Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. Қатар


Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау



бет6/6
Дата19.10.2023
өлшемі320,71 Kb.
#186630
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Саптық д-қ №1-2
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Тактика 800100-3-такырып, Т және ИЖӘ, 6-2-готово, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1
Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау

116. Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.


Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.
Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.


Әскери сәлемдесуді саптағы орнында
және қозғалыста орындау (бөлімшеде)
97. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 10-15 адымға жақындағанда, бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ТҰР, назар ОҢҒА (СОЛҒА, ОРТАҒА)» командасын береді.
Бөлімшенің әскери қызметшілері саптық қалыпты қабылдайды, бір уақытта басын оңға (солға) бұрады және бастықты, оның соңынан басын бұра отырып, көз қиығымен шығарып салады.
Бастық саптың тыл жағынан келген кезде бөлімше командирі бөлімшені артқа бұрады, ал одан кейін әскери сәлемдесуді орындау үшін команда береді.
98. Бөлімше командирі әскери сәлемдесуді орындау үшін команда беріп (егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, қолын бас киіміне апарады; егер ол «иыққа», «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен болса, қаруы жоқ қолымен қозғалысты жалғастыра отырып, осы Жарғының 74-тармағында көрсетілгендей іс-қимыл жасайды), бастыққа саптық адыммен келеді; оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
Мысалы: «Лейтенант мырза. Екінші бөлімше сабақ кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Бөлімше командирі сержант Әлімов».
Сәлем берілетін бастық әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілгеннен кейін қолын бас киіміне апарады.
Бөлімше командирі баяндап болғаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым артта және саптың сыртқы жағынан жүреді.
Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «Еркін тұр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
99. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бастыққа дейін 10-15 адым қалғанда бөлімше командирі «Бөлімше, ТІК ЖҮР, назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасын береді. «ТІК ЖҮР» командасы бойынша барлық әскери қызметші саптық адымға көшеді, ал «Назар оң-ҒА (сол-ҒА)» командасы бойынша бір уақытта бастық жаққа басын бұрады және қолдарымен немесе қару ұстамаған қолымен қозғалыс жасауды тоқтатады. «Иыққа» күйіндегі карабинмен қозғалыста қару ұстамаған қолмен қозғалыс жасау тоқтатылмайды. Бөлімше командирі, егер ол қарусыз болса немесе «арқаға» күйіндегі қарумен болса, басын бұра отырып қолын бас киіміне апарады.
Бастықтың жанынан өткеннен кейін немесе «Еркін жүр» командасы бойынша бөлімше командирі «ЕРКІН ЖҮР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
100. Бастық сәлемдескенде немесе алғыс жариялаған кезде әскери қызметшілер көтеріңкі, анық, үйлесімді жауап береді. Қозғалыста барлық әскери қызметші сол аяқтарын жерге қоя отырып, кейінгі сөздерді әрбір адыммен айтып жауап беруді бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет