Жедел көмек алгоритмі:
Баланы көлеңке жерге ауыстырып, шешіндіру.
Суық су ішкізу.
Басына суық компресс немесе мұз басу.
Баланы төсекке жатқызу.
Көп мөлшерде сұйықтық беру.
Дымқыл сүлгімен сүрту.
Тері астына 1-2 млкофеин немесе 0,1-0,2 мл кордиамин енгізу.
Керек жағдайда жасанды дем беру.
Ауыр жағдайда-госпитализациялау.
Жылу өту.
Жылу өту- ағзаның жалпы қызып кетуіне және жылу факторының әсерінен дамитын патологиялық жағдай. Жылу синдромының негізінде жылу бөлінуден жылу пайда болуының артық болуы жатады.
Себептері: -Ылғалдығы жоғары ыстық бөлмеде болу
-ауаны нашар өткізетін қалың киім кию.
-баланың жылу көзінің немесе пештің қасында жатуы.
Белгілері: бастың ауыруы және айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, құлақтың шулауы, лоқсу, әлсіздік, құсу. Дене температурасы 400С және одан да жоғарығ көтеріліп қалтырау , мұрыннан қан кету болуы мүмкін. Тексергенде: беті қызарған, тершеңдік артады, пульсі және дем алуы жиілейді, ауыр жағдайда-есінен тану.
Достарыңызбен бөлісу: |