Сатылай кешенді талдау технологиясы мен оқытудың тиімділігі “Сатылай кешенді талдау” технологиясымен жұмыс жүргізу төмендегідей он түрлі проблеманы шешуге мүмкіндік береді:
1.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты жаңаша құруға, олардың бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал етеді.
2.“Сатылай кешенді талдау” технологиясын енгізу арқылы барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызылады, әр баланың даму жолында жұмыс жүргізіледі.
3.“Сатылай кешенді талдау” технологиясы басқа технологиялармен жақсы үйлесім табады.
4.Жоғары қиындықта оқыту – “Сатылай кешенді талдау” технологиясының басты қағидаларының бірі. Соған байланысты бұл технология мемлекеттік білім стандартының толық меңгерілуіне кепілдік береді.
5.Оқыту тиімділігін арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясынының мүмкіндігі мол, өйткені бұл технологияның әдістері, тәсілдері, құралдары, оқыту ұйымдастыру формалары өте тиімді.
6. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – баланың білімді өз бетімен ізденуі арқылы меңгеруіне қолайлы жағдай туғызады.
7. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, танымдық қабілетін, логикалық ойлауын арттыруда “Сатылай кешенді талдау” технологиясының рөлі зор.
8.Баланың талап-тілегін, сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда, көптілділік, “Тілдердің үштұғырлылығы” проблемаларын шешуде “Сатылай кешенді талдау” технологиясының мүмкіндіктері мол.
9. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы – мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы. Осы технологияны қолдану, іс-тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім шығармашылық ізденіске қол жеткізеді.
10. “Сатылай кешенді талдау” технологиясы баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етеді. Олардың арасында зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқушылар саны артады.
Әдебиеттер 1.Жәнібекова.С. Оқушылардың ойлау белсендігін дамыту.Бастауыш мектеп 2000 жыл №7,13-15 бет.
2.Н.Оразахынова. Қазақ тілін сатылай комплексті талдау. Алматы, 1997