Сатаева Айгерім Сатайқызы «Еркеназ» қыздар ұйымы


Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі



бет5/8
Дата11.04.2023
өлшемі482,65 Kb.
#174174
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
000440cd-a58b07ef

Өзін-өзі күтетін қыздың 10 ережесі
Өз-өзін күтетін, көркем, сәнді ару өзіне назар аудартпай қоймайды. Ал өзіңе назар аударту арқылы махаббатта да, жұмыста да, жалпы адамдармен қарым-қатынаста да үлкен жетістіктерге жетуге болады.
1. Күтілген шаш. Әдемі күтілген шаш – бұл әйел адамның әшекейі. Шашыңыздың саулығына аса назар аударыңыз және әрдайым таза болуын қадағалаңыз.
2. Жарасымды шаш үлгісі. Күнделікті күрделі шаш үлгісін жасамасаңыз да, шашыңызды түзеп немесе сәл бұйралап қойсаңыз жеткілікті.
3. Бет терісінің саулығы. Бет терісінің күтіміне жеткілікті түрде уақыт бөлсеңіз, макияж тегіс әрі мінсіз жатады. Таза сау тері – сіздің басты мақсатыңыз болуы керек.
4. Қолдар. Саусақтарыңызға әрдайым маникюр жасап жүріңіз. Қол – адамның болмысын сипаттайды, егер маникюр жоқ болса – сізді ханым деу қиын.
5. Аяқтар. Жылдың қай мезгілі болмасын депиляция мен педикюр болуы міндетті.
6. Тістер. Сау, ақ тістер әйелдердің ғана емес, кез келген адамның көркі. Тіпті аттарды да тісіне қарап таңдайды, ал сіз арусыз ғой! Қажет болса, тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің күлкіңіз қашырып емес, жарқырап тұруы керек.
7. Макияж. Тым өрескел макияж бүгінде сәнді емес, сондықтан, макияж біркелкі, табиғиға жақын болғаны абзал. Екпін не ерінде, не көзде болуы тиіс.
8. Қастар. Салдыр-салақ қас сырт көзге бірден байқалады, бет пішінінің сәнін келтіретін де – осы қастар. Сондықтан қасқа әдемі пішін жасату маңызды және ара-тұра оны түзеп отыру қажет. Егер қалың қас белгілі бір мезгілде сәнді болып саналып, ал сіздің қасыңыз табиғатынан жіңішке болса, татуаж жасатып, бет пішініңізге сурет салудың қажеті жоқ. Мұндай пішін сізге тіпті жараспауы да мүмкін. Өз келбетіңіздің сұлулығын көріп үйреніңіз.
9. Жүріс. Әдемі, әсем жүріс – бұл әйел адамның қаруы. Жай ғана жүріп емес, өзіңді құнды заттай алып жүруіңіз қажет. Ебедейсіз жүріс – көптеген әйелдердің соры. Сондықтан, әсемдікке құштар болыңыз. Бүкірейіп, аяқпен тырпылдатып, жерді сүзіп жүруді доғарыңыз. Тербетіліп, әсем қозғалатын ару сырт көзге тартымды, өзіне сенімді көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет