«Полторацкое» жер асты газ қоймасы бойынша Жібек жолы елді мекеніндегі «Полторацкое» жер асты газ қоймасы стратегиялық маңызды нысан, «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистралды газ құбырлары басқармасының теңгерімінде. 1964 жылы құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген, облыстың оңтүстік өңіріндегі маусымдық тұтынуды теңестіруге қолданылады.
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиян немесе зиян еместігін анықтау мақсатында Сарыағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Сарыағаш аудандық бөлімшесінің мамандарымен Жібек жолы елді мекенінде тоқсан сайын қоршаған ортаға мониторинг жүргізіліп атмосфералық ауа сынамаларына зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша сәйкессіздік анықталмаған.
Анықтама үшін: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Экология департаменті РММ-нің 14.03.2023 жылғы №02-01/429 хатында, 24.02.2023 жылғы №10/4 атмосфералық ауа сынамаларының сынақ хаттамасына және 02.03.2023 жылғы №1 тексеру нәтижесі туралы АКТ-ге сәйкес, «Полторацкое» желілік өндірістік басқармасына тиесілі газ сақтау қоймасының аумағынан ластаушы заттардың шекті нормадан асып кету дерегі анықталмаған.
2023 жылы 26 қаңтарда Жібек жолы елді мекеніндегі «Полторацкое» жер асты газ қоймасы аумағына 16 адамнан тұратын комиссия мүшелері барып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ тарапынан сынамалар алынған. Тексеру нәтижесіне сәйкес, №40 сынақ хаттамасында жер асты газ қоймасының елді мекен тұрғындарының денсаулығына зияны жоқ деген қорытынды берілген.
Осыған байланысты, Жібек жолы ауылдық округін экологиялық апатты аймақ ретінде тану мүмкіндігі болмауда.
Елді мекен тұрғындарының табиғи газды пайдалануда 50 пайыздық жеңілдік беру бойынша, «Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылуына орай жеңілдіктер қарастырылмағандығын алға тартуда.