-60 % құрайтын болса, онда жүрек ағзасының қорғаныс қабілетін және гормондық әсерін демеп ұшқырлайды. Ал валеологиялық жүктсме 60-85 %-тік жағдайда болса, онда бұл функцияның төмен түсуіне әкеп соқтырады. Демек, белсенді валеологиялық қозғалыс режимінің негізін

41

өлшенілген мөлшерде валеологиялық дене шынықтыру жаттығу-ларын жүргізе беруге байланысты айқындала түседі. Оқушылардың өзін-өзі бағалау әдістерінде пайдалануға болады. Егер оқушы табиғи қалып жағдайыңыз бойынша төмен болса, онда валеологиялық жаттығуларды 30-40 минуттан артық жасатпау керек. Жүрек қызметінің соғуы 140 аспауы керек. Валеологиялық жаттығуларды оқушылардың психологиялық жағдайына жене физиологиялық мүмкіншідіктерінс қарай жүргізіп отыру керек. Аіітасына 2-3, немссе 3-4 рет валеологкялық жаттығуларды жасау керек.



2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері

Өз ағзаңыздың валеологиялық жаттығу қалпы өзін бағалауға мүмкіндік беретін көптеген алуан түрлі әдістер бар. Сондай-ақ, неше түрлі сауалдарда үнемі туындап отырады. Оларға дұрыс-жауап беру үшін көп оқу керек. Оқу искусствоның бір түрі. Және өте ауыр түрі. Оқушыларды тез шаршатып, қажытып және жалықтырып жібереді. Қандайда болмасын оқушылардың жүрегін дәрігерлер бақылауға алады. Негізгі қозғалтқыш — мәшине. Жүректің соғуын байқап, жиырылу үрдісін анықтайды. Валеологиялық жаттығу өткізуден бұрын, 10 секунд өткеннен кейін жүрек соғуымен жиырылуын анықтайды. Дәрігерлер екі тәсілді пайдаланады. 1) жүрек қызметін бағалайтын орта сипатикалық сынамалық; 2) ағзаның валеологиялық жаттығу деңгейінің қалпын анықтау.

1. Жүрек қызметін анықтайтын орта сипатикалық тәсіл — шалқаңнан жәй дем алып, 5 минут жату, соған кейін осы қалыпта бір минут ішіндегі жүрек соғысын анықтау, тез тұрғаннан кейінгі жүрек соғасында байқау керек. Екеуінің арасындағы айырмашылықты ортаситатикалық көрсеткіш — деп медиктер есептейді. Олар біледі. Бұған ешқандай ескерту айтуға болмайды. Валеологиялық жүктемеге дейінгі, одан кейінгі артериялық қан қысымын анықтау — мұның қарапайым тәсілдері өз дене жағдайын дәл ғылыми тұрғыдан анықтайтын жетіддірілген әдістері бар екенін айтпай кетуге болмайды. Спорт ойындарында неше түрлі күрделі қондырғылар мен аппаратуралар бар.

42

2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері

1. Жортақ жүгіріс. Бұл жүгірістің негізін қалаған Артурлияльяр деген қарапайым адам. — жаттықтырушы еді. "Өмір үшін жүріс" тәсілді ойлап тауып, оны өмірге енгізді. Осы әдісті пайдаланған адамдар өздерінің дерттерінен тез арада айыға бастады. Сондықтан да жортақ жүгіріс жер шары халықтарына кең көлемде тарап кетті. Тіпті "Өмір үшін күрес" деген кітапта Гартгиллор жазып шықты. Жортақ жүгіріс ХХ-ғасырдың аяғындағы ғажайып құбылыстардың бірі еді1.

Жортак жүгірістің үш тәсілі бар.

1) Жасыл өсімдік өскен тегіс жолмен 15-20 минут

шамасында жәй жүгіру керек. 1 минут ішіндегі пульс 120 соғуы

тиіс. Одан көп болмауы керек. Бір қалыпты сөйлесуге мүмкіндік беретін жүгіріс. Валеологиялық жаттығу жасаушылардың негізгі - түрі деп есептелінеді.

2) Жасыл өсімдік өскен жолмен 60-90 минут жүгіру 1 минут ішіндегі жүрек соғысы 132-144 аспауы керек. Бұл жүгірістің мақсаты — ағзаның төзімділік қасиетін арттырады, ағзадағы болатын әр түрлі тонусты көтеру үшін қолданылады.

3) Белгілі бір топпен бірлесіп жүгіру мерзімі 60-100 минуттай жүрек соғуы 144-156 мөлшерінде болуы керек. Бұл жүгіріс дайындығы жақсы оқушыларға пайдалануға болады.

II. Жүріспен алмастырылып тұратын жүгіріс. Валеологиялық

жаттығудың бұл түрі жаңадан валеологиялық жаттығуларды бастайтын оқушыларға бағытталынған, оларға ұсынылады. Бұл

тәсіл алғаш рет Москва қаласындағы Лужникидегі орталық стадиондағы сауықтыру топтарының қызметкерлері 1988 жылы 5-ұсынған болатын. Мұның негізгі мақсаты — межелі кездерде жүріс пен жүгірісті ауыстырып, алмастырып отырады. 50 метр жүгірістен соң, 150 мстр жер жүру керек, содан кейін тағы да 100 метр жер жүгіру керек, содан кейін тағы да 100 метр жүру керек. Сөйтіп бірталай уақыт жүгіру және жүру керек. Ағза әбден үйренгенге дейін бұл тәсілді қолдана берген жөн. Нәтижесі жаман болып шықпайтынын өмірдің өзі керсетіп келеді.

1 Валеология — Х.Қ.Сәптаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева, Х.Х.Хасенова, Г.А.Беспалова Н.С.Байжанова, СБ.Әсембеков, Г.Л.Жетпіс- баева, А.С.Қозыбаева, Алматы, 1999.

43

III. — Шейпинг (түрлі валеологиялық жаттығулар қимылдарын біріктіретін тәсіл). Бұл әдіс тек оттегі мол жерлерде — далада (аэробты) жағдайларда өткізіледі. Ауыр заттарды көтеру, созу-тарту, ритмикалық түрде билеу, Шейпинг жүйесі мен қимылдың неше түрлі қиын түрлерін жасауға болады. Өте үлкен денсаулық береді. Жүрек тамырлары қарқынды жұмыс істейді. Бұлшық ет топтары жетіле түседі. Ағзалардағы кездесетін кемістікті тез арада түзеуге мүмкіншілік береді. Шейпинг жүйесі валеологиялық денсаулықты арттырудың таңдалган тұтас жүйесі.

Шейпинг жүйесі арнаулы жаттығу орындарында жүргізіледі. Егер оған баруға уақытыңыз болмаса, үй жағдайында жүргізуге болады. Ол үшін айнаның алдына кішкене төсеніш төсеп, ырғақты музыканы қойып, билеп жаттыға беруіңізге болады. Гантельмен де жаттығуға болады. Жүктеме салмағын бірте-бірте өсіре беруге болады.



ІҮ. Степ-аэробика (ағылшын сөзі Stер — қадам деген мағына береді.). Бұл арнайы сатылы басқыш арқылы өткізілетін спорт-тық тәсіл. Би сабағын қүру идеясына негіздслген. Басқышты сатып алуға, немесе қолдан шеберлерге жасатуға болады. Бір жаттығу 30 минут шамасында өткізіледі. Қимылдары қарапйым болғандықтан кез келген адам жасай береді. Дайындық деңгейін қажет етпейді. Степ-аэробика қимыл сипатын керемет дамытады. Денені тез тазалайды. Стсп-аэробиканы игергеннен кейін жаттығу тиімділігі орасан зор болады.

Ү. Стрельникованың методикасы бойынша тыныс алу гимнастикасы. Бронхитпен ауыратын балаларға арналған валеоло-гиялық тәсіл.

Барлық патологиялық белгілерден құтылу үшін күніне 2 немесе 3 рет таңертең, түсте және кешке төрт апталық үдемелі валеологиялық жаттығулармен айналысса болғаны. Мысал ретінде сол жаттығулардың біріне тоқталайық.

1-жаттығу. 16-20 рет мұрынмен дем алу, 16-20 рет ауызбен дем алу. Сонымен 32-40 рет дем алу қозғалысы жасалады. Бұдан кейін 3-5 секундтай дем алмау керек. Бұл валеологиялық жаттығуды "насос" деп атайды. Бұл туралы ("физкультура және спорт" журналы, 1996 ж., № 12) толық жазылған. Оқимын деушілерге осы аталған журналдан қарауға жол сілтейміз.

II. Қайталанатын (циклдік) өз еркімен жасалатын гимнастика.

Қаңқа бұлшық еттсрі, адам ағзасының 40 %-ін құрайды. Бұлшық еттсрдің кернеуі (жиырылуы) мен босаңсуы алмасқан

44

кезде, олар жүректің мейірімді көмекшісі ретінде қан жүргізетін насос ретінде іске асады.

Ерікті гимнастика жатып, немесе отырып, тіпті тік тұрып та үйде, жұмыста, мектепте, кез келген транспортта (көлікте) де жасай беруге болады. Осы кездегі оқушы жастар тәулігіне 2 сағат телевизор алдында уақытын өткізеді. Ол кейбіреулер үшін эпидемия ауруы сияқты бағыт алған. Компьютерде ойнамаса меңіреу болып жүретін оқушыларды да байқаймыз. Компьютерге айналып сабақ оқымайтын болды. Ол дағдыға айналып кетті. Оқушылардың тыныс алуы терең бір қалыпта болуы керек. Кезекпе-кезек 3 секунд аралықпен мойын бұлшықеттерін төмен де жоғары кернеңіз. Ең тиімді жері бұлшық еттер кернеуі мен босаңсу алмасқан кезде бөлінеді. Цикл санын бұлшық еттердің әр тобына шаққанда 5-тен 10-ға дейін келеді. Сондай-ақ, бірыңғай сақиналы (сфинктер) бұлшық еттер гимнастикасы да валеологияда маңызды роль атқарады. Бұл тік ішек, қуық, жыныс органдарының сфинктері. Тік ішекті ішке тарта және төменге түсіре жүріп, қуық-түбі ("простата") безіндегі қанның жиналуын, қабыну үрдісінің алдын алуға болатын валеологиялық тәсіл. Геморрой профилактикасын еткізуге болады. Ішекке тереңірек тік ішекті тартқан сайын қуықпен жыныс мүшелерінің де жұмыс сфинктері жазылып босайды.

Бас, бет және мойын бұлшық еттерінің ерікін гимнастикасы бетке әжім түсірмейді. Көз еттерін кернеу және босаңсыту, көзді жан-жаққа қарай аландатып қозғалту, көздің көру қасиеттерін арттырады. Мұрын бұлшық еттсрін валеологиялық тәсілдерді қолданып жаттықтыру, оның қуыс жолдарын босатады. Иіс сезгіштігі (сенхорлығы) жақсы жетіледі. Тыныс алуға және қан айналымын жақсартады. Қорылдап ұйықтаудан ажырататын арнаулы түрде алынған валеологиялық жаттығулар бар. Ол туралы ("физкультура және сиорт" журналының № 12, 1996) кең көлемде жазылған. Оқимын, танысамын деген оқушыларға осы журналды оқу керек деген кепілдеме бергіміз келеді.

2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар

Белсенді қимыл жасаған кезде оқушылардың дене салмағы, диастолалық-артериялық шоғырлану деңгейі төмендейді, липопротеидтердің тығыздық көрсеткіші жоғарылайды.

Ал белсенді қимыл жасамаған адамдарда (оқушыларда) гиподинамия құбылысы пайда болады. (3-4 суреттер)

45

Гиподинамия — ағзаның аса бір ғажап көрінісі. Қимыл жасаудан бастартқан оқушылар арасынан көп кездеседі. Ағзалың қалыпты жағдайда болмауы ол адамды неше түрлі күрдслі ауруларға әкеп соғады. (3-4 сурет) гиподинамияның пайда болуының бірнеше себептсрі бар. Ғылыми-техниканың өсуі, неше турлі транспорттардың көбеюі, ой қызметінің артуы, көп қабатты үйлерде лифтімен көтерілу, жаяу жүрмеу, кешке дейін қозғалмастан компьютер ойындарын ойнау, осының бәрі гиподинамия құбылысьш тудырады.



2.7. Гиподинамия

Физкультурамен айналысып жүрген адам оны тастап

кетсе, ол өте азып-тозып кетеді, бойындаеы күш-қуаты

азайып; жүруге шамасы келмей қалады, қимылсыз нәрседен

басқа адамды еш нәрсе соншалықты азып тоздырмайды.

Аристотелъ

Гиподинамия көріністері

(аз қимыл жасағандардың салауатты өмір сүру салты)

Зат алмасуының

бұзылуы





Г-

И-

П-



0-

Д-

И-



Н-

А-

М-



И-

Я





Жүрек ауруы ишемикалық ауру

Тас байлану ауруы

Инсульт













Бүйрек ауруы







Мөлшерден тыс семіріп кету







Асқазан-ішек аурулары







Созылмалы дерттер

3-сурет

46

2-таблица. Денсаулық және белсенді қимыл көрсеткіштері



(профессор Ж.Жатқанбаев жасаган, 2001)



4-сурет. (Жалғасы келесі бетте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет