ұжымдық, топтық тапсырмаларды орындау арқылы бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу;
сабақта өз өнерлерін көрсету арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
сұрақ-жауап, бірігіп жұмыс істеу, көрнекілік, әңгімелеу,
Сабақтың көрнекілігі:
слайдтар, плакат, кеспелер
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Әдеп иба, кішілік
Әдеп иман,кісілік
Әдеп ұят, арлылық
Сана жайлы түсінік.
(Әдеп деген немене?) А.Естен
Отырыңыздар!
(Сыныпты түгендеу.)
Балалар, өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, сіздерді үш топқа бөліп отырмын. 1- мен 2- топ бір-бірлерімен жарысып жүлделі орынға ие болғылары келсе, үшінші топ өзіндік деңгейіне байланысты тапсырмалар орындайды.

Әр топ орындаған тапсырмаларына ұпай жинап, сабақтың соңында бағаланады.
Ал, енді, әр топқа сәттілік тілей отырып, сабағымызды басталық.
1- тапсырма. Сұрақ-жауап.
Орындаушылар : 1,2,3 топтар.
(3 топқа сұрақтар жеңілдетіп беріледі)
Әр сұраққа дұрыс берілген жауап үшін 5 ұпайдан беріледі.
1 қатесі болса, не болмаса сұраққа толық жауап бермесе, 1 ұпайға, екі қате жіберілсе 2 ұпайға төмендетіледі.