Нәтижесін бағалау: Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез (2/3 кем емес) бен түнгі диурез (1/3 көп емес) қарым-қатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (10 кем емес).
Ескерту:балаларда 12 сағат бойы жинауға болады.
Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісінің Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.
Көрсеткіші:балада қантты диабеттің анықталуы.
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:
Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.
Сүзгіш қағаз.
Горшок.
Резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.