Сақтардың мәдениеті



Дата24.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#188192
Байланысты:
Сақтардың мәдениеті
amazing facts - transcript 1

Сақтардың мәдениеті

Сақтар туралы жалпы мәлімет

Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

Сақтардың қоныстанған жерлері

  • Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Сақ мәдениеті

  • Сақ мәдениеті - ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Сақтардың (скиф) массагет тайпалары

  • Массагеттер (сақтар) күнге табынған, сондықтан оларда күнге арнайы құрбандыққа жылқы шалу дәстүрі ғұрпы. Массагеттер туралы тарихи деректер парсылықтардың тасқа түсірген сына жазуларында кездеседі. Геродот, Ксенфонт массагеттерді қас жауынгер ретінде сипаттайды. Олар малшаруашылығымен қатар аң аулаумен айналысқан. Массагеттер бір әйелге ғана үйленген, егер олардың басқа әйелге көңілі түссе сол үйдің төбесіне найзасын қадап кететін салты болған. Массагеттерде иссендондықтар сияқты қайтыс болған адамның етін жеу ғұрпы болған. Олар аурудан қайтыс болған адамды ғана жерлейтін.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет