Мақсаты: қандағы қант деңгейін төмендету.
Әзірле: тонометр, фонендоскоп, стерильді:бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, этил спирті 70%, резеңке бұрау, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар: натрий хлордың 0,9 % ерітіндісі, инсулин.
Іс- әрекет алгоритмі :
Науқастың басын қырына қаратып ыңғайлы жатқызу.
Инсулинді дене салмағына 0,1 – 0,2 ӘБ к/т немесе тері астына енгізу.
Натрий хлор 0,9 % - 400 мл к/т тамшылатып егу( тез регидратация кезінде бас миы ісінуі байқалуы мүмкін).
Артериялық қан қысымы мен пульсін бақылау.
Шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жатқызу.
6. Науқасты зембілмен жатқызып тасымалдау қажет
Стандарт № 24
Кұсу кезiнде көмек көрсету.
Мақсаты: Емдiк: шұғыл көмек көрсету, құсық массаларының тыныс жолдарына түсуiнiң алдын алу.
Әзiрле: Орамал, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрiздi баллон, клеенка,алжапқыш, шпатель, қайнатылған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнер,құсық массаларына арналған ҚКЖҚ.
Iс әрекет алгоритмi:
Пациенттi есi анық кезде (отырған калыпта).
Жедел түрде дәрiгердi шақыру.
Қолынызды гигиеналық денгейде тазартып, қолғапты,бетпердені, алжапқышты киiңiз.
Пациенттi орындыққа отырғызыңыз, алдынғы жақ кеудесiн клеенкамен жабыңыз, қолына орамал берiп, аяқ жағына шылапшын қойыныз.
Егер тiс протездерi болса алып тастауын өтініңіз.
Пациент құсқан кезде алақанынызды маңдайына қойып басын ұстап тұрыңыз.
Әр бiр құсу актiсiнен кейiн аузын таза сумен шайыңыз, бетiн және аузын салфеткамен сүртiнiңiз.
Пациентке физикалық және психологиялық тыныштықты қамтамасыз етiңiз.
Дәрiгер келгенге дейiн құсық массаларын тексерiп, ыдысқа жинап қойыңыз.
Белгiciз умен уланғанда құсық массаларын таза ыдысқа жинап, ыдыстың қақпағын тығыз етiп бекiтiңiз.
Дәрiгердiң тағайындауымен ыдыстағы құсықты зертханалық зерттеуге жiберiңiз.
Қолғаптарды шешiңiз. Салфеткаларды, қолғаптарды ҚКЖҚ-қа салыңыз.
Қолдарыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |